“Ислами” реформатор-психологМұсылмандар үшін психологтардың қазіргі сәні бұрынғы әртүрлі ағымдардағыдай күндердің бір күні өтетінін түсіну маңызды. Исламның атынан айтылған "травма", "гештальт", "проработка" және тағы да басқа осындай әдемі терминдер ерте ме, кеш пе ұмытылады.
Дәл бұрынғы Исламдағы "саңылауды ашқан" өзін мақтанышпен ұрып, "Ислам құтқарушыларының" туын ұстап, ақыл-ойы әлсіз адамдар арасында эмоцияның дауылын көтерген кез-келген секта немесе ағым сияқты. Бірақ дауыл аяқталып, шаң басылғаннан кейін олардың шынайы ниеттері мен ұсқынсыз бейнелері ашылады.
Дәурендері ұзаққа созылмастан біз олардың Шығыстан Батысқа дейін жиналған философиялық қате түсініктердің қоспасын — бұрмаланған сұмдық нанымдарын ашқанын көріп отырмыз. Нәтижесінде біз "Ислам психологы" — "Ислам Франкенштейнін" көреміз. Олардың бас сүйегіне енген сенімдер коктейлі ашу нәтижесінде сыртқа шығуға жол табады. Осыдан кейін біз олардың аузынан сахабаларды (Алла оларға разы болсын) тілдерімен шағып жатқанын, олардың кейбіреулерін "бедное мышлениемен” айыаптап, "абьюзер" деп атайтынын естиміз. Тіпті мүмін аналарымыздың ары олардың "объективті психологиялық талдауынан" сақталмады.
Бір тарап барлық жағдайда, тіпті сіздің әйеліңіз, отбасыңыз зәбірленіп жатса да сабыр сақтауға шақырса, екіншісі палестиналықтардың азап шегуінен
жақсылықты көреді, ал сионисттерді оларға шейіт болуға көмектесетін құтқарушылар деп көреді. Қарапайым негізгі білімді иеленбеген олар
"адамдарды жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю" деген діннің міндетті бөлігін тастауға шақырады. Олар хиджабты тек қалау пайда болған кезде киюге шақырады, ал кейбіреулері намазды Сүннет бойынша емес, өз қалауың бойынша оқуға шақыратын орынсыз кеңес айтады. Егер сіз басқалардың күнә жасағанын көрсеңіз, онда мәселе оларда емес, өзіңізде және мұнда тек өзіңізбен жұмыс жасау керек дейді. Мүлдем принципсіз және еш негізсіз! Мұндай мысалдар көп.
Әркез травманы іздеушілер өз басындағы травмасын көре алмайды, бәрін бастан аяқ төңкеріп тастайды, захирді (айқын) және батынды (жасырын) шатастырады, ғасырлар бойы осы үмметтің шамшырақтары – ғұламалар мұқият сақтаған Исламнан түбегейлі іргелі қабатты алып тастайды, сонымен қоймай олардың аяттар мен хадистерді өз құмарлықтарына сай түсіндіруге батылдары жетеді.
Кез-келген адасқан ағым одан да бетер деградацияға түсуге бейім, және біздің көріп отқанымыз – тек гүлдер ғана, ал жидектері алда болады. Бұл адамдар қарапайым мұсылмандар үшін авторитет, пікір көшбасшыларына айналуда және ізбасарлары олардың көзқарастары мен сенімдерін ғана емес, моральдық пайымдауларын да қабылдауда.
Білімді тек сенімді дереккөздерден (Құран мен Сүннет) алыңыз, тәніңізді және ақыл-ойыңызды осы өміріңізді ғана емес, сіздің ақыретіңізді де құртатын умен уламаңыз.
Ибн 'Омар (Алла оған разы болсын):
"Дін сенікі! Дін сенікі! Шынында ол сенің етің мен қаның! Дініңді кімнен алып жүргеніңе мән бер!"(әл-Хатыб "әл-Кифая" 122).
Біздің мақсатымыз — шындықты жеткізу.
P.S.: жоғарыда айтылғандармен қоса, мынаны есте сақтаңыз:
* Ислам толық қалыптасқан;
* Уахи тоқтады;
* Шариғат бойынша кітаптар жазылған;
* Руханият мәселелері талданған;
* Ихсанға және кемелдікке жету жолдары көрсетілген.
Кейде дінге көмектесу үшін жәй ғана үндемеу жеткілікті.
Дереккөз #anti_psycho