ЖАҢА ӨРКЕНИЕТТІҢ КІТАБЫ
Ш.: Аға, енді қараңызшы. Ертең кеме келіп, адамдарды карантинге алып 2-3 ай тұратын болса айналада айқай-шу, ұрыс-керіс басталып кетпей ме? Небір көкдолы әйелдер бар ғой: «маған болмаса, саған да болмасын!» дейтін.
Ұ.: Жоқ. Ондай оқиға үшінші, төртінші сатыда болуы мүмкін еді. Біз енді Алтыншы Сатыдамыз. Сонда барлық ментал, астрал дүниесі – ол Алтыншы Саты балаларының дүниесі. Ол жыл сайын көбейіп өсіп жатыр. Ал, арам ойлы, ұсақ пиғылды адамдардың астрал, ментал дүниесі жыл сайын төмендеп жұтыла береді. Сөйтіп ақырында ешкімге әсер ете алмайтын титтей жұқа дүние боп қалады. Үлкен өзгеріс болмағанша оның бәрін жойып тастау мүмкін емес. Бірақ олардың қоғамдық санаға әсер етер шамасы болмайды. Олардың күштері де жоқ.
Қазір өңкей фашистердің, исламистердің күштері қалмады. Бұрынғыдай қантөгіс шығаруға, елді ертіп кетуге қауқары жоқ. Олардың уақыты өтіп кетті. Өркениеті келмеске кетіп бара жатыр. Ақырындап қоштасып оларды шығарып жіберу керек. Өз өмірлерін сүріп, өз өлімімен тып-тыныш өлуі керек. Барлық талап осы.
Ш.: Сіз ғаламтордан видеосын көрдім деген шал – өзін «Бақиятолла Махди» деп жариялаушы адам бірнеше жыл бұрын фейсбукке «Ақ Сарбаз» деген парақша ашып өзін: «мен Ақ Сарбаз – Маһдимін» деп жариялаған еді. Соңғы уақытта видеоларын жиілетіпті. Бірақ оны қолдайтын көп халық көрмедім.
Ұ.: Оның сөзінде ешқандай күші жоқ қой. Мен әкелген Ілімде жаңа цивилизацияның мағынасы толық ашылған. Графиктері, схемалары, таблицалары, түсініктемелері бар. Цивилизацияның барлық құрамы жазылған. Нағыз үлкен ғалымдардың миы оны қорытуға, түсінуге жетпей жатыр әлі.
Ал, мынау шал жай сиқыршы, көзбояушы. Ондайлар бола береді. Бұл жаңалық емес. Әрбір шыққан пайғамбардың, миссия атқарушының өз бағдарламасы болуы керек. Саяси ортада сондай ғой. Егер біреу: «мен сүйтемін-бүйтемін» деп шығар болса, біріншіден бағдарламасын көрсетуі керек. Бағдарламасы жоқ болса, ол жай былжырама. Большевиктердің 99 пайызы осындай болды.
Қазіргілердің мақсаты оншақты, жүз шақты жалған пайғамбарларды шығару. «Солай істесек, Ақ Сарбаз көрінбей, назардан тыс қалады» деп ойлайды. Бұл – өте ескі тәсіл. Бұл төртінші, бесінші баспалдақта тиімді болған шығар. Ал, қазір өтпейді. Қазіргі халық интернет арқылы барлық ақпаратты алуға шамасы бар. Бұрын газетпен тарайтын. Листовка тарататын. Қазір интернет арқылы кез-келген жерге кіріп, бәрін көріп алуға болады.
Жалған пайғамбарлардың сөздері сұлу, тілдері шешен, білімдері ұшан-теңіз сияқты көрінгенімен арғы көкейі нені көксеп тұратыны сезілмей қалмайды. Программасы өте күшті, Алтыншы Саты өркениетінен де асып түсетін жердүниеде ешқандай күш жоқ.
Қазіргі ең күшті білім – Алтыншы Саты өркениетінің мен жазған кітабы. Егер жаңа шыққан пайғамбар өз кітабын шығарып, жаңа білімді паш етіп жатса, қарсылығым жоқ. Көрсетсін. Схемаларын, графиктерін көрсетсін. Егер олар көрсете алса, мен одан да биігін тауып берем. Бірақ олардың теорияларының болашағы жоқ. Олардың өлімі келе жатыр. Миллиардтаған ақшасы толып тұр. Алайда ол ақшаның өмірді ұзартуға ешқандай құны жоқ. «Құр өлгенше, қарекет қылып өлейік» деген далбаса тірлігі осындай жалған пайғамбарларды шығаруда.
Ал, анау шалға мен күлемін. Сонда тамам түнекшілердің жабылып маған қарсы дайындағаны осы шал ғана ма?
Жаудың қимылдай бастағаны идеяның күш алғанын көрсетеді. Мен оған қуанамын. Әлі талай-талай сұмдықтар шығады. Бірақ халық оларға сенбейді. Олар кереметін дәлелмен көрсетуі керек. Қазір сұлу сөзді сапырғанды ешкім де бағаламайды. Керек болса қазір әркім өзін кішкентай пайғамбар санайды.