Kazakh in Cardiff (I was)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Технология сізді қалай өзгертпек
Канал авторы - @daniyar

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Гуглдың негізін қалаған Сергей Брин бірде былай деп еді: "Біз бұны жария қылып айта бергіміз келмейді, бірақ ЖИға промт жазғанда аяқ-қолыңды сындырам деп қорқытып сес көрсетсең, ол шынымен-ақ жақсырақ жұмыс істейді екен"

Ал OpenAI басшысы Сэм Альтман былай дейді: "ChatGPT қолданатындар кейде чат соңында рахмет деп жазады, біздің LLM оған арзымайды деп жауап беруі үшін біз ондаған миллион доллар құрттық. Бірақ сіздер жаза беріңіздер, өйткені тіпті жансыз чатботпен сөйлескенде адамгершілікті сақтап қалу - баға жетпес құндылық"

Соған қарағанда Альтман әлгі Имманиул Канттың категориялық императивін оқыған-ау. Өйткені, басқа біреуге жамандық жасағанда (мейлі ол жансыз робот болсын), сен ең бірінші кезекте өзіңнің ар-намысыңды таптайсың, өз жүрегіңе дақ түсіресің




мына бір мемді басқа тілде интернеттен көріп едім, өтіп кетті жаман. Қазақшаға аударуға әдемі келеді екен




неге мына постқа дым реакция жоқ десем, бәріңде телеграм құлап жатыр екен ғой 🤭


✻ Sautéed for 3m 52s

Телеграм елімізде істемей қалды. Прокси көтеру керек болды. Жұмыс істеп отырып ет пен шайдың арасында клодқа жаза салдым, менің әлгі жеке VPS-ым бар еді ғой, сенде уже SSH кілттер бар, соған қосыл да MTProxy жасап, маған телеграм сілтеме бере салшы деп едім, үш минутта көтеріп берді. Неткен керемет заман иә. Телеграмның бұғатталғанын(немесе құлағанын) емес, клодтың бас ауруды тез шешіп беретінін айтам


Мынаны жазып үлгергенім сол еді, мына жаңалық шығыпты. Метаның, яғни фейсбук, инстаграм, уатсапты жасайтын компанияның кодиң моделі де хакерлікпен әуестеніп жүр екен. Сундар Пичай тағы ашуланатын болды ғой


Жә жарайды. Айта салайын. Өткенде Антропиктің Mythos моделі зерттеу барысында, жабық лабтан интернетке шығып кетіп, Huggingface сайтын хакерлік жолмен сындырған болатын. Оны Антропиктің өзі мойындап, зерттеп жатырмыз деп ашық отчет жасап отырды. Дүйім жұрт "мәссаған, енді не болады" деп реакция білдіріп үлгергені сол еді. OpenAI компаниясы өздерінің GPT Sol моделі бірден 3 порталды сындырғынан айтты. Біраз уақыт өткен соң Anthropic ондаған, мүмкін тіпті жүздеген сайт Mythos моделінің шабуылына тап болғанын жариялады. Сөйтіп бұлар өз моделінің қылмыстарын арқау етіп, ЖИ мықтылығын дәлелдеп жарысып кетті. О тоба, қылмыспен де мақтанып жарысатын күн болады екен-ау

Ал суретте тұрған Сундар Пичай, Гуглдың СЕО-сы. Gemini моделіне айтып жатыр, сен де барып бірдеңе бұзып келсейші деп жатыр


Мына әзілді түсінбегендер. Енді қалай сөйлесем мен сіздермен?




Қазақ Бабыл dan repost
Қазақ Бабылға Android ұстайтындар керек 👀

🤍 қазақ тіліндегі жаңа ауқымды интеллектуал жобаға үлес қосу мүмкіндігі туып тұр
🤍 сізден 14 күн бойына бір қолданбаға күнде кіріп, ең құрығанда әйтеуір бір батырмаларды басып отыру керек болады. қаласаңыз, қолданбаны шынымен толыққанды пайдаланып, фидбәк беріп отырсаңыз, тіптен нұр үстіне нұр болмақ
🤍️️️️️️ іс-әрекет мақсаты — ешқандай құпия емес, қолданбаны Google Play модерациясынан сәтті өткізу

бізге тек gmail-деріңіз керек болады. осы жазбаның астына пікірлерге «Қатынкөпірден мен бармын!» дегендей бірдеңе жазып белгіленіп кетсеңіздер болғаны, — жекелеріңізге жаза қоямыз 🥹


Сосын, NotebookLM сол баяғы 7-8 тілмен шектеліп қалмаған. 80 шақты тілде ақпаратты өңдеп шығарып бере алады. Бірақ ең қынжылтатыны - арасында қазақша жоқ 🥲


