✨✨✨
📌АТА-АНАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
1️⃣-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ
Ата-анаға деген құрметке: ол екеуінің көзінше дауыс көтермеу, алдыларына шығып жүрмеу, дастарханда төрге шығару, ас ішуді олардан бұрын бастамау сияқты т.б. игі істер жатады. Құранда Алла Тағала: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «туф» деп (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей, Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей гөр!» де» (68), - деп бұйырған.
Ата-анаға құрмет қылмау - үлкен күнә. Халқымыз қарт әке-шешеге лайықты құрмет қылмау, оларға дауыс көтеріп сөйлеуді береке мен ырыстың жоғалуы деп білген. Ыбырай Алтынсарин бабамыз:
Береке кеткен елдерде,
Күн қысқарса керек-ті.
Алатаудай әкеге,
Ұл қышқырса керек-ті.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргектеп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Сондай сорлы анаға,
Қыз қышқырса керек-ті, – деген.
❗(68) «Исра» сүресі, 23-24-аяттар;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris