Армандаған нәрсеге қол жеткізуге болады
Қалаған нәрсені алу үшін күш салып, шыдамдылық танытып, даналық кеңестерге құлақ асып, көп нәрсеге қол жеткізуге болады.
Бірақ бұл үшін бір маңызды шарт бар: құрбандық шалу қажет. Оның үстіне, бұл құрбандық тек бір сәттік емес, өмір бойы жалғасады. Бір нәрсені алу үшін бір нәрседен бас тарту керек. Міне, мәселенің қиындығы да осында.
Бұл жерде ауыр шындық бар: егер бір нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, бір нәрседен айырылуыңыз қажет. Тек солай ғана мақсатқа жетуге болады.
Мысалы, арықтағыңыз келсе, дәмді және мол кешкі астардан бас тартуға тура келеді. Кейде таңғы және түскі астардан да шектелуіңіз мүмкін. Бұл құрбандықты өмір бойы шалып отыруға тура келеді.
Егер билік пен даңққа ұмтылсаңыз, тыныш кештерден, жақындарыңызбен өткізетін уақыттан бас тартасыз. Балаларыңызбен әңгімелесу, достарыңызбен кездесу немесе саябақта тыныш серуендеу сынды нәрселер құрбандыққа шалынады.
Егер байлыққа қол жеткізгіңіз келсе, жан тыныштығыңыз бен ескі достарыңызды жоғалтуыңыз мүмкін.
Ал махаббат үшін ше? Онда да құрбандық қажет. Сүйіктіңіз үшін уайымдап, өз ресурстарыңызды – моральдық және материалдық – жұмсайсыз. Егер сүйіктіңіз қиындыққа тап болса, қолдау көрсету сіздің жауапкершілігіңіз болады.
Сонымен қатар, махаббатта тағы бір нәрсені құрбан етесіз: өзіңізге тән әлсіздік аймағын ашасыз. Басқа адамға толықтай сенуіңіз қажет болады. Бірақ бұл сенім ақтала ма? Жаңа байланыс қайғы мен мұң алып келмей ме?
Маңызды нәрседен бас тарту әрдайым қиын. Бірақ басқа жағдайда ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Барлық күш-жігер босқа кетеді. Сондықтан құрбандықтың құнын мақсатпен салыстырып, басынан дұрыс шешім қабылдау керек.
Төлемді үнемі төлеуге тура келеді. Кейде арманыңызға жету үшін ең қымбат нәрсеңізден айырылуыңыз мүмкін. Бұл құн тым жоғары емес пе?
Адамдар көбіне кейін шот сұралатын сәтті ойламайды. Кейде төлемді алдын ала жасайды...
Қалағанын алғандар – беруге дайын болғандар. Жеңіске жеткендер – алғанына сай құрбандық жасағандар. Бірақ біз берген нәрселерімізге өкінбей аламыз ба? Бұл туралы алдымен ойланып, шешім қабылдау қажет.
А.Кирьянова.
Аударған: Айгүл ЕРКІН
https://t.me/psy_consultt