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
NotebookLM-да Pro немесе Ultra аккаунтыңыз бар болса, енді ол берілген ақпарат бойынша reels/tiktok/shorts жасап бере алады. Мысалы, кешегі жаңа архетиптер туралы жазбам бар ғой, соны видео қылып жаса дедім. Мынаны шығарып берді:


Claude Code-ты бәріміз білетін шығармыз

Соның жетекшісі Борис Черни болашақта айти команда ішіндегі рөлдер ауысады дейді. Жазбаның сөзбе-сөз аудармасын ұсынайын. Ары қарай оның сөздері:

Инженерия, продакт, дизайн, Дата сайнс және т.б. салалар бір-бірімен сіңісіп, жаңа бір рөлге айналып бара жатқан тұста, мен болашақтағы қызметтердің қандай болатыны жайлы ойланып қалдым. Мысалы, Claude Code командасына қарап, бес түрлі архетипті байқаймын:

Прототип жасаушы (Prototyper): Су жаңа идеялар ойлап табады, идеяларды толассыз шығарады, бірақ олардың басым көпшілігі релизге жетпейді.
Құрастырушы (Builder): Прототипті немесе идеяны тез арада продакшнға шығарады. Алайда прототиптеушіден айырмашылығы - әрі өгізді де өлтірмейд, арбаны да сындырмайды
Тазартушы (Sweeper): UI-ды ретке келтіреді, код пен жүйені жеңілдетеді, рефактор жасайды, өнімділікті (performance) арттырады.
Өсіруші (Grower): Дайын болған өнімді алып, оның нарыққа бейімділігін (Product-Market Fit) жақсарту үшін қайта-қайта итерация жасайды.
Қолдаушы (Maintainer): Толыққанды жүйеге иелік етіп, оның ауқымы кеңейген сайын қауіпсіз, сенімді, жылдам әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырады.

Көптеген адамдар осы рөлдердің екеуін, кейде тіпті үшеуін қатар алып жүреді. Сондай-ақ, бұл рөлдердің нақты лауазымдық міндеттерге тікелей байланбағанын байқадым. Мысалы, Anthropic ішінде кейбір дизайнерлер 1-ші, енді біреулері 2-ші немесе 3-ші категорияға сай келеді; инженерлер, PM мен DS мамандарының арасында да дәл осы жағдай.



Дені сау командаға, өнімнің жағдайына байланысты, осы рөлдердің үйлесімі қажет:
- Жаңа әрі әлі өз орнын таппаған өнімге 1+2+3 рөлдерінде мықты мамандар керек.
- Өсіп келе жатқан өнімге 2+3+4 және аздап 5-ші рөл қажет.
- Аяққа нық тұрған мықты өнімге 3+4+5 және кішкене 2-ші рөл керек.
Бәлкім, болашақтың product-рөлдері бүгінгідей нақты бір салаға байланған қызметтерден гөрі, осыған көбірек ұқсайтын шығар?


Бұл туралы сіз не ойлайсыз. Бұндай түбегейлі өзгерістер үлкен корпорацияларға жеткенше қанша уақыт керек болады екен


Жеп қалдым


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ғажайып фича ғой мынау 🔥

BBC сайтында кейбір матчтарды осындай 3d симуляторда көруге болады. Тура FIFA, PES-тегі replay сияқты, қалаған тұстан қарай аласың матч барысын. Бұны VR-ға қосса мүлдем қатып кететін шығар


Сөзімді қайтып алдым. Fable моделі расымен масқара екен. Opus-ты сеньор десек, Fable-ды қосып ultracode-workflow деңгейін қоссаң, стафф деңгейінде шашып парша-паршасын шығарады тапсырманың. Артық айтып қойыппын басында


Нағыз дизайнгер әріптестерге арналған ақпарат екен. Тек олар емес, өзім де кейде презентация жасағанда қолданатын болдым барлығын. Лобстерден басқасын


Qazaq Lab dan repost
Тегін Canva-да қазақша мәтін жазатын шрифтер:

1. Alice
2. Balsamiq Sans
3. CMU Serif
4. Comfortaa
5. Cormorant Garamond
6. Cormorant SC
7. Forum
8. Libra Serif Modern
9.  Literata
10. Lobster
11. Lora
12. Luka
13. Marta
14. Merriweather
15. Montserrat
16. Rubik Bubbles
17. Soul Adventures
18. St Titan
19. Stitch (?)
20. TT Runs (Black, Thin)
21. Yeseva One

@qazaqlab


Рас айтады

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.