АҒАРТУШЫ ЖӘНЕ АРАНДАТУШЫ
Ш.: Сіз жариялаған ақпараттарды әрі қарай өрбітіп кітап қылып шығарып жатқан, бірақ Сіз туралы ештеңе айтпайтын белгілі адамдар бар.
Ұ.: Айтпай-ақ қойсын. Олардың мені айтқанының маған керегі жоқ. Ең бастысы менің айтқанымды тыңдап, менің идеямды жалғастырғаны – менің жолыма түскенінің белгісі. Ол мен үшін үлкен қуаныш.
Ең бастысы – халықтың сезімін ағарту керек. Қолдан жасалған жалған тұлғаларға табынуды тоқтатып, халық ақ пен қараны ажырата алатындай сезімі көтерілуі керек. Ештеңе емес. Ел Сталинге, Ленинге табынған заманнан өтті. Назарбаевқа табынған заманнан да өтті. Шын тарихты білуге ұмтылыс басталып жатыр.
Ш.: Қазақты көтерілуге арандатып, ұрандатып жүрген айғайшыл оратор адамдар да жетерлік. Қытайдан шыққан Серікжан Біләш секілді...
Ұ.: Олардың бар мақсаты – үлкен шу шығару. «Көтерілеміз! Орнынан түсіреміз! Құртамыз! Халық көтерілмесе құриды! Біздің интеллегенция – бетсіз адамдар!» деген байбаламның көздегені – дау-жанжал.
Провакатор екені түрлерінен көрініп тұрады. Олардың артынан ерушілер болады. Бірақ бәрінің жолы – тығырық.
Халық жұмыс істеп, кітап оқып санасын дамытып, шама келсе бейбіт жолмен дамуы керек. Ал, халықты шулатып көтеріліске бастау, ол – қисық жол. Халыққа осылай деп айт.
Ш.: Кейбіреулер Қырғызстанды үлгі қылады ғой: «Қырғыздар билік ұнамаса атқа мініп шығады да төңкеріп тастайды. Біз – қорқақпыз. Ештеңе жасай алмай бұғып отырмыз» деп
Ұ.: Жоқ, біз қорқақ емеспіз! Біз – болашақтың адамзатымыз. Болашаққа апаратын нағыз бірінші қасиет, ол – шыдамдылық. Әсіресе Жерден Жерұйыққа апарғанда түрлі рудың, түрлі мамандықтың адамдары болады. Талай дәулет пен білім игерген жандар да болады ішінде. Сонда дәулетті мен білімді емес, шыдамды адамдар дамиды ол жерде.
Ш.: Бізде жүрген айқайшылардың бірталайы М.Әбіләзовтың сойылын соғып жүр.
Ұ.: Ол да революционер ғой. Оған елге келіп қазаққа жақсылық жасау емес, таққа отыру маңызды. Мақсаты – билікке келіп бәрінен кек алу. Әр елде, әр мемлекетте ол секілді шетелде жүрген оппозиционерлер әрқашан пайда болады. Оларға да шыдау керек. Жарайды. Үріп-үріп аяғында қояды.
Халық қазір революцияның жолымен емес, Эволюцияның жолымен жүруі керек. Өйткені адамзат үлкен апаттардың алдында тұр. Соған дайын болуы керек. Өз үйін жинастырып, етек-жеңін түзетіп отыру керек.