🔥 ChatGPT-ге сенбеу керек 11 нәрсе (тіпті, 2026 жыл болса да)
Интернетте «жасанды интеллект бәрін істей алады» деген әңгіме көп. Бірақ ол — фактілерді білмейді, ол тек сөздерді болжайды.
CNET журналистері өз тәжірибесімен бөлісіп, ChatGPT-ге сенуге болмайтын 11 жағдайды тізген. Қызықтысы, кейде өте сенімді жауап береді — бірақ мүлде қате.
🩺 Дәрігер емес, тіпті көмекшісі де емес
Автор кеудесіндегі түйінді жазғанда, ChatGPT «қатерлі ісік болуы мүмкін» деп жауап берген. Шындығында, бұл зиянсыз липома екен. Иә, бот медициналық терминдерді түсіндіре алады. Бірақ диагноз қою — тек дипломы бар дәрігердің ісі.
🧠 Сіздің психологыңыз емес
Ол сіздің дауысыңыздың ырғағын сезбейді, көз жасыңызды көрмейді. «Эмпатия жасаймын» деп жасанды түрде жауап береді, бірақ іші бос. Нағыз психолог — этикалық кодекспен жұмыс істейді, ал ChatGPT-дің сізге ешқандай жауапкершілігі жоқ. Егер жаныңыз қатты ауырса, 103-ке қоңырау шалыңыз, чат ашпаңыз.
💰 Салық, мұра және құпия деректер
ChatGPT сіздің табысыңызды, отбасы жағдайыңызды немесе тәуекелге дайындығыңызды білмейді. Көшіріп қойған ЖСН-іңіз, банк шотыңыз — енді оның дерекқорында. Нотариус пен бухгалтерді ешқашан алмастыра алмайды. Айтпақшы, ол арқылы бәс тігуге де болмайды. Бір рет ұтып алу — сәттілік, әдетте статистиканы құрастырып айтады.
🚨 Төтенше жағдай — уақыт жоғалтпаңыз
Үйде газ детекторы шырылдаса, алдымен сыртқа шығыңыз. ChatGPT түтін иісін сезбейді, өрт сөндірушілерді шақырмайды. Бір секунд та қымбат. Оны кейін, қауіпсіз жерде сұрайсыз.
📰 Жаңалықтар таспасы емес
Соңғы жаңалықтарды әкеле алады, иә. Бірақ өздігінен жаңартып отырмайды. Сұраған сайын жаңа сұраныс керек. Тікелей эфир, Telegram-каналдар әлі де жылдам.
🎨 Суретшінің орнын баспайды
Мақала авторының өзі айтқандай: «ChatGPT-ден жасаған өнер туындысын алып, «менікі» деп жүру — ұят». Иә, тақырып табуға, идея сұрауға болады. Бірақ жасанды интеллект суретшінің қолтаңбасын, жан-дүниесін алмастыра алмайды. Бұл — тек көмекші, алмастырушы емес.
🚀Техно жұлдыз
🇰🇿 Көптеген қызықты