Atameken Business - Жаңалықтар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Сенаторлар бюджет шығысын 60 млрд теңгеге ұлғайтты

Жоғары палатаның депутаттары бүгін ұлттық қордың құжатын мақұлдаса, бюджет жобасына түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды.

Сондай-ақ сенаторлар мемлекеттік қарыздың шектен асқанын мәлімдеп, Үкіметтің экономика өседі деген болжамдарына күмән келтіріп, инфляцияға қатысты жоспарына сенбейтіндерін жеткізді.

Нақтыласақ депутаттар 2025 жылға арналған 5,5-7,5% инфляция дәлізі бұрынғыдай ұран болып қала береді деп есептейді. Әрі мемлекеттік қарыз 2,5 трлн теңгеге жеткенінін айтты. Қаражат тапшылығы кезінде бюджетті жоспарлау тиімсіздігі тағы бар.

«Заңды талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 135 ұсыныс келіп түсті. Олар салыстырмалы кестеге келтірілді.

2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңгеге ұлғайту бойынша ұсыныс қолдау тапты. Шығыстарды ұлғайту Үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады», - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.


Қосымша қаражат ауыз сумен қамтамасыз етуге, газбен жабдықтау жүйесіне, жылу және электр қуатына, көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңірлерді ілгерлетуге, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға бағытталады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Сенат Ұлттық қордан қаражат алу құжатын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді

Үкіметтің бүкіл мүшесі бүгін Парламенттің жоғары палатасына келіп, “2025-2027 жылдарға арналған бюджет” және “Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт” туралы заң жобасын қорғады.

Маңызды құжат бойынша, әр 3 жыл сайын Ұлттық қордан 2 трлн теңге алу көзделген.

"Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 және 39,4 доллар деңгейінде белгіленген.

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы – 62,2 млрд доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 және 78,7 млрд доллар болады", - деді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Депутат Р. Берденов: «Шетел брендтерінің ретробонус, акция және нарыққа кіру жеңілдіктерін заңмен реттеу қажет.» Мақсат – нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау. Бұған көзқарасыңыз?
Опрос
  •   Дұрыс! Отандық бизнесті қорғау қажет
  •   Келіспеймін! Соның салдарынан арзан дүние қалмайды, керісінше, олардың тәсіліне көшкен жөн
  •   Нарықтық экономика жағдайында бағаны жасанды түрде теңестіру - орынсыз
  •   Сіздің пікіріңіз...
82 голосов


Репост из: AB Silk Way
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🚨 Робот иттерден, өздігінен жүзетін кемелерден және қашықтан басқарылатын көліктерден тұратын жасанды интеллектке негізделген патрульдік топ Дүниежүзілік интернетті басқару конференциясында қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
15 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер Ресейде ұсталды

Павлодар облысы Ақсу қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлап, оның өліміне себепші болған қылмыскер 15 жылдан кейін ұсталды. Ол Ресейдің Краснодар өлкесінде қолға түсіп, Қазақстанға экстрадицияланды.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

“2008 жылы күдікті кәмелетке толмаған қызды зорлап, қылмысы ашылып қалу қаупінен қорқып, таныстарымен бірге оның өліміне қатысқан. Қызды күштеп көлікке отырғызып, қала сыртына алып шыққан. Жолда сыбайластарының бірі оны буындырып өлтіріп, қылмысты жасыру мақсатында денесін далаға көміп кеткен”, - делінген хабарламада.


Оқиғадан кейін күдіктілердің көпшілігі ұсталғанымен, басты фигурант қашып үлгерген. Оны осы жылдың қыркүйегінде ғана құқық қорғау органдары Ресей аумағында анықтады.

Қазіргі уақытта қылмыскер Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.

“Оған он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, - дейді Бас Прокуратура. 


Иран астанасын ауыстыруды ұйғарды.

Билік ел ордасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіруді қолға алды.

Өйткені қазір Тегеранда 14 миллионнан аса адам тұрып жатыр. Ол әлемде халқы ең көп шоғырланған қаланың бірі. Одан бөлек, экологиялық жағдайы мәз емес. Зілзала қаупі де жоғары. Су тапшылығы тағы бар. Таулы аймақ болған соң, жаңа инфрақұрылым нысандарын салу оңай емес. Осының бәрін ескере келе, билік астананы көшіруді жөн санапты.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz










Президенттің Венгрияға мемлекеттік сапары аяқталды

✍️Екі елдің ресми делегациялары 6 құжатқа қол қойды. Консулдық, инвестициялық жобалар, құрама жем өндірісін іске қосу, теміржол, мұнай-газ және банк саласына қатысты келісім бекіді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен де кездесті. Мажарстан кәсіпкерлеріне энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, цифрландыру, қаржы нарығы секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеп, елге шақырды.

Ол жиында да 7 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келісім ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру, білім салаларына және бірлескен инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты.

“Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 миллион доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр”, – деді Президент.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!☀️

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Тасмағамбетов Қорғаныс министрімен ОДКБ отырысына дайындық мәселесін талқылады

📍Басқосу Астанада болады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Астанада 28 қарашада өтетін отырыстың әзірлігін талқылады.

Сондай-ақ тараптар әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты.

«ҰҚШҰ-ның Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараны нығайту жөніндегі бағдарламасын алдағы уақытта бекітудің маңыздылығы атап өтілді», - делінген ұйым таратқан хабарламада.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Соңғы 5 жылда Қазақстан азаматтығынан бас тартатындар саны азайған

Бұл туралы Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық еткен жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

Басқосуда Қарин соңғы 5 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны азайып келе жатқанын және бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін айғақтайтынын атап өтті.

Мысалы,

🔻2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса,

🔻2020 жылы – 944,

🔻2021 жылы – 123,

🔻2022 жылы – 114,

🔻2023 жылы – 107,

🔻ал 2024 жылдың 10 айында 30 адам азаматтықтан шыққан.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Самұрық-Қазынаның» қайырымдылыққа жұмсалатын қаржысын тексеру қажет

Депутат Асхат Аймағамбетов жалпы осы сынды квазимемлекеттік ұйымдарды бақылауға алу қажет деген пікірде.

«Самұрық-Қазынаның қайырымдылық жұмыстары бойынша арнайы қорлары бар.

Бірінші кезекте, осы квазимемлекеттік ұйымдардың қайырымдылыққа жұмсайтын қаражатын жақсылап тұрып қарауымыз қажет. Менің ұстанымым бюджеттен шығатын қаражат толығымен бақылауда болуы қажет.

Қазір талқыға салынып жатқан Бюджеттік кодексте осы квазимемлекеттік ұйымдардың қайырымдылыққа жұмсайтын қаржысын тексеру мәселесі қамтылған», – деді депутат.


Аймағамбетов қайырымдылық қорларының жабылатынына сенбейді. Тек реттеу ережесін бекітіп, бақылау жеткілікті дейді.

Видео: Балжан Смаилова

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
“Жаңа әкім келген сайын күрт өзгереді”: Астананың бас жоспарындағы ережелер неге сақталмайды

Бүгін «Түскі формат» бағдарламасында қаладағы қаптаған құрылыс мәселесі көтерілді. Оның барысында депутаттардың Астанада ауданның инфрақұрылымдық қажеттігін зерттемей тұрғын үй кешендерін салуға шектеу енгізу ұсынысы талқыланды. Соның барысында сәулетшілер одағының вице-президенті өз ойын жеткізді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


❗️Елшілік Украинада жүрген қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берді

Елшілік барлық азаматты әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асып, дереу пана табуға, жеке басының қауіпсіздігін ойлауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды.

Украинадан кеткісі келетін қазақстандықтар Польша немесе Молдоваға өтіп, әрі қарай коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Елшілік Молдоваға кіру үшін виза қажет еместігін, ал Польшаға Шенген визасымен ғана кіре алатынын ескертеді.

Украинада төтенше жағдайға тап болған қазақстандықтар елшіліктің консулдық бөліміне немесе сенім телефонына хабарласа алады: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031, +380673470408.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


«Самұрық-Қазына» 2023 жылғы кірісінен мемлекетке дивиденд төлемейді

Былтыр қордың таза кірісі 1,7 трлн теңге болған. Таза пайдасының 7%-ын немесе 50 млрд теңгесін «Қазақстан халқына» қорына аудармақ. Қалғаны қордың өзінде қалады.

«Самұрық-Қазына» шешімі KASE сайтында орналастырылған.

«Таза кірістің бір бөлігі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтер сатып алу үшін қор мен оның компанияларының иелігінде қалсын», – делінген Үкімет қаулысында.


Былтыр Қор мемлекетке жалпы сомасы 1,4 трлн теңге көлемінде төлем жасады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Соның ішінде 1,3 трлн теңге бюджетке дивиденд ретінде аударылды. Ал 67 млрд теңгесі “Қазақстан халқына”қорына бағытталды. Қалған 133 млрд теңге әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға бөлінді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💸Орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөлінеді

Министр Саясат Нұрбек бұл көп емес деді.

Бүгін мәжіліс осыған қатысты заңды қабылдады.

Естеріңізде болса, Тоқаевтың бастамасымен «орыс тілі ұйымын құру туралы» шартқа 2023 жылы Бішкекте ТМД елдер басшыларының саммитінде қол қойылған.

Министрдің сөзінше, орыс тілі БҰҰ-ның ресми тілі мәртебесінен бөлек, ТМД, ОБСЕ, ОДКБ, ШОС, ЕАЭО сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардың жұмыс тілі саналады.

Халықаралық ұйым құрылса, Қазақстан жыл сайын жарна төлейді.

«Ресми процедура біткеннен кейін, заңға президент қол қойғаннан соң, 6 елдің бүкіл министрі жиналып, бұл ұйым қалай жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдайды. 2025 жылдың басында негізгі шаралар басталады. Әр мемлекет ұйымның бюджетіне қаржы құяды. Қазақстан бөлетін қаржы – 43 млн теңге. Бұл көп емес, – деді министр.


Айта кетейік, халықаралық ұйымға 6 ел кіреді: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан. Орталығы Сочиде болады.

Сұрақ қойған: Балжан Смаилова


💸Ауысқан уақыттың әсерін зерттеуге 100 млн теңге қаражат жұмсалмақ

Бұл туралы ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты.

Сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі жаңа уақыт белдеуінің адамға әсерін зерттеу үшін 160 млн теңгеге өтініш берген. Бірақ министр 100 млн теңге бағытталуы ықтимал дейді. Енді осыған байланысты конкурс жарияланады.

Зерттеу жұмыстарына физиология және география институттары қатысады.

❗️Саясат Нұрбектің айтуынша, қаражаттың мақсатты жұмсалуына Денсаулық сақтау министрлігі кепіл болады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

Показано 20 последних публикаций.