ҮРЛЕНГЕН МАКАРОН
Ұ.: Кеңес заманында институтта оқып жүрген студенттерді жазғы каникулда ауылшаруашылық жұмысына тартатын дәстүр болды. Мен де студент кезімде тың игеру науқанына араласқаным бар. Біз барған жер Павлодар облысындағы егін совхозы болатын. Қызыл ту станциясында пойыздан түскен соң 200-300 шқ солтүстіктегі Чапаев совхозына алып келді. Бригадаларға бөліп жатыр. Біз бес жігіт – мен, Коля Чумак, Сергей Косаткин, Адольф Пульман, Қайыр Мунькин біріктік. Бізге Дина Битанова деген қыз аспаз болып қосылды. Барлық бригадаға тамақ пісіре алатын бір-бір қыздан бекітіліпті. Сөйтіп бізді совхозға алып келді. Совхоз директоры бізді қабылдап әр бригадаға бір-бір үйден берді. Матрац, одеял, тыс маталар берілді. Біз матрац пен жастығымыздың ішіне шөп салып, төсегімізді өзіміз дайындап алдық.
Ш.: Неге?
Ұ.: Біздің кезімізде осылай болатын. Ішінде мақтасы жоқ, сыртқы тысын ғана беретін. Совхозда шөп көп. Біз осы жұмысқа үшінші рет келіп тұрғандықтан бұған үйренгенбіз.
Сөйтіп біздің алғашқы тамағымызды алып келді. Сиырдың бір аяғын, бір қап картоп, жарты қап пияз, оншақты капуста, сәбіз, бір қап күріш.
Ш.: Тоңазытқыш бар ма?
Ұ.: Жоқ. Етті қуырғанынан қалғанын тұздап алуың керек. Совхоз жұмысшыларға не керегін әбден зерттеп алған ғой.
Завхоз кеткен соң Дина мені сыртқа шақырды. Оңаша жерге шыққан соң сұрады:
– Едихан, сен үлкен әулеттің адамысың ғой. Аңшысың. Сен тамақ дайындау білесің бе?
– Білемін! – дедім, – Тағамның түр-түрін дайындау білмесем де ас, сорпа, қуырдақ, палау дайындауды әрине білемін.
– Сен мені үйретші – дейді.
Шошып кеттім:
– Дина, сен білмеуші ме едің?
– Жоқ!
Сөйтсем ол анау ұлы металлург, Социалистік Еңбек Ері, Жоғарғы Кеңес депутаты Битановтың кенже қызы екен.
Бригадаларға бөліп жатқан кезде қыздардың тамақ пісіре білмейтіндері қара жұмысқа жіберілген-тін. Олар тоқта дәнді күрекпен күреп бункерге түсуін қадағалайтын.
– Тамақ пісіру білмесең қара жұмысқа неге бармадың?
– Қара жұмыс істеу де қолымнан келмейді!
– Жарайды, жүр көрсетейін – дедім.
– Пияз арши бер – деп өзім пышақ алып ет турап жатырмын. Қазан, кастрюл, шәйнек бәрі де бар. Тамақты ағашпен жағатын ошақта пісіреміз. Мен отты ағашпен тұтатып, үй маңында жинаулы тұрған сиырдың кепкен тезегін алып келдім. Келсем пиязды қойып, көзінен жас парлап отыр. Сөйтсем нағыз ақсаусақтың өзі, тіпті пияз аршып та көрмеген екен. Пышақты суға малып пиязды өзім турап бердім. Картоп тазалағаны тіпті сөкет. Ағаш жонғандай қылып жатыр.
Қазанға май құйып етті пиязбен қуырдым. Үстіне су құйдым. Енді су қайнаған соң оған картоп пен макарон салу керек. Ол макаронды алып салғалы жатыр. «Бұл ақсаусақты бір қатырайын» деген ой келді.
– Тоқтай тұр! – дедім, – макарондарды үрлеу керек!
– Не үшін?
– Ішіндегі ұнын шығару үшін!
Қарап отырмын. Ол ұзын макаронды бір-бірлеп аузына салып үрлей бастады. Сыбызғыда ойнағандай. Жігіттер аң-таң боп қарап отыр.
Дина енді макаронды үш-төртеуін алып бір үрлеуге көшті. Ақырында уыстап үрлейтін болды. Мен күтіп отырмын. Уақыт бар. «Жарайсың!» деп оны мақтап қоямын. Ақырында су да қайнады. Үрленген макарондарды қазанға салып, тұзын көріп, бір мезгілде тамағымыз дайын болды. Тамақтанып жатырмыз. Дина сұрайды:
– Қалай, жігіттер тамақ дәмді ме?
– Әрине дәмді! Қыз үрлеген макарон өте дәмді болады екен! – деп жігіттер қыран-топан. Ол алданғанын сонда ғана түсініп «Ақымақ! Ақымақ!» деп мені ұрғыштап жатыр...
Мен таңертең пісіретін күрішті жатар алдында суға салып қойдым. Таңғы тамағымызды ішкен соң біз жұмысқа кетеміз. Түскі асты асханадан береді. Кеште үйге келіп Динаның дайындаған тамағын ішетін болдық. Ол заманда үйде телевизор, радио, интернет жоқ қой. Іштері пысқан ауыл әйелдері өздері келіп Динамен сөйлесіп, тамақ дайындауға әбден үйретіп шығарыпты.
Совхоздың тамағы да өте жақсы болды. Таңертең алты адамға алты литр сүт пен үш литр қымыз беретін.
Ш.: Бұл нешінші курста болып еді?
Ұ.: Екінші курста. Ол уақытта мен туралы көп-көп аңыздар болды. «Макарон үрлетуші» деген атағым болды. Ол қыз үйіне барғаннан кейін бұны әке-шешесіне айтып, олар құлағанша күліпті.