ҚазМұнайГаз бен CNPC стратегиялық серіктестікті нығайтуда
📍 Бейжіңде ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNPC Президенті Хоу Цицзюнмен кездесті.
🗣 Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық, мұнай өндіру тиімділігін арттыру, Шымкент МӨЗ (ПҚОП) қуатын кеңейту және мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
CNODC-мен (CNPC еншілес компаниясы) бірлескен жұмыс шеңберінде Каспий маңы ойпатының шығыс бортындағы жаңа учаскелер зерттелуде. Тиімділігі төмен және игеруі қиын мұнай-газ кен орындарында мұнай алу коэффициентін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық шешімдер қаралды. Мұнай беруді арттыруға бағытталған технологияларды сынайтын кен орындары да анықталды.
📊 Компаниялар ПҚОП қуатын 6-дан 12 млн тоннаға дейін арттыру жобасы бойынша алдағы жоспарлармен бөлісті.
✔️ Сондай-ақ отандық фермерлер үшін маңызды азот тыңайтқышын өндіруге арналған Карбамид жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесінің қорытындылары қаралды. Жобалық қуаты – жылына 1 млн тоннаға дейін, жоба құны – шамамен 1,5 млрд долл.
🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаларды табысты іске асыруға және ҚМГ мен CNPC арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға сенім білдірді.
📱 ҚазМұнайГаз