Серік Жанәбілов - Молықбай қобызшы
Ел ішінде аты аңызға айналған, бірақ репрессияға ұшырап түрмеге қамалған талант иесі Молықбай қобызшының трагедиялық өмірінен сыр шертеді. Оның тағдырында ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтің өмір-тарихымен сабақтасатын тұстар да бар. Ілияс Молықбайдың дарын құдіретін танып, қатты бағалаған жандардың бірі болған. Кезінде шындық үшін шырылдап ара түскені үшін, Паганини тәрізді дүлдүл дарын иесі Молықбай – шаш ал десе бас алатын әпербақандардың кесірінен, өмірінде еш рақат көрмей, ақыр соңында суық түрменің сыз еденінде қатып өледі. Бірақ көзі жұмылғанша оның көкірегін күй кернеп, қасіретті қара қобыздың мұңды сарыны құлағынан бір кетпейді-ақ.
Сондай-ақ жазушының «Аққулар ұйықтағанда», «Алтын жүзік», «Әке» тәрізді әңгімелері жастар өмірінің қуаныштары мен реніштері, жалпы өмірде кездесетін қым-қиғаш оқиғалар туралы баяндалады.