🤯 Достар, бізді мыңдаған хаттар мен кездесулерді жоспарлаудан құтқаратын құрал табылған сияқты! Read AI деген сервис бар еді, кездесулердің жазбасын түсіретін. Енді олар сондай дүние шығарыпты, таңқалып тұрмын: Ada есімді сандық егізіңіз, ол тікелей электрондық поштаңызда тұрады! Иә, ada@read.ai мекенжайына “Get me started” деп жазу жеткілікті.
🧞♂️ Бұл Ada – сіздің 24/7 жұмыс істейтін жеке көмекшіңіз. Біреумен кездесу уақытын келісу керек пе? Ada-ны хаттар тізбегіне қоссаңыз, ол сіздің күнтізбеңізді тексеріп, қарсы тарапқа бос уақыттарыңызды ұсынады. “10:00-де бола алмаймын, 14:00 қалай?” десе, дереу жаңа нұсқа тауып жауап береді. Кездесулеріңіздің мазмұнын ешкімге көрсетпей, тек бос уақытты ғана айтады.
🧠 TechCrunch мәліметінше, Ada тек күнтізбемен ғана емес, компанияның білім базасымен, өткен кездесулеріңізбен және интернетпен де байланыса алады. Хатта “Ada, тоқсандық жоспарымыз қалай орындалып жатыр?” деп сұрасаңыз, ол жауап тауып береді. Ал біреу сұрақ қойса, Ada жауаптың нобайын дайындап, сізге тек өңдеп жіберу қалады.
🚀 Read AI бас директоры Ada-ны жаңа қызметкерге теңейді: алдымен оны үйрету керек, күнтізбе мен басқа да қосымшаларды қосу керек, содан кейін ол сіз үшін көптеген ұсақ-түйек жұмыстарды өзі істей бастайды. Айта кетейін, қазірдің өзінде олардың ай сайын 5 миллион белсенді қолданушысы бар! Қазір Ada тек поштада жұмыс істейді, бірақ жақында Slack және Teams-те де пайда болады. Мен қазір сол хатты жазуға жүгірдім. Кім менімен бірге?
🚀Техно жұлдыз
🇰🇿 Көптеген қызықты