✈️ НЕГЕ ЕҢ ҚАУІПСІЗ КӨЛІК ТҮРІ?
Ақтаудың іргесінде құлаған әзірбайжан ұшағында ақтық демі таусылғандар мен олардың отбасысына қайғыра көңіл айтамыз. Басқа желілестерден бір бас артықшылығымыз болсын - саудыраған ұшақ, шашылған тән фотосын менен күтпеңіз. Әдебіме сай емес. Осындай әуе апатының қандайы болсын әркез назарға ілінеді, көпке дейін естен кетпейді.
Бірақ, әлі де ұшақ - ең қауіпсіз қатынас құралы. Мысалы, биыл 4,7 млрд адам ұшып-қонады деп отыр. Бұған дейін адамзат тарихында рекорд болған 2019 жылы 4,5 млрд адам ұшақ қызметін қолданған еді. Былтырдың өзінде Ресей әуе компаниялары 103 млн адам тасымалдаса, біздің ұшақтар 13 млн адамды аман жеткізген
Егер 4,7 млрд адамды дәл солай ескі Альфардтарға әлде мәшинелерге салып тасысыншы, қазанамадан көз ашпас едік.. Статистика: әуе апатына тап болу мүмкіндігі 11 миллион жағдайда бір рет қана. Әр апаттың астарында миллиондаған сәтті ұшып-қонулар бар дегенім ғой