Сұлу актриса қалай жүргіш болды?
Алматыдан Атырауға ұшқан алып ұшақтың ішінде көзі мөлдіреген бір әдемі келіншекке көзім түссін. Біздің өкпе тұсымызға келіп жайғасты. Ұшақтың оң қапталындағы терезе жақ шеткі орыннан билет алған едім. Өкініп отырмын, ортаңғы қатарға жайғасқанымда мөлдір көзбен тілдесіп қалар ма едім?! Қапталдағы қаракөз келіншекке қайта қайта жалтақтап отырғанымды байқаған болу керек, қасымдағы жігіт ағасы «мойның үзіліп кетпесін, сұлулық к...ттің соры» деді түйеден түскендей. Ыңғайсызданып қалдым. Сонда да көзім қапталдағы қаракөзге қарай кете береді.
–Жол қысқарсын, әңгіме айтайық – деді «көршім».
–Бастай беріңіз! – деп ишара жасадым.
–Сұлулықтың алдамшы дүние екенін, көзі күліп тұратын әйелдердің ышқыры бос болатыны туралы бір жақсы әңгіме айтып берейін. Анау келіншекке өңмеңдеп отырғаныңа қарағанда, басың піспеген бала көрінесің – десін көкем.
–Жаспыз ғой, аға. Қыз қырқын, жас келіншек туралы болса айтыңыз, жол алыс, зерікпеспіз – дедім, мен де.
Ұшақтағы танысқан көршім әңгіменің майын тамызып айтады екен, арыдан бастады.
–Айгүл деген әнші-актриса келіншекті танисың ба? – деп, бастады әдемі әңгіменің кіріспесін. Шартты түрде кейіпкеріміздің атын «Айгүл» деп алдық.
–Танимыз ғой?..
–Сұлу ма?
–Әйел біткеннің әрлісі емес пе.
–Онда сол сұлуды жеті жыл «қатын» қылдым...
–Қойыңызшы! Беті жылтыр қыз қырқынның «жігіті», «күйеуі» көп болатын мақтаншақ қазақпыз ғой – деп күлдім.
«Көршім» жақтырмағандай суық жүзбен бір қарады. Содан кейін «Мен үшін сол да мақтаныш болып па?» деп, мысқылдап күлді.
–Мені қыз қарамайтын басы таз, балтыры қотыр біреу деп ойлайсың ба? Біз де жас болдық, мас болдық. Алматының мынау деген талай қыз келіншектерінің қызығын көрдік. Қайсыбірін айтайын? Сұлуға сұқтанып отырған соң әңгіме болсын деп бастап едім – деді. Қырсығып қалғандай көрінді.
–Айта беріңіз, аға! – енді өзім жабыстым. Шамалы үнсіздіктен кейін сөзін жалғады:
–Ол кезде Айгүл Жүргеновтің екінші курсында оқитын. Көзінің мөлдірі сондай, қараған кісі ақылынан адасып, жадын жоғалтатындай сұлу еді. Айгүлмен туған күн кешінде таныстық. Ол он алты, он жетіде, мен сақа жігітпін. Тоқсаныншы жылдардың тоқырауы. Қытаймен жаңадан қарым қатынас басталған. Үрімжіден сыра әкеліп сатып жүретінбіз. Алматыда қытай сырасы таңсық. Көлдей сыра, таудай ақша. Жүрген жеріміз күнде той, күнде жиын. Спортпен айналысамыз, астымызда шетелден жаңадан кіріп жатқан су жаңа темір көліктер. Қайран, заман-ай!..
«Көршім» алыста қалған сайран күндерін сағынып, біраз уақыт үнсіз қалды...
–Айгүлді бір көрдім де ғашық болдым. Ақшаның шешпейтін түйіні болмайтынын сонда түсіндім. Айгүл Жүргеновтың мынау деген жігіттеріне қарамай, Көкбазарда жүрген бізді таңдауы – ақшаның құдіреті емей немене?! Туған күн кешінен кейін сықырлап тұрған аудимен шығарып салдым. Екінші рет кездескенде «Алматы» қонақүйінің астындағы мейрамханаға шақырып, «от души» қонақ қылдым. Үшінші рет кездесуге келгенімде, сол кезде қолы жеткен жастар Германиядан алдырып киетін джинсы мен джинсовка әкеліп бердім. Жігіттен ондай сыйлық алып көрмеген он жеті жастағы қыздың есі шығып қатты қуанды. Сол күні Жүргеновтың жатақханасының артқы жағында көлікте отырып алғаш рет сүйістік. Жас қыз ғой, еріні бал татып, есімді әлден алды.
Төртінші реткі кездесуіміз – жаңа жыл кеші. Кіл Көкбазардағы коммерсант жігіттер жиналып, Жүргеновтың ақ тамақтарын бір жақсы ресторанға шақырдық. Үріп ауызға салардай, бірінен бірі өткен сұлулар барын киіп, ресторанға дәл уақытында жетті. Он екіні ресторанда қарсы алып, одан кейін қаланың орталығындағы жалдап алған бір коттеджге бардық. Бес жігіт, бес қызбыз. Қызыл арақ, көкмойын сыра, құйылып жатыр, құйылып жатыр...
Айгүл тез масайды. Таң ата жастардан бөліп алдым да пәтеріме қарай ұштым. Өзім де тойғанша ішіп, әбден масайғам, әрең келе жатырмын. Бар ойым – Айгүлде. Қалай да бүгін Айгүлдің «қыздығын» алып, «қызығын» көріп, «қымызын» ішуім керек. Олай жасамасам, көктемге қарай әртіс жігіттердің біреуінің қолтығында кетуі бек мүмкін. Сол ой ғана мені мастықтан айықтырып келе жатыр...