DALA INSIDE dan repost
🛬 Қара жәшікке талас: Астанаға Баку мен Мәскеу қоңыраулары жиіледі
Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін "қара жәшік" маңайындағы ойындар басталды. Сарапшыларда ұшаққа Грозный маңындағы Наур ауданында тұрған әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны әсер етті деген күдік бар. Олай болып жатса Кавказдағы ең үлкен ел Әзірбайжан Ресеймен контактыларын барынша азайтуы мүмкін. Және Ресейге халықаралық әуе рейстері қысқаратыны анық.
Қазақстан бұл іске халықаралық сарапшыларды тартып, зерттеудің ашық болуын қалап отыр. Себебі, әлем қауымдастығы осы жағдайға көз тігуде. Бүгін Ақтауға Embraer өндірушісі мен Бразиялияның CENIPA орталығының мамандары ұшып келді. Және бұл іске негізгі халықаралық орган - ИКАО тартылуы тиіс.
Енді ұшақ апатына қатысты түрлі спекуляциялар басталатын болады. DALA INSIDE мәселені жіті бақылап отырмақ👇
https://t.me/dalainside

"Қара жәшік осы сұрақтарға жауап бере алады. Әзірбайжан тарапы расшифровканың барлық кезеңдеріне қатысып, тергеудің барынша шынайы өтуіне мүдделі. Олар ұшаққа соққының қайдан келгенін анықтағысы келеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстан бұл іске халықаралық сарапшыларды тартып, зерттеудің ашық болуын қалап отыр. Себебі, әлем қауымдастығы осы жағдайға көз тігуде. Бүгін Ақтауға Embraer өндірушісі мен Бразиялияның CENIPA орталығының мамандары ұшып келді. Және бұл іске негізгі халықаралық орган - ИКАО тартылуы тиіс.
"Қазақстанға барынша халықаралық сарапшыларды тартып, өзі нейтралды позицияда қалу тиімді. Кремльдің саяси ойындарына араласып кетпеу керек. Астана оны жақсы түсінеді", - дейді, дереккөз.