(Жалғасы)
Әйел баласының төсектен қаталап қалғаны қиын екен, әппақ тәніне саусағымның ұшы тиген сайын қорғасындай балқып, сары майдай еріп барады.
Өзім де үйленген, төсек көрген тәжірибелі пәлемін ғой, "қара қазығымды" бірден қадамай, жас тоқалдың әбден сілекпесін шығардым.
Балбыраған қос анарын әбден еміп, емшегінің ұшын сорып-сорып, арасында тісіммен қыршып-қыршып қоздырдым. Кіндігіне тілімді тигізіп едім, жас тән тоққа түскендей селкілдеп кетті.
Құлағының түбінде қытығы бар екен, оны да аймалап жатып тауып алдым, әйел құлағымен сүйеді деуші ме еді, сырғалығын сүйіп жатып "жаным" дедім, балқып кетіпті, "істеші" деді үздігіп. Ал мен бірден істеуге асықпадым.
Енді саусақтарыммен балбырап жатқан жас денені сипалай бастадым, қолым тар тақымға барғанда жас тоқалдың құлын дауысы шықты-ау! "Жаным, жаным, жаршы, кірші" деді алпыс екі тамыры иіп жатып. Одан ары созуға өзімнің де төзімім жетпеді, ақ балтырларын белімен қарай орап, сексеуілді айырғандай ортасына кірдім. Кірдім де тұңғиыққа "қазықты" қарш еткізіп қададым.
Мешкей депутаттың не бітіріп жүргенін білмеймін, тоқалдың тақымы тар екен, талықсып кеткендей болды. Беліне құс жастықты екі қабаттап қойдым да, сұққан "найзамды" солқ еткізіп суырып алдым. Қайта қадап, қайта суырып, балғын денені өзіме икемдей бердім, ауната бердім...
Қыстың басы еді. Далада жапалақтап қар жауып тұрған. Төсек терезенің алдында екен, тоқалды терезенің жақтауынан ұстатып қойып, артынан келдім бұл жолы. Поза өзгепткенім гүліме ұнады, солқ солқ еткізіп ұрып жатырмын. Төсек сықырлап бастады, әуен екеумізге де ұнап барады, одан ары солқылдатып жатырмын.
Таңға алыстық. Арасында душқа кіріп жуынып, ас үйден тіске басар жеп алдық. Бір бірімізден еш шаршаған, жалыққан жоқпыз, сүйіскен сайын тілімізден бал татып, "кіріскен" сайын тәнімізден нәр татып ұзақ аймаластық.
Қабақ қарын депутат дүйсенбі келеді, екі күніміз бар, үйден шықпай, анадан туғандай жалаңаш күйде күндіз-түні аймаласумен болдық та қойдық. Өмірімде ондай тәтті төсек лаззатын көрген де, сезінген де емеспін. Оның үстіне, гүлімнің сұлулығында мін жоқ қой, құлын мүсініне қараған сайын қозасың, қозған сайын мінесің...
Біздің махаббатымыз осылай тереңдеп, кездесуіміз жиілей берді. Жолыққан сайын бір бірімізді жеп қоярдай аймаласамыз, ол да менен көп "опыт" үйренді, ерінімен ерітіп, тілімен балқытатын болды. Бір біріміз үшін жаралғандаймыз, төсектегі сыңарымды тапқаныма мен де қатты қуанып жүре бердім. Оның үстіне, ол ақшалы ғой, депутаттың байлығынан маған да жырып беріп жүрді.
Күндердің бірінде ол аяғының ауыр екенін айтып, боздап жыласын. Менің жалдамалы пәтерімде едік, ұзақ егілді. Әрең жұбаттым. Месқарын депутат білмейді екен, білсе де күдіктенбейтін сияқты. "Бала туып бер" деп жүретін көрінеді. Екіқабат екенін білген соң, баламды қимай ажырас дедім, оған гүлім көнбеді, депутаттан айырылсам үйсіз, күйсіз, далада қаламын, баланы жақсы ортада өсіре алмаймын, тағдырға көнбеске шара жоқ деп, кесімін айтты. Мен де амалсыз келістім.
Одан кейін де кездесіп тұрдық, тіпті ол туар туғанша ойнас қылдық, соған жерік болды ма, үнемі мені іздеп, аңсары ауып тұратын. Домаланып жүрсе де төсекте белсенді болды, алдымен, артымен, қырымен алуантүрлі позамен айналыстық.
Сөйтіп жүргенде көктем шықты, бір күні аяқ астынан мәжіліс тарайтын болды, әлгі депутат Алматыға көшетін болды, тоқалы да бірге кететін болды. Амал қанша, қимай қимай қоштастық. Арада бірер ай өткенде ұлды болғанын айтып смс жазды. Алып-ұшып Алматыға жетсем, сүйіктім жоқ, қаладан таппай, сандалдым да қалдым. Сөйтсем, депутат шалы жас әйелін босандыруға Дубайға алып кеткен екен. Маған оны айтпаған, мен сұрамағам.
Сол аралықта ауылдағы келіншегім де босанып, менің де қолым тимей кетті. Әке шешем қоярда-қоймай Атырау телеарнасына ауыстырып алды да, малдарын сатып, қаладан пәтер алып берді. Гүлімнің телефон номері ауысты ма, әлде хабарласуды артық көрді ме, ол да қайтып хат жазбайтын болды. Бұрынғы нөмірі содан қайтып қосылмайтын болды.