ҚАРА ЖӘШІКТІ КІМ ОҚИДЫ?
Қазақстан қара жәшікті Бразилияға жіберетін болды. Анығы Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдапты. Аталған орталықта, яғни CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екен. Дұрыс шешім болған сияқты.
Бұл шешімді Қазақстан өздігінен қабылдамаған. Әзербайжан тарапымен және Ресеймен кеңесе отырып осындай шешімге келген. Барлық тарап бұл шешіммен келіскен.
Жалпы апатты тергеп, тексеретін ел, ұшақтың қара жәшігін оқу туралы шешімді де қарастырады екен. Бұл Чикаго конвенциясының 13 қосымшасында көрсетілген көрінеді. Ол конвенцияны біз 1992 жылы ратификациялаған екенбіз.
«Борттағы жазғыш» (қара жәшік) әртүрлі формада болады. Бірақ функциясы бір, ұшудың негізгі параметрлерін, ұшақтың жұмыс істеуінің ішкі көрсеткіштерін, экипаждардың әңгімелерін және басқаны жазып отырады.