صبر🦋


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Құттайдың әлемі🐣
Раббым деген бір сөздің өзі саған күш сыйлауға жетерлік екен ғой... ❤️
Adminka- @Ergalieva02

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Араларыңызда психология жайында оқитын жандар барма? Қандай кітаптар оқуға кеңес бересіздер?


Қазақша әдеби кітаптардан қандай кітап оқуға кеңес бересіздер?


Әссәляму алейкум🥰


Khanifa dan repost
Қыздарррррр, не деген күшті жаңалық мынау, Аллаға шүкір

Газа мен Палестинада соғыс тоқтады деген қуанышты хабар келіп жатыр ғой.

Я Аллам, осы хабар рас болғай!
🤲🤲🤲


❤️


Bloqnotik dan repost
Мына үш нәрсені үш нәрсесіз үміттенген адам — кәззаб (өтірікші):

1. Алланы сүюді үміт қылып, харамнан тыйылмаған адам
2. Жұмақты сүюді үміт қылып, садақа бермеген адам
3. Пайғамбарды (صلى الله عليه وسلم) сүюді үміт етіп, кедейлерді жақсы көрмеген адам

📜Хильят әл-әулья, 8/75




Расында да осындай жан бұйырғанына шүкір. Бүкіл проблемамды шешуші Аллаһтың қалауымен күйеуім😁🩷






Анамның қадірін түсінген күн, баламның дүниеге келген күні!Сол уақытта эх, Анамызда осылай 4 ұйқысын 4 бөліп, кейде тамақ, шайында іше алмай, арасында өзінде ұмытып кетіп, өз қалауларын ысырып қойып, бізді өсіріп- жетілдірген екенғой деген ой келеді. Әлемдегі ең қиын жұмыс ана болу.
Рахмет Анашым! Артық кеткен кездерімізді кешіріп, бізге разы бола гөр🥹🤲🏻❤️


23.05.24 күні алғаш рет Ана атанған күнім. 9 ай құрсағымда көтеріп, 20 сағат толғатып дүниеге келген ұлымды көргенімде өте ерекше сезім болды. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлемнің бар байлығын, дүниесін беремін деседе ол сезіммен ешнәрседе пара - пар келе де алмайды екен🥺❤️


Абылай Кенжалы dan repost
Не тыяды сені?!
Еш өлмейтін, мәңгі тірі Раббыңнан қажетіңнің бәрін сұрасайшы…

©️Шейх Халид әл-Харса


Абылай Кенжалы dan repost
– Олжеке, сіз қалай ойлайсыз? Неге қазір уайым-қайғы, стресс, депрессия көп?

– Әбеке, ойыма бір-ақ нәрсе келіп тұр. Біздің ұдайы түрде жасайтын таңғы-кешкі зікіріміз жоқ. Ізгілер сонысымен ұтты. Алланы зікір етудің пайдасы ұланасыр ғой. Оны көбіміз түсіне бермейтін секілдіміз.


Olzhas Hanafin dan repost
Oqy da jogaryla.pdf
5.0Mb
Сыйлық🎊🎁

Ойлана келе, сіздерге Құран оқып үйрену мен жаттау жайлы “Оқы да, жоғарыла!” кітабын сыйға тартуды жөн көрдік.

Кітап кез келген Құран оқу білетін және білмейтін адамға да арналған. Алла пайдасын беріп, баршамызға Құранды жүрегіміздің көктемі етсін.

Жақсылықты таратып, достар мен жақындарыңызбен бөліссеңіздер болады.

Ал сыйлықты қабыл алыңыздар🎊🎁


Sakenkyzy dan repost
Басыңызға қандай да қиындық түссе, не шарасыз хәлде қалсаңыз мына сөзді көбірек қайталаңыз.

وَأُفَوِّضُ أَمْرِىٓ إِلَى ٱللَّهِ
( уә уфаууиду әмри илаЛлаһ)

Мағынасы: Мен барлық ісімді Аллаға тапсырамын.

Мү’минун сүресі, 44-аят


Абылай Кенжалы dan repost
Адамға көмектескің келсе, оның дәл қазіргі ішкі жағдайы мен сезімдерін түсінуге тырыс. Біз көбіне бізге қолкөмек беретіндерге емес, бізді шынайы түсінетін жандарға мұқтажырақпыз.

©️Шейх Юсуф Хаттар
(Эмоционалды интеллект📚)


Olzhas Hanafin dan repost
Ешкім проблемасын айта беретін адаммен кездескісі келмейді. Пендеміз ғой, айтып қоя береміз. Алайда біздің қиыншылығымызды Алладан өзге ешкім шынайы тыңдағысы келмейді. Оған ренжіп қажет те емес, себебі өзің де сондайсың көп жағдайда.

Өлімнен соң сені ең ұзақ еске алатын бәлкім ата-анаң, қойныңдағы жарың, бала-шағаң, достарың. Бірақ түбі ұмытыласың. Мүмкін бір апта, жақсы бір ай сені еске алар. Алайда тірі адам тіршілігін жасайды демекші, әркім өз өміріне оралады. Сенің тек артынан қалған пайдалы еңбегің, адамды разы қылатын ісің қалған болса ғана соны арасында еске алып тұрады. Ал сен болсаң ең ұзақ сапарға аттанасың. Және Алладан басқа сен ешкімге керек болмайсың. Ендеше адамдардың разылығын тастап, Алланың разылығын ғана ізде. Ешкімге ренжіме, кім қандай мәміле жасаса да ол сен сияқты әлсіз пенде. Алла үшін кешіре сал да, Алла мен оның Елшісін еске алып, өміріңді сүре бер. Жақсылығыңды жаса, отбасыңның қадірін біл. Оларға уақыт бөл. Өмірдің жақсы жағын максималды түрде қолдан және өзің де үмметке бар пайдаңды тигізуге тырыс. Сонда адамдар да сені жақсы көріп, саған өздері-ақ ұмтыла бастайды. Ешкімге жалынба, намек та тастама. Өзің мықты бол. Оқы, үйрен, ізден, ой-өрісіңді кеңейт. Сол кезде адамдар өздері-ақ сенімен кездесуді қалап, саған ұмтылады.

Бірақ, осының барлығын солар үшін істесең ол еш пайда бермейді. Оны Алла үшін, яғни үмметке пайдамды тигіземін деп тырысуың керек.

Бұл өмір қамшының сабындай өте қысқа, қашан кететінімізді бір Алла біледі.

Ендеше атақты сөзде айтылғандай:

“Сен дүниеге жылап келдің, ал адамдар соған қатты қуанды. Енді өмірден өткенде адамдар жылап, сен қуанып кетуші бол”

Ол үшін бұл өмірді Алла разы болатындай өмір сүр. Ренішті таста, бір Алланың разылығы мен ақыретті ғана ойла. Сол екеуі сенің ең негізгі шабытың болсын.

Баршаңызға рахмет. Қайырлы түн🤲


لا أعرف dan repost
Жәннатың асылдары.pdf
8.4Mb
Қасиетті Құранда аталған 25 әйелдің хикаясы.


Абылай Кенжалы dan repost
«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

[Нәфәхат рухания📚]

#әлі_өзекті

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.