Криптовалюта дегенді барлығы естіп-біліп жүрсе де, әлем халқының тек бір пайызы ғана цифрлық ақшаны қолдануда. "Қолдану" деудің өзі артықтау, көбісі жай әншейін ертең өссе пайда табам деп ұстап отыр. Дүкенге барып биткойн беріп нан алып жатқан ешкім жоқ.
Жалпы халыққа биткойнның кең тарамауының себептері көп, солардың ірісі - ыңғайсыздық. Жабық кілт (private key), адрес, хеш, майнерлер, растауды күту (confirmation) деген криптотерминдер қарапайым адам тұрмақ IT мамандарына да түсінуге қиын келеді. Tangem компаниясы бұл жағдайдың бетін бері қаратпақшы.
Шешімі - ұстап көруге болатын криптовалюта шығару. Смарт банкнота деп отырғаны тура кәдімгі наличка сияқты жүреді, банкоматтан шығарасыз, портмонеге саласыз, біреуге бересіз, комиссия анау-мынау жоқ. Айырмашылығы бұл қағазды мемлекет шығармайды, бұл - криптовалюта. Компания басшыларының айтуынша, tangem банкнотасы криптаның бұқара халыққа таралуына жол ашатын бірден бір өнім, нағыз game changer.
Ал сіз қалай ойлайсыз? Қағаз биткойн қолданар ма едіңіз?
https://hackernoon.com/these-smart-banknotes-could-bring-crypto-to-the-masses-4be57bcca1c7