Жаңа жылдан жаңа өмір бастаймын!
Біз әр жылы жаңа өмір бастаймын, жаңа әдеттер қалыптастырамын, көзқарасымды өзгертемін деп жоспар құруға тырысамыз. Әдетте, Жаңа жылдың алғашқы күндерінде бұл жоспарларымызды орындауға күш салып, әрекет етеміз. Бірақ бірнеше апта өткен соң баяғы қалпымызға қайтып оралып, сол әдеттерімізге қайта түскенімізді байқамай қаламыз.
Бұл жағдайдың себебі – жаңа әдеттерді қалыптастырудың жүйелі түрде жүзеге аспауында. Әдеттер тек тұрақты түрде қайталанған жағдайда ғана біздің өміріміздің бір бөлігіне айналады. Мұны күнделікті жаттығу жасаған сияқты, жаңа дағдылар мен көзқарастарды дамыту үшін де белгілі бір психологиялық жаттығуларды күн сайын орындау арқылы қол жеткізуге болады.
Неге біз жоспарларды орындай алмаймыз?
Жаңа жыл қарсаңында, айдың басында немесе аптаның алғашқы күнінде:
«Өмірімді реттеймін!»
«Жоспар құрып, жаңа бастама бастаймын!»
«Барлығын өзгертіп, жетістікке жетемін!» деп ойлаймыз.
Бірақ бұл жоспарлар қысқа мерзім ішінде тоқтап қалады. Себебі біздің миымыз бұрыннан қалыптасқан нейрондық байланыстарға сүйеніп жұмыс істейді. Бұл байланыстар бізді үйреншікті әрекеттерге қайта оралтады. Жаңа нейрондық байланыстарды құру үшін уақыт, күш-жігер және жүйелілік қажет. Ғалымдардың айтуынша, жаңа әдетті қалыптастыру үшін кемінде 21 күн тұрақты түрде қайталау қажет.
Неге 21 күн маңызды?
21 күн бойы қайталанған жаттығулар миымызда жаңа нейрондық тізбектердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Бұл процесті бастағаннан кейін, ми жаңа әрекеттерді танып, оларды «қалыпты» деп қабылдай бастайды.
Яғни, жаңа әдеттерімізді өміріміздің бір бөлігіне айналдыру мүмкіндігі артады.
Жаңа әдеттерді қалай қалыптастыруға болады?
1. Нақты мақсат қойыңыз.
Мысалы: «Күніне 10 минут кітап оқимын», «Күн сайын таңертең гимнастика жасаймын» немесе «Су ішуді көбейтемін».
2. Кішкентай қадамдардан бастаңыз.
Бірден үлкен мақсаттарға ұмтылмаңыз. Әрекеттерді біртіндеп орындау оңайырақ болады.
3. Жүйелілікке мән беріңіз.
Әр күн сайын белгілі бір уақытта жаттығу немесе жаңа әдетті қайталаңыз.
4. Өзіңізді бақылаңыз.
Арнайы күнделік жүргізіп, күнделікті жетістіктеріңізді жазып отырыңыз.
5. Марапаттаңыз.
Әр жетістігіңіз үшін өзіңізді марапаттауды ұмытпаңыз. Бұл миыңызға мотивация береді.
6. Тұрақты мотивация табыңыз.
Жаңа әдеттердің сізге қандай пайда әкелетінін елестетіп көріңіз. Мақсаттарыңыз сізге шабыт беруі тиіс.
Жаңа жылдан жаңа өмірді бастау – тамаша идея, бірақ оның табысты болуы сіздің әдеттерді қалай қалыптастыра алатыныңызға байланысты. Егер 21 күн бойы жаңа жаттығуларды қайталасаңыз, жаңа нейрондық тізбектер қалыптасып, олар тұрақты әдеттерге айналады. Бұл сіздің ойыңызды өзгертіп, өміріңізге жаңа серпін береді. Жоспар құрып қана қоймай, оны орындауды жүйелі түрде жүзеге асыру маңызды деп санасаңыз, топқа қосылыңыз. Бірақ ақылы. Топ жабық, ондағы жаттығуларды өзіңізге ыңғайлы кезде орындауыңыз немесе күнде кешке бірге онлайн орындаймыз. Алған әсерлерімізбен, нәтижесімен бөлісеміз.
Қатысамын десеңіз, мархабат!
Топтың ссылкасы🔻🔻🔻
https://t.me/+gqsc1gTngcJlMGEy
https://t.me/psy_consultt