«Қандай жігітке тием?» деп жүрген қыздарға әдебиеттен алынған «краш» жігіттер тізімі
Бекежанды таңда. Нағыз сөзіне берік азамат. Төлеген сияқты «қазір келем» деп ғайып болып кететін жігіттерге жолама.
Қодарға тұрмысқа шық. Сен үшін бәріне дайын. Дәл Қодар сияқты жауапсыз махаббат үшін есігіңде Қозы 10 жыл құл болып жүре алмайды.
Еңлік сияқты рулас жігітіңе ғашық боп, босқа зарлап қалма. Қазақылықтан аттап кете алмайсың. Кебектің де өмірін қор қылма.
Таз болса да Жұманға тие салшы. Ғайниде сезімнен басқа ештеңе жоқ қой. Алқынып сүймесең де асынып алтын тағып, бейғам күн кешесің.
Ләйлі сияқты тұрмысқа шығып алып, Мәжнүнді күтпе. Есің дұрыс па? Қосағыңмен қоса ағар. Мәжнүн ашуына ерік бермегенде сені қалай да алар еді.
Тоғжан секілді Абайға сеніп қалма. Жақсы әулеттің үлкендері жақсы ұлдарына жақсы жерден қыз алып бере қойсын. Өз теңіңді күт.
@justmoldirim