Жүректегі балансты сақтау иманға, адамның сеніміне байланысты. Мына өмірде ізгілік жасай алмасаң да, адамдарды жақсы көру керек. Адамды бүкіл кемшілігімен сүйіп, кешіру арқылы Құдайға жақындауға болады. Кешірім — ізгіліктің алғашқы баспалдағы. Надан, тоғышар ғана кешіре алмайды. Адамдарды жек көретін пенделерден қатты қорқамын. Олар зұлымдық жасауға қабілетті. Біреуді ұнату, жақсы көру, сүю — ол қылмыс емес. Әлемді ізгілік, мейірімділік, Құдайға деген махаббат құтқарады.
📚 Уақыттың көз жасы