✨✨✨
📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
7️⃣-ӨМІРІМЕН ТАНЫСУ
Әрбір мұсылманға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын (өмір жолын) оқудың мәні мен маңызы зор. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын білудің мынандай пайдалары бар:
🟢 Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тегі, қадір-қасиеті, құлшылығы, мінез-құлқы сияқты т.б. мағлұматтармен танысамыз. Бұл мағлұматтар біздің Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігімізді арттырып, дінде бекем болуымызға себепші болады;
🟢 Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолында кездескен түрлі жәйттарға байланысты түсірілген шариғи үкімдерді үйренеміз;
🟢 Қасиетті Құран Алла елшісінің (с.ғ.с) жиырма үш жыл пайғамбарлық өмірінде бөлек-бөлек түсіріліп отырғандықтан, сира кітаптары Құран және оның тәпсірімен тығыз байланысты. Демек, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі жайлы кітаптарды оқу арқылы Құранның көптеген аяттары мен оның тәпсірінен хабардар боламыз;
🟢 Насихат айтудың мәдениетін үйренеміз. «Мұсылман болу әсте-әсте» деп айтылғандай Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дінді адамдарға оған жіберілген иләһи жүйемен біртіндеп үйреткен. Себебі, шариғи үкімдердің барлығы бірден нәзіл болса, адамдар оны көтере алмайтын еді. Пайғамбарлықтың алғашқы кезеңінде алдымен сенім мәселелеріне қатысты аяттар нәзіл болып, кейін ғана үкімдердің түсуі осыдан. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын мұсылман жамағатына бұл мәселелерді білу өте маңызды. Өйткені өзгені үркітіп алмай, насихат айтудың нағыз үлгісін Пайғамбар (с.ғ.с) сирасынан үйренеміз.
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris