Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚜️Ерлан Қарин: Қаңтар айында Жошы хан туралы сериалдың түсірілімі басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Алтын орда» кезеңін кең аудиторияға таныстыру үшін халықаралық онлайн платформаларда деректі фильм дайындауды тапсырды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осы жоба арқылы Қазақстанның мәдениеті мен тарихы әлемдік аренада кеңінен насихатталатынын атап өтті.
«Жақында бізге түсіріліммен айналысатын халықаралық топ келді. Жоба жеке кәсіпкерлердің көмегі арқасында жүзеге асырылады, мемлекеттік бюджеттің қатысы жоқ. Қаңтар айынан бастап шетелдік павильонда түсіріле бастайды, ал еліміздегі түсірілім жұмыстары сәуір айында жүргізіледі. Фильм 2025 жылдың соңына дейін дайын болады»,-деді Ерлан Қарин.
▪️Астанада Ұлттық құрылтай аясында 2024 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды.