Orken Kenzhebek Live


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Ruscha
Toifa: Bloglar


Обо мне и об остальном. Самокритика и самоирония приветствуется. Качественный бред. Теплый плед.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Ruscha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri




ҚАЗАҚ ТІЛІН ✈️ ҚОРҒАҒАН ОҒЫЗ ДОҒАНҒА НЕГЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫМ?

Қайбір жылы біздің әуе компаниясының бортында Оғыз Доған деген түрік азаматы стюардессаға қазақша сөйлемедің деп төбелес салған еді. Сонда мен осы желіде қатайып алып, Оғыздың ит терісін ]образдық сөз[ басына қаптаған едім. Неге? Қазақ тілінің құқын 11 шақырым биіктікте қорғағанына рахмет, бірақ, ұшақ төмендеуге бет алғанда алдындағы үстелшені жинамай қояды. Себебі, сырасын тауысқысы келмеген.

Ал сол сыра керек болғанда ол қай тілде сұрап алды екен? Әсіресе, ұшақ үшін ең қиыны - ұшу-қону кезінде мұндай кикілжің апатқа тікелей апаруы мүмкін еді. Мені осындай тәртіпке бағынбаушылық жынымды келтірді, оның орнында Тимур Бектұр болса да сөйтіп ашуланар едім.

Домбыра киелі болғандықтан, алдыма алып отырамын деу де соған келер. Арнайы футляр сұрайды әлде багажға тапсыр дейді, білуімше. Себебі, оның қыл шегімен қасындағы адаммен буындырып өлтіруге болады. Теория жүзінде, Құдай сақтасын, әрине. Сондықтан, осындай апат кезінде авиацияның ережелерін де қапы қылмау керегін еске салғым келген


✈️ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚАНМЕН ЖАЗЫЛҒАН…

Айтайын дегенім, авиацияның ең қауіпсіз болу себебі де - ондағы әрбір ережелер қанмен жазылған. Егер қандай да бір дүниеге тыйым болса, демек, ол еріккеннен емес, белгілі жағдайдан сабақ алған соң қабылданған. Мысалы, ұшаққа тапсыратын багажында powerbank, аккумулятор салып жіберуге болмайды. АҚШ-та бір жолы қара басып, powerbank-ымды ұмытып салып жіберіппін, тексерістен өтіп қойған жерімнен “Orken” деп шақырып алып, багаж бөліміне апарып, ораулы сөмкемді ашқызып, алдыртып тастады

100 мл-ден асатын сұйықтық, үшкір зат болмайды дей ме, демек, тексерісте “Не болды сонша-ей?” деп ерегісудің қажеті жоқ. Қытайда балама сатып алған ойыншық жыланды алып қойған. Ойыншық жыланмен салонда біреуді қорқытады деп ойлады-ау..

Сосын оларда 2-3 жасар баланың өзін жеке алып тексергенде әр қалтасын шығарып, денесін қатты басып, жаның шығарып жібере жаздайды. Бақырып жылап жатса да, тексереді. Бізде осылай істесе, ата-анасы қызметкермен төбелесіп кетер еді..


✈️ НЕГЕ ЕҢ ҚАУІПСІЗ КӨЛІК ТҮРІ?

Ақтаудың іргесінде құлаған әзірбайжан ұшағында ақтық демі таусылғандар мен олардың отбасысына қайғыра көңіл айтамыз. Басқа желілестерден бір бас артықшылығымыз болсын - саудыраған ұшақ, шашылған тән фотосын менен күтпеңіз. Әдебіме сай емес. Осындай әуе апатының қандайы болсын әркез назарға ілінеді, көпке дейін естен кетпейді.

Бірақ, әлі де ұшақ - ең қауіпсіз қатынас құралы. Мысалы, биыл 4,7 млрд адам ұшып-қонады деп отыр. Бұған дейін адамзат тарихында рекорд болған 2019 жылы 4,5 млрд адам ұшақ қызметін қолданған еді. Былтырдың өзінде Ресей әуе компаниялары 103 млн адам тасымалдаса, біздің ұшақтар 13 млн адамды аман жеткізген

Егер 4,7 млрд адамды дәл солай ескі Альфардтарға әлде мәшинелерге салып тасысыншы, қазанамадан көз ашпас едік.. Статистика: әуе апатына тап болу мүмкіндігі 11 миллион жағдайда бір рет қана. Әр апаттың астарында миллиондаған сәтті ұшып-қонулар бар дегенім ғой




😥 Сосын қазіргі Ресей, бұрынғы СССР-дің адам шығынына алаңдамайтынын білген кезде одан әрі қорқасың. Кезінде немістің сақылдаған бір пулеметіне қисық таяқ ұстаған екі адамды айдатып жатып, соғыста жеңді емес пе? Немістің оғы таусылғанша адамын фарш қып тураудан шаршамады. Путиннің «Зачем на мир, если в нем нет России?» деген сөзі естеріңізде шығар?

😥 Егер қиын қылсаңдар, атом бомбыларын жіберуден еш тайынбаймыз деп ашық айтқаны.. Кімнің жүйкесі бірінші сыр беріп, «қызыл кнопканы» басады – біздің шілдеде той жасаймыз, қазанда Камри аламыз деген жоспарымыз да жоқ қой, демек. Кімнің сценарийінде бізге қандай рөл берілгенін бір Құдай біледі. Алапат өртттің қасында әзірге аман тұрған құрғақ шөмеле шөп сияқтымыз. Ұшқын тимесін.. Ойым шашырап кетті, айып етпеңіздер. Түңілу емес бұл. Тек қауіп


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
😥 Алғашқы бейне – бірнеше сағат бұрын Мәскеудегі сауда орталығының ішінде болған терактіден. «Пикник» деген топтың концерті деп 6200 адам билет алып келген. Қазір кемінде 100 адам өліп, жүздегені ауыр жараланды деген ақпарат келіп жатыр. Екінші бейне – Кристофер Ноланның «Довод» фильміндегі алғашқы сахна. Сценарий бойынша Киев операсына террористердің шабуылдауы етін бұл. Алғашқы бейне мен осы сахна екеуінің ұқсастығы бірден басыма сақ ете қалғаны.. Өміріміз кино, киномыз өмір болып кетті ме, Құдай сақтасын(

😥 Бұл терактіден соң Ресейдің Украинамен соғысында жаңа кезең басталатыны сөзсіз. Себебі, экс-президенті Медведев апыл-ғұпыл «бұған Киев режимінің қатысы бар болса, аямаймыз, қанға-қан, жанға-жан» деп жазып үлгерді. Әрі 8 наурызда Ресейдегі АҚШ және Британия елшіліктерінің «жақында экстремистер теракті жасайды» деп мәлімдеп, өз азаматттарын сақтандырғаны бар. «Олар қайдан біле қалды, демек, қатысы бар» деп байланыстырар, кім білсін..


Apple Vision Pro дей ме, қазір адамның назарын алып тұрған ең сәнді гаджетті сынап көрдім. Кисең шешкісіз. Алдағы 5-10 жылда мына әшкилерсіз жыныстық қатынас жасау, спортпен айналысу, демалу мүмкін болмай қалады-ау) Қорқынышты әрі ынтықтырушы. Әй, Әппл-ай, қан сигізеді ғой сапасымен…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish




“Швейцарияның әдемі фотоларын салшы” дегендер көп болған соң, ескі каналыма қан жүгіртіп қояйын осылай






Швейцарияның сұлу табиғатынан 4-5 фото салған едім, біраз оқырманым Телеграмға да салсаңыз деп өтінген еді. Жарайды) Куәгер болыңыз!



15 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

1 531

obunachilar
Kanal statistikasi