ҚАСТАНДЫҚ
Ш.: Армысыз, Аға! Мазаңызды алып жатқан жоқпын ба?
Ұ.: Жоқ-жоқ. Мен дайынмын.
Ш.: Науқастанып қалған жоқсыз ба?
Ұ.: Жоқ. Кішкене суық тигендей болды.
Ш.: Қазір Қазақстанның көптеген жерінде тұмау вирусы тарап, балалар да үлкен кісілер де жөтеліп ауырып жатыр.
Ұ.: Еее, жарайды. Мен сақтанып жүремін. Көшеге шығып келсем қолымды жуамын. Ештеңе емес. Үй жылы. Тамақ бар.
Ш.: Дәрі-дәрмегіңіз бар ғой, иә?
Ұ.: Бәрі де бар, Құдайға шүкір.
Ш.: Сіздің тұрақты оқырмандарыңыздың бірі мұғалім Айнұр Полатова чатқа өзі жасаған «Ізгілік кілті» жобасы бойынша оқушыларды «Ақ Сарбаз» Іліміне баулыған жұмысының 1 айлық есебін берді. Қазір каналға ол кісінің шәкірттері де тіркеліп, осы ілімге қызығушылық танытуда.
Ұ.: Өте күшті! Бәріне де ғылыми фундамент қойған. Мен ризамын. Сөйтіп менің ілімімнің балаларға қасиетті Түркістаннан тарайтыны өте жақсы болды.
Бәрі дұрыс жылжуда. Мен жұмысымды істеп жатырмын. Өзің көріп тұрсың, шет елде не боп жатқанын. Путин келіп кетті біздің Астанамызға.
Содан кейін оның артынан маған тағы да бір үлкен қастандық жасауға жоспар құрылды.
Ш.: Мәссаған!
Ұ.: Бірақ ол жоспар қазір жойылып кетті. Мен сол кездері екі аптадай үйден шықпай қойдым. Бандиттер мені далада күтумен жүрді. Менің ойымша олар басқа ұлт жендеттері. Алматыда жүрген жансыздар көп қой.
Қастандықты кім ұйымдастырғанын мен білмеймін. Бірақ аруақтар ескертті. Мені өлтіруге өте күшті дайындық болды.
Соны сезгендей бір қап тамақпен Аниса келді. Мұрат шәкірті алып келді. Бауырым келіп кетті.
Ш.: Азық-түлікті бізге айтыңыз, курьер арқылы, болмаса Бекжан арқылы жеткіздіреміз ғой.
Ұ.: Иә, білем. Қиыншылық кезде басқа да достарым келіп-кетіп тұрды. Мен үйімнен қарашаның аяғына дейін ешқайда шыққан жоқпын. Дәл қасымда кішкене дүкен бар. Бұрын соған кіріп сүтім мен нанымды ала салатынмын.
Олар менің далаға шығуымды күтті. Ақыры 30-қараша күні олардың тапсырысы жойылып кетті. Сөйтіп жол ашылды. Кеше қасымдағы үлкен дүкенге барып алма, жеміс-жидектер алдым.
Қай жерге кірмеу, қай жаққа бармауды өзім білемін. Маған көрсетеді. Мен үйде қозғалмай отырған кезде «банк қызметкерімін» деп біреу келді. «Банкке барып депозитті жалғастыруыңыз керек. Шартты уақыты бітті» деп мәлімдеді. Мен банкке телефон соқтым. Ондағылар: «Бізде ондай мәселе жоқ. Депозиттің уақыты бітсе, өзіміз ұзарта береміз. Еш қам жемеңіз» деді.
Сөйтсем мені үйден алдап шығаруға әрекет болған екен. Аулама біреу кірсе көршілерім бәрін көріп тұрады. Күдікті бірдеңе сезсе олар қолма-қол телефон соғады. Қазір бәрінің де соткалары бар.
Ш.: Аға Сізде галактикааралық қайық бар еді ғой. Ол туралы ештеңе айтпайсыз соңғы кезде. Сол бар ма қазір?
Ұ.: Ол дайын. «Ақ Сарбаз» кітабындағы Жерұйықтың суретін көрсең, соның аспанында галактикааралық қайық тұр. Мені әрі-бері алып келіп, алып кетіп тұрады.
Ш.: Астрал дүниеде ме?
Ұ.: Иә, сол жерде жүруге. Ол әлемдегі жалғыз адамға арналған кеме.
Ш.: Ал, Физикалық Дүниеде де бар ма?
Ұ.: Бар. Оны мен түбіне дейін сезген де жоқпын. Сол қайықпен жүргенде Гиперкеңістікке шықтым. Бірақ физикалық денем барда қайықтан шығып ондағыларға қосылуға менің ешқандай шамам жоқ.
Ғарышта менің физикалық денемді сақтау туралы бір проект бар. Ол үшін мені сол қайықта өмір-бақи қалдырады.
Ш.: Пралайя біткенше ме?
Ұ.: Иә. Ғарышта тағы да бір Люцифер шықса, оны залалсыздандыру үшін миллиондаған жыл жаңа Ғарыш Сарбазын өсіру керек. Ал, Сарбаз дайын тұрса, қайтадан өсіріп керегі не?! Дайын сарбазды консервілеп тастау керек. Талай көрдім сол кемені. Оның ішінде тіпті маған арналған алма бақ та бар. Бақ үлкен боп көріну үшін қабырғаларына айналар орнатылған. Өлшеп көрдім, ұзындығы он метр. Дәп менің бұрынғы үйімдегі алма бағым секілді.
(Жалғасы бар...)