«Ертең операция», — деген сөзді естіген соң ғана ұйқыдан оянғандай, көзім ашылғандай болды. Өмірден де, табиғаттан да, адамдардың жүзінен де осы күнге дейін көрмей келген ізгілікті, сұлулықты, жылылықты аңғардым. Бірақ тіріліктің бар құнын ажал алдында ғана сезініп, кеш ұғынудан үрейлі азап жоқ шығар. Осыны ойлағанда ет жүрегім езіліп, ішім бордай үгіледі. Кеш те болса соны әйтеуір бір түсінгеінмді көңіліме демеу тұтам. Әйтпегенде ше? Қара жерге кіргенше соны ұқпай, өмірден тәлім алуға да жарамай, тұғырдан тайып кетіп жатқандар аз ба?!
📖Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»
📖Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»