ЖЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ
Ұ.: 2029 жылы метеорит келеді. Ол үлкен метеорит құрлыққа құласа бірнеше жыл күн көзі көрінбейтін шаң көтеріледі. Жерге күннен жылу жетпей бәрі де қатып қалады. Ал, суға құласа онда бу көтеріледі. Мұхит тасиды. Жаңбыр жауады.
Бұны құлатпай Жерді сақтап қалуға өркениеттің шамасы бар.
Ш.: Бағытын өзгертіп жіберуге ме?
Ұ.: Иә. Қазір Сібірде көлемді бір ор секілді жер бар. Одан үлкен қуат шығады. Ол жерге тиым салынғандықтан ешкім де жоламайды. Сонда Тунгус метеоритін де сөйтіп жағып жіберді кезінде. Жерге оның кішкене қалдығынан басқа ештеңе түспеді.
Бұл шаралардың барлығы Алтыншы Сатыны сақтау үшін жасалады. Алтыншы Сатының балалары – Ғарыштың қаншама миллион жыл аңсап күткен жемісі. Ол орындалды. Енді Құрылысшылар бар.
Бұл үлкен құпия болатын. Мен оны аштым. Бұл құпияның маңыздылығы сондай биік болғаннан кейін оған адамзат сенбейді. Үлкен басшылар, президенттер сенеді. Олар болашақтың қандай болатынын дәлелді айғақтар арқылы біліп отыр. Жатпланеталық ғарышкерлер арқылы келген ақпараттар бар. Біздің Тянь-Шаньда олардың кемесі үлкен апатқа ұшырады. Туристер екен сонда. Оны Мәскеуге алып кетті. Олар жердің астында өмір сүріп, көбісі сол жерде қайтыс болыпты.
Ш.: Кімдер өмір сүрген?
Ұ.: Басқа өркениеттің адамдары. Кейбіреуі тасбақаға ұқсайды. Көбісі біз сияқты. Үшінші мыңжылдықта өмір сүретін адамдардың өкілдері мен көліктері келген екен. Оны бәрі де біледі, бірақ үндемейді.
Ш.: Қазіргі болғалы тұрған апаттан Бесінші Сатының қолында билігі бар адамдары жерасты туннелдеріне тығылып аман қалуы мүмкін бе?
Ұ.: Мүмкін. Ондай мүмкіншілік бар. Тіршілік судың астына кетпесе ол жерде өмір сүруге болады. Бірақ кармасы ауыр адамдардың өмірі осы физикалық денесінің ғұмырымен аяқталады. Қолдан жасап алған жерде олардың қайта туып, қылмыскер ғұмырын жалғастыра беруге шамасы жоқ.
Ш.: Мұхиттың астында материктерді жалғастырып жатқан туннелдер бар дейді ғой?
Ұ.: Бар. Ол – шындық. Туннелдің ішінде уақыт басқаша өтеді. Ол цивилизацияның әсері әлі бізге жеткен жоқ. Үлкен-үлкен қозғалыс болғаннан кейін Жер бетіне олар да шығады. Сол өркениеттің адамдары.
Ш.: Зұлымдық Күштеріне жақтас адамдар ма?
Ұ.: Иә.
Ш.: Демондар ше?
Ұ.: Демондар үшін екі-ақ жол бар. Не қырылады, не Жерді билеп қожа болады. Басқаға шама жоқ. Кемелері болса да ұшып кетуге шама жоқ. Олардың болашағы өте нашар. Ғарыш Шайқасындағы жеңілістен кейін мыңдаған жыл бойы қаңғып жүру оларға апат алып келеді. Өйткені денесі тозады. Өлмейтін, тозбайтын жалғыз Тәңір ғана. Басқалары қанша күшті болса да бәрібір өледі. Сондай оқиғалар келе жатыр.
Менің адамдарға айтатыным: шыдаңдар, күтіңдер! Ешбір көтерілістің, қантөгістің керегі жоқ. Бәрі де өз ретімен келеді. Апат келгеннен кейін адамдар бәрін де тастайды. Бизнесті де, саяси құйтырқылықты да, жерді бөлуді де, біреуді қырып-жоюды, күш көрсетуді де ұмытады. Бұрынғы ғадеттің бәрі боққа кетеді. Солай, Жәнібек!