ҚАЗАҚ ТІЛІН ✈️ ҚОРҒАҒАН ОҒЫЗ ДОҒАНҒА НЕГЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫМ?
Қайбір жылы біздің әуе компаниясының бортында Оғыз Доған деген түрік азаматы стюардессаға қазақша сөйлемедің деп төбелес салған еді. Сонда мен осы желіде қатайып алып, Оғыздың ит терісін ]образдық сөз[ басына қаптаған едім. Неге? Қазақ тілінің құқын 11 шақырым биіктікте қорғағанына рахмет, бірақ, ұшақ төмендеуге бет алғанда алдындағы үстелшені жинамай қояды. Себебі, сырасын тауысқысы келмеген.
Ал сол сыра керек болғанда ол қай тілде сұрап алды екен? Әсіресе, ұшақ үшін ең қиыны - ұшу-қону кезінде мұндай кикілжің апатқа тікелей апаруы мүмкін еді. Мені осындай тәртіпке бағынбаушылық жынымды келтірді, оның орнында Тимур Бектұр болса да сөйтіп ашуланар едім.
Домбыра киелі болғандықтан, алдыма алып отырамын деу де соған келер. Арнайы футляр сұрайды әлде багажға тапсыр дейді, білуімше. Себебі, оның қыл шегімен қасындағы адаммен буындырып өлтіруге болады. Теория жүзінде, Құдай сақтасын, әрине. Сондықтан, осындай апат кезінде авиацияның ережелерін де қапы қылмау керегін еске салғым келген