📱📱«Адамдардың миы Tik Tok пен Reels көргеннен шіріп жатыр» – зерттеу
Бірер апта бұрын Оксфорд университеті жыл сөзі ретінде «brain rot (ми шірігі)» тіркесін жариялады. Бұл сөз тіркесі көп адамды ойландырды.
Десе де америкалық нейробиологтың айтуынша, миымызда хабенула деп аталатын шағын, бірақ маңызды аймақ бар. Мидың бұл бөлігі шешім қабылдау және мотивация сынды маңызды дүниелерге жауап береді. Тіпті ол мотивацияны қосып, өшіре алады.
Хабенула желілердегі алаңдаушылық пен негативтен шаршап, құтылғыңыз келген кезде іске қосылады. Нәтижесінде адамның бұл күйден шығуы қиын. Өйткені хабенула мотивацияны өшіріп тастайды. Салдарынан есте сақтау қабілеті нашарлайды. Адам зейінін де, өмір сүруге деген құлшынысын да жоғалтады. Осылайша ми «шіриді» екен.
Расымен, қазіргі таңда Тиктокта бірнеше сағаттап болмайтын видеолар мен мәнсіз эфирлерді көріп отыратын адамдар қаншама. Жасы да, кәрісі де, алтын уақыттарын құртып. Содан кейін ми шаршамай қайтеді?! Ал сіз тиктокта, жалпы әлеуметтік желілерде қаншалықты көп отырасыз?👇
▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram