📚Электронды кітаптар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
📍Реклама @dalareklanabot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Скидка до 2500 тенге на первый заказ еды в Yandex Go

Пройдите квиз от Yandex Go и получите скидку до 2500 тенге на ваш первый заказ еды 😊

Начать

#жарнама


Репост из: DALA INSIDE
Қош бол, Черчесов. Жаңа президент қазақ футболына революция жасамақ

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды. Ол туралы инсайдты біз өткен айда берген болатынбыз.

"Марат Омаров келесі аптада футболдан ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесовты орнынан алады. Оның контрактындағы өтемақыны (шамамен 1 миллион доллар) меценат Тимур Турлов өз қалтасынан төлеуі мүмкін", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Жаңа президент құрама бапкері ретінде Нұрбол Жұмасқалиевті көріп отырған сияқты. Жұмасқалиев қазір "Тобыл" футбол клубын жаттықтырады және бапкер ретінде мықты тәжірибе жинады. Талғат Байсуфиновқа қарағанда Жұмасқалиевтің психологиялық аурасы мықты. Ол ойыншыларға тиімді мотивация бере алады.

Футбол федерациясын басқаратын Марат Омаров бір жағынан Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы. Ол енді агенттіктен кете ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Марат Омаров кезінде кәдімгідей кәсіби деңгейде футбол ойнаған.

Қазақ футболының толық тазалауға ұшырайтынын осының алдында жазған едік. Клубтарда тиын жасап жүрген агенттер мен функционерлер жаппай тексеріле бастады. Антикор мен Қаржы мониторингі агенттігі футбол спецификасын түсінетін консультанттар тауып, мәселені аяғына дейін жеткізбек. ФИФА рейтингінде Қазақстан Тәжікстан мен Суданнан қалып қалғандықтан, құраманы жаңа деңгейге жеткізу бойынша үлкен жоспар қабылданып отыр.

Қойылған міндет - тез арада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастау. Марат Омаровқа барлық қажетті жағдай жасалатын болады. Бастысы, ол нәтиже көрсетуі керек.

Футбол жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз👇

https://t.me/dalainside


💵Қазіргі заманда ақшаны үнемдеу ғана емес, оны көбейту мен тиімді пайдалану да маңызды. Ол үшін қаржылық сауаттылықты арттырып, нарық жаңалықтарына сақ қарау қажет.

🔍 Бұл тақырыпта ақпараттың көптігінен көз сүрінеді. Бірақ сауатты, түсініктілерінің көбі орыс тілінде. Ана тілімізде сапалы контент жүргізетіндер аз. Сол аздың ішінен, қарасаң көңілің тоятын ТЕЛЕГРАМ КАНАЛ тауып алдым. Қаржы әлеміндегі ең маңызды ақпараттарды, талдаулар мен кеңестерді кереметтей ұсынады. Керемет дейтінім, инфографика жасап, түсінуге ыңғайлы етеді. Оған қоса кәсіби сарапшылардың пікірін ұсынып, көбіміз түсіне бермейтін статистиканы ұғынықты етіп, «миға құйып» береді.

📈 Экономика мен инвестициялар туралы соңғы жаңалықтар мен сараптаманы алғашқылардың бірі болып білгіңіз келсе «EGEMEN FINANCE» каналына тіркеліңіз.

💡Ақшаңызды үнемдететін, трендтерден таса қалдырмайтын, баю жолдарын көрсететін, экономикалық білім беретін, инвестиция игілігін нұсқайтын, қаржы қағидаларын түсіндіретін – https://t.me/egemenfinance

📧 Қосылыңыз, қаржылық болашағыңызды бірге қалыптастырайық!


Репост из: DALA INSIDE
🔥 "Өзге Қазақстан" операциясы: Шерзат ісінен екінші Қаңтар жасаудың әрекеттері басталды

Ескі Қазақстанның олигархтары мен ықпалды шенеуіктерінің биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастағанын жазған болатынбыз. Олардың идеологтары Талғардағы Шерзат ісін триггер ретінде алып, 16 желтоқсан күні жастарды көтеру үшін Тик-ток пен Инстаграм желісінде "За Шерзата" кампаниясын бастады. Кампанияға 300 миллион теңгедей қаржы бөлінген.

"Координаторлар штабы жұмыс бағытын екіге бөлді. Фронталды топ активистерден құралған. Олар аудиториясы үлкен блогерлер, әншілер мен танымал адамдарды "отписка" жасаймыз деп бопсалап, Шерзат ісіне қатысты пікір білдіруге итермелеуде. Оларға ертеңге дейін дедлайн қойылған. Ал екінші бэк-офис программистер мен монтаж мамандарынан тұрады. Олар әлеуметтік желілерге Қаңтар оқиғасындағы, Астана-Челси футбол матчындағы жанкүйерлер маршының видеоларын монтаждап, адамдар Шерзат ісіне қатысты жиналуда деп келтіріп, дезинформация жасауда", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


"Өзге Қазақстан" жасырын ұйымының белсенділігі қазан айынан бері күрт артты. Қазір олардың қолында кемінде 500 белсенді аккаунт жинақтап отырған кәсіби ботоферма бар. Негізгі электораты жастар және кәсіподақтар болып табылады.

Соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейткенін жазған болатынбыз. Егер қаладағы тик-ток жастар көтерілсе, ізін ала әлеуметтік талап қойған жұмысшыларды көтеру жоспары да болуы мүмкін. Моноқалалар мен ірі кәсіпорындарда кемінде екі миллион адамнан асатын топ бар. Бұл үлкен күш.

Мәскеудегі Путин мен Назарбаев кездесуінің 16 желтоқсанға үш күн қалғанда өтуі де тегін емес.

DALA INSIDE бұл бағытты үнемі назарда ұстап отырады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
🔥 "Өзге Қазақстан" операциясы: Шерзат ісінен екінші Қаңтар жасаудың әрекеттері басталды

Ескі Қазақстанның олигархтары мен ықпалды шенеуіктерінің биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастағанын жазған болатынбыз. Олардың идеологтары Талғардағы Шерзат ісін триггер ретінде алып, 16 желтоқсан күні жастарды көтеру үшін Тик-ток пен Инстаграм желісінде "За Шерзата" кампаниясын бастады. Кампанияға 300 миллион теңгедей қаржы бөлінген.

"Координаторлар штабы жұмыс бағытын екіге бөлді. Фронталды топ активистерден құралған. Олар аудиториясы үлкен блогерлер, әншілер мен танымал адамдарды "отписка" жасаймыз деп бопсалап, Шерзат ісіне қатысты пікір білдіруге итермелеуде. Оларға ертеңге дейін дедлайн қойылған. Ал екінші бэк-офис программистер мен монтаж мамандарынан тұрады. Олар әлеуметтік желілерге Қаңтар оқиғасындағы, Астана-Челси футбол матчындағы жанкүйерлер маршының видеоларын монтаждап, адамдар Шерзат ісіне қатысты жиналуда деп келтіріп, дезинформация жасауда", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


"Өзге Қазақстан" жасырын ұйымының белсенділігі қазан айынан бері күрт артты. Қазір олардың қолында кемінде 500 белсенді аккаунт жинақтап отырған кәсіби ботоферма бар. Негізгі электораты жастар және кәсіподақтар болып табылады.

Соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейткенін жазған болатынбыз. Егер қаладағы тик-ток жастар көтерілсе, ізін ала әлеуметтік талап қойған жұмысшыларды көтеру жоспары да болуы мүмкін. Моноқалалар мен ірі кәсіпорындарда кемінде екі миллион адамнан асатын топ бар. Бұл үлкен күш.

Мәскеудегі Путин мен Назарбаев кездесуінің 16 желтоқсанға үш күн қалғанда өтуі де тегін емес.

DALA INSIDE бұл бағытты үнемі назарда ұстап отырады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside


Демалыс пен мереке күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер, жәрмеңке мен Christmas Night Market, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Еске саламыз, "Үйде жатпа!" арнасында белсенді пікір қалдырған бес оқырманға еліміздің кез-келген қаласынан 2 кино немесе театр билетін сыйлаймыз (сеанс, күн және уақытты өзіңіз таңдайсыз), немесе 10 000 теңгеге кітап сатып алуға сертификат беріледі. Сонымен қатар, айдың ең ақылды пікірі номинациясы бар. Пікірлердің саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың бірінші күні шығарылады. Баршаңызға жақсы демалыс пен сәттілік тілейміз!

Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa


Репост из: DALA INSIDE
Құпия құжаттың кілтипаны: Есекеев Тоқаевтың атынан бұйрық таратқан ба?

Осындай атпен Exclusive-те жарық көрген мақала DALA INSIDE-тың назарын аударды. Зерттеуде президент кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің Тоқавтың атынан берілгендей етіп таратқан бұйрықтарының заңдылығы мен мақсаттарына күмән келтіріледі. Мақаланы ықшамдап ұсынғанды жөн көрдік...

2024 жылғы 6 желтоқсанда вице-премьер Серік Жұманғарин төрағалық еткен кеңесте тауарларды маркировкалау және олардың қозғалысын бақылау мәселелері қарастырылады.

Бұл жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан, алайда таңбалауға тікелей тартылған кәсіпкерлер бұл талқылаудан тыс қалған.


Араға үш күн салып «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов кәсіпкерлермен кездесіп, вице-премьер кеңесінде талқыланған мәселелерді түсіндірген.

Осы кезде бір қызық жайт анықталған: жиналғандардың ешбірі президент Тоқаевтың тауарларды таңбалау туралы тапсырмасы бар екенін растай алмаған. 2020 жылғы Еуразиялық экономикалық кеңестегі баяндамасынан басқа, ресми құжат табылмаған.

Тек Қуанышбек Есекеевтің қараша айының соңында Тоқаевтың атына жазған қызметтік хаты ғана болған.


«Қазақтелекомның» экс-төрағасы, қазіргі Президент кеңесшісі өз ұсынысында тауарларды таңбалау жүйесін күшейтуді және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынған...және Ресейдің тәжірибесін алға тартқан.

Ол Ресейдегі тәжірибені мысалға келтіре отырып, бұл жүйе арқылы салықтық түсімдердің артқанын және көлеңкелі экономиканың қысқарғанын дәлелдегісі келген.

"Бірақ бұл деректер шынайы нәтижеге сай келмейді. Ресейде таңбалау жүйесі салықтық түсімді арттырғаннан гөрі, тауарларға жалған таңбаларды жаппай сатудың жаңа нарығын қалыптастырды. Ресейдегі кәсіпкерлер бұл жүйеге қарсы петициялар ұйымдастырып, оның бизнесті күйрететінін ашық мәлімдеді", - деді осы тұста жиынға қатысқан сарапшылар.

Бұдан бөлек, Есекеевтің қызметтік жазбасында "кассалық алшақтық" туралы мәселе көтерілген. Алайда, заңгер Айна Қайдарованың айтуынша, "кассалық алшақтық" тек бухгалтерлік есепте қолданылатын термин, оның таңбалау жүйесімен байланысы жоқ. Бұл жерде мәселе нақты салықтық бақылаудың әлсіздігі мен кеден қызметінің жеткіліксіз жұмысында жатыр.

Сонымен қатар, Есекеев қызметтік жазбасында "кейбір кәсіпкерлер тауарларды шикізат ретінде декларациялау арқылы таңбалаудан жалтаруда" деген пікір білдірген.

"Бірақ бұл мәселе импорттаушыларға емес, кеден қызметіне бағытталуы тиіс. Кейбір деректерде таңбалау жүйесінің шығындары шағын және орта бизнес үшін айтарлықтай ауыртпалық туғызатыны анықталған. Таңбалау шығындарына байланысты көптеген кәсіпкерлердің бизнесі тоқтап қалу қаупі бар", - дейді осы Exclusive.

Президент Тоқаев 2020 жылы Еуразиялық экономикалық кеңесте тауарларды таңбалауға қатысты абай болуға шақырып, бұл үдерістің бизнеске теріс әсерін ескерткен еді. Соған қарамастан, таңбалау міндетін белсенді түрде енгізу жалғасып келеді. Бұл шараның артында кімдердің пайда көретіні жайлы сұрақ туындайды.

❗️Exclusive-тің жазғанындай таңбалау жүйесінің жалғыз операторы ретінде «Қазақтелеком» компаниясы бекітілген.


Кәсіпкерлердің айтуынша, таңбалау жүйесінің басты мақсаты көлеңкелі экономиканы қысқарту емес, монополиялық құрылымдардың мүддесін қорғау. Бұл жүйе арқылы түскен қаражат мемлекет емес, жеке компаниялардың шотына ауып жатыр.

Бизнесмендердің пікірінше, Президенттің 2020 жылғы ескертулері мен монополияны жою туралы тапсырмаларын ескере отырып, таңбалау саясаты қайта бағалануы керек. Ең бастысы бұл үдерістің артында кімдер пайда көріп отырғанын қоғам ашық білуі тиіс.

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
⚡️ Танымал заңгер Шерзаттың ағасының өліміне қатысты пікір білдірді...

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Талғардағы трагедия кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасының өліміне байланысты DALA INSIDE-қа пікір білдірді. Ол бұл оқиға тек бір отбасының трагедиясы емес, бүкіл қоғамның қабырғасын қайыстырып кетті дейді.

Айгүл Орынбектік сөзінше, қылмыстық оқиға орын алғаннан кейін, отбасы мүшелері ауыр психологиялық жүктеме түседі.

"Әсіресе, мұндай жағдайда психологтардың көмегі өте маңызды. Өкінішке қарай, біздің қоғамда адам өлімі орын алған жерлерде психологтардың жүйелі түрде жұмыс істемеуі күрделі мәселе болып қала береді.

Жас баланың қайтыс болуы отбасының ішкі қарым-қатынасында ауыртпашылық туғызды.


Мұндай жағдайда, “егер сол түні бұлай істемегенде”, “мен кінәлімін” сияқты өзара айыптаулар мен ішкі күйзелістер сөзсіз пайда болады. Осылайша, отбасы мүшелері бір-бірін немесе өздерін кінәлап, жағдайды одан әрі ауырлатуы мүмкін", - дейді заңгер редакция тілшісіне берген жауабында.

Бұл оқиғада, атап айтқанда, мылтықтың ағасының қолында болғаны туралы мәліметтер бар.

"Егер ол оқиға орнына қаруды алып келген болса, оның өзін-өзі кінәлі сезінуі мүмкін. Ішкі кінәлау сезімі оны осындай қадамға итермелеуі ықтимал. Алайда, бұл жағдай тек тергеу барысында толық анықталуы керек.


Дәл қәзір тергеу кезінде қысым жасалған-жасалмағаны туралы сұрақ қоғамда алаңдаушылық тудырады. Егер мұндай жайт орын алған болса, бақылаушы органдар, атап айтқанда прокуратура, бұл жағдайға тиісті құқықтық баға беруі тиіс. Бұл оқиғаның қоғам бақылауында екенін ұмытпаған жөн. Ашықтық пен әділдік принциптері қатаң сақталуы керек", - дейді Айгүл Орынбек.

Заңгер мұндай ауыр жағдайларда отбасына тек адвокаттың емес, психологтардың да көмегі қажет екенін атап өтті.

"Қайғыға душар болған адамдарға кәсіби психологиялық қолдау көрсету олардың ауыр жағдайдан шығуына және қателіктер мен қайталанатын трагедиялардың алдын алуға ықпал етеді. Біз бұл оқиғаны тек қайғы ретінде емес, қоғамдағы маңызды мәселелерді көрсететін жағдай деп қабылдауымыз керек. Отбасыға көмек көрсетіп, тергеудің әділдігіне қол жеткізу - тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті", - дейді Айгүл Орынбек.

Еске салайық, бүгін Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша, ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті.

Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова жасөспірімнің ағасының өлі табылуына қатысты мәлімдеме жасаған.

Бұған дейін бірқатар телеграм-каналдарда “Шерзат Болаттың ағасы төбелес кезінде қаруды бірінші алып шыққан, сол үшін өзін айыпты сезініп, өз-өзіне қол салған” деген ақпарат тараған-ды.


Адвокат Тәуекелова бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр.

“Біз Нұрқанатты өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу органдарына өтініш жібердік. Күдіктілер Нұрқанатқа дене жарақаттарын келтіріп, 3-4 мәрте жамбасы мен төсіне пышақ сұққан. Аталған әрекеттер адамды өмірінен айыруға тікелей бағытталған, яғни нақты ниетпен жасалған деп есептейміз”, - дейді адвокат.

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
⚡️Трамп: Путин 600 мың сарбазынан айырылды...

АҚШ-тың ескі де жаңа президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Сириядағы соңғы оқиғалар мен Украинада болуы мүмкін өзгерістер туралы жазба жариялады.

Оның негізгі ойлары келесідей:

«Асад енді жоқ. Ол өз елінен қашып кетті. Оның қорғаушысы болған Ресей, Владимир Путиннің басшылығындағы Ресей, оны қорғауға енді мүдделі емес.

Ресейдің Сирияда болуына негіз жоқ еді. Олар Украинадағы жағдайға байланысты Сирияға деген қызығушылықтарын жоғалтты. Украинада шамамен 600 000 ресейлік сарбаз жарақат алған немесе қаза тапқан. Бұл соғыс ешқашан басталмауы керек еді және шексіз жалғасуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Ресей де, Иран да әлсіреген жағдайда: Ресей – Украина мен нашар экономика салдарынан, ал Иран – Израильдің әскери табыстарына байланысты.



🇺🇦Зеленский мен Украина бұл ақылға сыймайтын соғысты тоқтату үшін келісімге келгісі келеді. Олар 400 000 сарбазынан айырылып, одан да көп бейбіт тұрғындардың өмірін жоғалтты.

Соғысты дереу тоқтатып, келіссөздерді бастау керек. Көптеген өмір босқа қиылды, көптеген отбасылар қирады. Егер бұл жалғаса берсе, жағдай одан да күрделі және қауіпті нәрсеге ұласуы мүмкін.

Мен Владимирді жақсы білемін. Қазір оның әрекет ететін уақыты келді. Бұл ретте Қытай көмектесе алады».

https://t.me/dalainside


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен UFC 310 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді.

Бұл оның UFC ұйымындағы жетінші жеңісі болып табылады. Ал Иэн Гэрри үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.


UFC президенті Дана Уайттың мәлімдеуінше, Рахмонов пен Гэрри арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпион Белал Мухаммадқа қарсы титулдық кездесуге шығуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бастапқыда Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінде Белал Мухаммадпен кездесуі тиіс еді, алайда чемпионның сүйек инфекциясына байланысты операция жасатуына орай бұл кездесу кейінге шегерілді.

Жекпе-жек 8 желтоқсан күні таңертең Қазақстан уақытымен өтті. Бұл кездесуде Рахмонов өзінің шеберлігін тағы да дәлелдеп, жанкүйерлерін қуантты.

Электронды кітаптар


Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер, фестиваль, кинокөрсетілім, жәрмеңке, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa


Репост из: DALA INSIDE
⚡️ Академик Жұмаділдаев: Назарбаевтың тұсында Есімовке дейін "Еңбек ері" атанды...

Қазақтілді ортаға сыйлы, "абстрактілі тақырыптардан" аулақ жүретін академик Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша Назарбаевтың ғалымдарға бүйрегі бұра бермейтін.

DALA INSIDE түнеукүні Тоқаевтың қолынан марапат алған ғалымның Assyltas арнасына берген сұхбатын шолып шыққан еді.

Республика күні қарсаңында президент Тоқаев Асекеңді "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттаған. Ғалымның айтуынша, бұл оның тұңғыш мемлекеттік ордені.

Ғалым ескі Қазақстанның дәуірлеп тұрған шағында да мұндай сый-құрметке ұсынылғанын жасырмайды, алайда әлдебір себеппен санаттан сызылып қала берген.


"Менде медаль болғанымен, мемлекеттік ордендер жоқ екен. Академия мені "Құрмет" орденіне ұсыныпты. Қомсынбағаным емес, "мұны жас балалар да алып жатыр ғой, олармен жағаласып жүргенім жарамас" деп едім, сөйтсем заң сондай екен. "Құрметті" кеудеңе таққасын, тағы бес жыл күтесің. Бірақ кейін Президенттің пәрменімен бұл шешім өзгертіліпті. Ақыр соңында, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алдым", – дейді Асекең.

Ғалым сол күнгі Астана көшесіндегі кептелістің кесірінен Ақордаға автобуспен баруға мәжбүр болған.

"Такси шақырып едім келмеді. Амал жоқ, автобусқа міндім. Бір студенттер танып қалып, сәлемдесті. Бір сағатқа жуық жүріп, Ақордаға әрең жеттім. Сол аралықта құттықтап қоңырау шалғандар көп болды, бірақ не үшін құттықтап жатқанын өзім білмеймін", – деп еске алды ол.

Академиктің айтуынша экс-президенттің ғалымдарға бүйрегі бұра бермейтін. Назарбаевтың заманында ғылым-білім қуған қауымға мұндай атақ сирек берілетін.

Ескі Қазақстанның кезінде Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовке дейін берілген "Еңбек ері" ғалымдарды айналып өте берген.


"Менің орденімнің арғы бетінде 52 саны таңбаланып тұр. Осы сәтке дейін бұл төсбелгі 52 адамның кеудесіне тағылыпты. Соның тең жартысын Назарбаев табыстаған екен. Бірақ Есімовке, ірі холдинг басшыларына, ұстаздарға, дәрігерлерге, ақын-жазушыларға берген екен. Ғалымдарға бұйырмаған. Мүмкін, осы санаттағы алғашқы лауреат мен шығармын", - дейді академик.

Бұған дейін сұхбатының бірінде Асқар Жұмаділдаев мырза "қазаққа ақын емес, технократ керек" деп, еліміздің технологиялық дамуға мұқтаж екенін атап өткен еді. Ғалымның экс-президентті ашық сынаған кезін еске түсіре алмай тұрмыз.

Дегенмен, Назарбаев билігінің соңында "шикізат емес, ақыл сататын заман туды" деген Жұмаділдаев Үкіметтің "ата-бабамыздың барлық байлығын бытырлатып сатып жатқанын" сынаған еді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Репост из: Dala Finance
💵 "Ұлттық қор – балаларға": 2025 жылы әр баланың шотына қанша доллар аударылатыны белгілі болды

Бүгінгі Сенат отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев бұл көлем 118-120 доллар, ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 130 доллар болып қалатынын бажайлады.

"Былтыр 1 ақпанда алғаш рет 7 миллионға жуық баланың әрқайсысының шотына 100 доллар 52 центтен есептеп салдық. Бүгінде қаражат доллармен есептеледі. Екіншіден, ол сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кіріске келсек, биыл біз 2,6 пайызбен санадық. Енді келесі жылы жалпы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп болжап отырмыз. Балалардың санын ескере отырып, 1 қаңтарда бұл сома 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деген болжам бар. Бірақ 1 ақпанға дейін күте тұрайық. Дұрыстап есептеп, сол кезде нақты цифрды айтамыз", – деді Қаржы министрі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әріптесінің сөзін қолдады.

"Әр балаға 130 доллардан болып қалады. Бірақ, 1 қаңтарға дейін қанша бала дүниеге келеді, қаншауы 18 жасқа толады, осының бәрін әлі есептеу керек. Тиісті ақпаратты сол кезде хабарлаймыз. Ол ақша инфляциядан қорғалған, өйткені қаражат доллармен сақтаулы", – деді Сүлейменов.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


Репост из: Ақша менталитеті
💰 Теңгедегі депозиттерге кәмпенсация төлене ме?

2022 жылы доллар бағамының күрт өсуі кезінде Ұлттық банк теңгелік депозиттерге арнайы компенсация бағдарламасын енгізген еді деп жазады Ақша менталитеті.

Бұл шешім азаматтардың жинақтарын қорғау және теңгеге деген сенімді сақтау мақсатында қабылданған болатын. Бірақ, бүгінгі күні бұл механизм қайта қолданылмайды. Неліктен?

Ұлттық банк төрағасы 🇰🇿 Тимур Сүлейменовтің айтуынша, сол кезеңдегі ахуал қазіргіден мүлдем бөлек. 2022 жылы геосаяси шиеленістердің әсерінен доллар бағамы 400 теңгеден 530 теңгеге дейін күрт өсті. Ол кезде депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі 8-9% аралығында болған, ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 15%-ға дейін жетті. Яғни, қазіргі депозиттер өз алдына әлдеқайда жоғары табыстылықты қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, Сүлейменов мемлекет бюджетінің қазіргі шектеулеріне назар аударды.

Компенсация бағдарламасы үлкен қаржылық шығындарды талап етеді, ал қазір мемлекеттің қаржы ресурстары шектеулі.


"Теңгедегі депозиттер доллармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді және қарапайым. Сондықтан, осындай бағдарламаны қайта енгізу жоспарланып отырған жоқ," – деді ол.

Қысқаша айтқанда, Ұлттық банк қазіргі депозит мөлшерлемелерін жеткілікті жоғары деп санап, қосымша қолдауды қажетсіз деп тауып отыр.

https://t.me/aqsha_mental


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қыз – зат емес! Депутат Жаңбыршин эмоционалды үндеу жасады...

Мәжілісте депутат Еділ Жаңбыршин қыздарды еркінен тыс алып қашу мәселесін көтеріп, ел назарын аударды.

Ол мұндай әрекеттердің тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететінін атап өтті.


«Мен ондай жігіттерді түсінбеймін. Қазақта «Қыз – қонақ» деген сөз бар. Ер жігіттің парызы – қыздың көңілін тауып, өзіне сенім артуына жол ашу. Ал қызды көшеден күштеп алып қашу – бұл нағыз ұятсыздық. Қыз зат емес, тауар емес, ол – адам!» – деді Жаңбыршин өз сөзінде.

Депутат қыз алып қашу дәстүр деп танылған кейбір жағдайлардың қоғамға тигізетін кері әсерін ерекше атап өтті. Ол бұл мәселені ұлттық қауіпсіздік деңгейінде қарастыру керек деген ой айтты.

«Мұндай жағдайлар біздің ұлттық мәдениетімізді қорлайтын әрекет. Бұл тек жеке отбасылық мәселе емес, бұл – ұлттық моральдың құлдырауының белгісі. Біз ондай әрекеттерді қатаң жазалап, жас ұрпаққа дұрыс үлгі көрсетуіміз қажет!» – деп түйіндеді депутат.

Депутаттың үндеуі көпшіліктің қызу талқысына түсіп, түрлі пікір туғызуда.

Қалай ойлайсыз, қыз алып қашу дәстүр ме, әлде жабайылық па?

Электронды кітаптар


Репост из: DALA INSIDE
⚡️ Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі кен орындарын 🇨🇳 қытай инвесторлары сатып алуда

Мәселен, Энергетика министрлігі ұйымдастырған соңғы онлайн аукционда мұнай мен газ қорына бай 6 кен орнының бесеуін Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлар сатып алған деп жазады DALA INSIDE upstreamonline таратқан мәліметке сүйеніп.

Сауда барысында ең жоғары бағаны Sozak Oil & Gas компаниясы ұсынған екен. Геобарлаумен айналысатын компания Ұлытау облысындағы бастапқы бағасы 73 миллион теңгеге бағаланған Бестақыр учаскісі үшін 23,4 миллиард теңге (шамамен $45 миллион) көлемінде өтінім берген.

Компания Қазақстанда тіркелгенімен, негізгі акционері ретінде Нидерландта тіркелген Sino-Science Netherlands Petroleum компаниясы көрсетілген. Соңғы иесі қытайлық Хуэй Лин деп тұр.


Компания аукцион шартына сай 17 желтоқсанға дейін келісілген соманы толық төлесе, оған осы аумақта мұнай мен газды барлау және өндіру құқығы беріледі.

🔸Бестақырдың аумағы 4700 шаршы шақырымнан асып жығылады. Әзірге мұнда ірі кен орындары табылған жоқ, дегенмен дәл іргесіндегі Құмкөлдың мұнай қоры шамамен 1 миллиард баррельге бағаланып отыр.

Құмкөлдің өзін қазір Turgai Petroleum және PetroKazakhstan Kumkol Resources бірлесіп игеруде. Екеуі де Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен қойын-қолтықтасып жұмыс істейді.

Аукциондағы екінші ең жоғары өтінімді Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy компаниясы берген. Олар Атыраудағы 1977 жылы ашылған Кұлсары учаскісі үшін 2,6 миллиард теңге ұсынған. Компания Сингапурда тіркелген Weiye Trading-ке тиесілі.

Үшінші орынды Pro Explore Mining Company түйіндеп отыр. Олар Атырау облысындағы Қиғаш аумағы үшін 1,7 миллиард теңге ұсынған. Бұл компанияның түп иесі де қытай бизнесмені.

Компания Қазақстанда екі-үш ай бұрын ғана тіркелген. Бұған қарап "бұлар арнайы осы аукционға қатысу үшін құрылған болуы мүмкін" деген болжам жасауға болады.


Қалған үш учаскі де Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлардың бақылауына өткен.

Upstreamonline-ның дерегінше, Astana Guangming Mining мен HarmonyOre Mining Company Қытайдан келген инвесторлармен тығыз байланысты. Былайша айтқанда, бұлардың артында шетелдік капитал тұр.

"Аукционның ерекше назар аударар тұсы кей компаниялардың күні кеше ғана тіркеліп, қысқа мерзімде стратегиялық активтерге қол жеткізгені. Айталық, қыркүйекте тіркелген компанияның ірі жер телімдерін иеленуі аукционның әділетті өткеніне күмән туғызады", - деп пайымдайды DALA INSIDE.

Шетелдік инвестицияның қажеттілігі түсінікті, алайда мұндай мәмілелердің ашықтығы мен ұлттық мүддеге сәйкестігі жіті назарда болуы керек.

Бұл туралы алдағы күндері айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside


Репост из: Ақша менталитеті
⚡️ Тимур Турлов не дейді...

Қазақстанда теңгенің бағамын нарыққа толықтай еркін жіберу дұрыс емес. Өйткені бұл теңгенің тұрақсыз болып, бағамының жиі құбылуына әкеледі. Турлов оның орнына, басқа елдердің тәжірибесін қолдануымыз керек деп санайды.

Мысалы, Азербайжан, Армения, Қытай, БАӘ сияқты елдерде валюта бағамын үкімет пен ұлттық банктер бақылайды. Олар валюта бағамының тым қатты өзгеруіне жол бермейді, соның арқасында инфляция төмен, экономика тұрақты.

Сонымен қатар, Турлов Қазақстандағы пайыздық мөлшерлеме (мысалы, базалық мөлшерлеме 15,25%) тым жоғары екенін айтады. Бұл несиелерді қолжетімсіз етіп, қарапайым адамдар мен кәсіпкерлер үшін ақша алуды қиындатады.


🇺🇸 АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме 5%-ға жуық. Турловтың ойынша, Қазақстан бұл айырмашылықты азайтып, пайыздық мөлшерлемені төмендетуі керек. Егер айырмашылық 2-3%-ға дейін азайса, экономика өсіп, инвесторлар Қазақстанға көбірек ақша сала бастайды.

Теңгенің бағамы тұрақты болса, ел экономикасына сенім артып, импорттық тауарлар қымбаттамайды. Бірақ мұндай саясатты іске асыру үшін мемлекет ұлттық валютаға көп ақша жұмсауға мәжбүр болады, ал бұл оңай шаруа емес.

Турловтың ұсынысы Қазақстан валюта бағамын қатаң бақылап, инфляция мен теңге құнсыздануын азайтуға бағытталған қадамдар жасауы керек.

https://t.me/aqsha_mental


Репост из: DALA INSIDE
💸 Орыстарда доллар жоқ! Теңгенің құлдырауына ресейлік компаниялар себепкер болды - сарапшы

Экономист Расұл Рысмамбетов ақша айырбасына қатысты шындықты жайып салды.

"Рубльмен табыс табатын ресейлік, сол секілді кейбір отандық компаниялар алдымен жаппай теңге сатып алады, содан соң долларды сатып алуға көшуде. Меніңше, Қазақстандағы қор биржасындағы сауда-саттықтың жоғары көлемі осымен байланысты".

Осылай деген экономист Расұл Рысмамбетов Ұлттық банк пен Үкімет алдында шешуі тиіс күрмеуі қиын үлкен мәселе тұрғанын айтады, деп хабарлайды DALA INSIDE.

"Қазір олар кез-келген бағада доллар сатып ала береді, өйткені бұл долларды ресейлік тауарларға айырбастау өте тиімді болып тұр. Осылайша олар Қазақстанды ірі ақша айырбас орнына айналдыруда", - деп жазады сарапшы.

Ол қараша айының соңында Ресей Федерациясына шетел валютасы түріндегі түсімінің басты көзінің бірі болып келген "Газпромбанкке" қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін жағдай күрделене түскенін еске салады.


"Мосбиржада доллармен сауда-саттық жасауға тыйым салынды. Сондықтан рубльге шаққанда доллар құны өзгере береді, 100 рубль дейсіз бе, 1000 рубль дейсіз бе, бәрібір. Өйткені оларда доллар жоқ. Ресейдің іскерлік қауымы шетел валютасы тапшылығы қылаң бергенін жақсы түсініп отыр", - дейді экономист.

Сондықтан, ең бірінші кезекте, Ресей тарапынан долларға деген сұраныс қатты болып тұр.

"ЕАЭО-ны алмағанның өзінде Ресеймен біз белсенді түрде сауда-саттық жүргіземіз. Сондықтан ресейлік тауарларды сатып алу арнасын жабу – ақылға қонымсыз.

Ендеше ресейлік нарықтағы дүрбелең ақша бағамы мен инфляция арқылы бізге келіп жете береді.


Теңге бағамы рубльге байланбаған, тек Қазақстан мен Ресей экономикасы – көршілес, аралас-қоралас дегендей. Сондықтан оларда болып жатқан оқиғалардың ықпалынан біз жалтара алмаймыз. Сол себепті енді Ұлттық банк пен Үкімет шетелдіктердің банктер арқылы шаңсорғыш құсап "Қазақстаннан валютаны" сора бермес үшін ерекше шаралар қабылдауға мәжбүр болады, – дейді сарапшы.

Осы жағынан алғанда, маманның айтуынша, Трамп биліктің басына келіп, Украинадағы соғыс мәселесін шешкенге дейін қыруар ресурс шығындалайын деп тұрған секілді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 23 мың ресейлік компания жұмыс істейді, оның 4 мыңы соңғы жылдары ашылған. Көрші елдің іскерлік ортасының жылы орнын суытып, үдере көшуіне санкция түрткі екені анық.

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Репост из: Ақша менталитеті
🏦 Қазақтар ақшасын қай банкте сақтайды? Kaspi, Halyk және ЦентрКредит көш бастады...

2024 жылдың қазан айында қазақстандық банктердегі депозиттер көлемі 1,7%-ға артып, 39,3 трлн теңгеге жетті. Өсім негізінен 15 банкте байқалса, 6 банкте қаражаттың азаюы тіркелген.

Халықтың сенімі бойынша көш бастап тұрған 🏦 Kaspi Bank депозит көлемін 3%-ға өсіріп, 6,4 трлн теңгеге жеткізді. 🏦 Halyk Bank-тағы депозиттер 2%-ға өсіп, 11,9 трлн теңгеге жетсе, ЦентрКредит банкі 2,8%-дық өсіммен 4,6 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, кейбір банктерде депозиттердің азаюы байқалды.


Jusan Bank депозиттерінің көлемі 1,8%-ға төмендеп, 1,5 трлн теңгеге дейін кеміген. Қытайдың Қазақстандағы еншілес банктерінде де жағдай аса мәз емес: Bank of China 285 млрд теңгеге, ал Индустриялық және Коммерциялық Банк (ICBC) 181 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Бұл тенденция салымшылардың сенімі азайғанын немесе нарықтық бәсекелестіктің күшейгенін білдіруі мүмкін.

Ең аз депозиттер ADCB және Заман банкінде тіркелген – сәйкесінше 15,6 млрд және 26,4 млрд теңге. Бұл көрсеткіштер исламдық банкингтің әзірге кең танымал бола қоймағанын көрсетеді.

Желтоқсан айында депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгертілді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемені 13,8%-дан 14,8%-ға дейін көтерсе, сақтық депозиттер бойынша мөлшерлемені сәл төмендеткен.

Осынау өзгерістер салымшылар үшін банктерді таңдау кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Kaspi, Halyk және ЦентрКредит депозиттерді тартуда сенімді көшбасшылар болса, басқа банктерде клиенттер сенімі үшін күрес күшейіп жатыр.

Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental


Репост из: DALA INSIDE
🚂 ҚТЖ-ның жаңа басшысы туралы ауыр келіссөздер аяқталуға жақын

Астанада жабық консультация өткізген тараптар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компания басшылығына Астананың қазіргі әкімі Жеңіс Қасымбек лайық деп тапқан сияқты. Ұсақ детальдар ғана қалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Ақорда, Үкімет, Самұрық-Қазына үшеуі де ҚТЖ-дағы жағдайға мүлде риза емес. Компанияның қарызы 2,9 триллион теңгеге жетіп отыр. Ұлттық компания ескі қарызды жабу үшін жаңа қарыздар алуда. Нұрлан Сауранбаев бастаған қазіргі менеджменті ұсақ-түйек күнделікті сұрақтарды шешкенімен, жүйелі, күрделі, ұзақмерзімді шешімдер қабылдай алмады.

"Қасымбек ҚТЖ-ның психологиясы мен философиясын өзгерту үшін таңдалды. Себебі 30 жыл бойы Қазақстан темір жолы трансформациядан өте алмады. Ескі консервативті догма құрсауында келді", - дейді дереккөз.


Бірақ Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа жылды өткізіп, қаланы әсемдеп, жаңа 2025 жылғы жұмыс күнін бастамай елорда әкімдігінен кетпеуі тиіс. Сауранбаевтар да 2024 жылғы бонустарын алу үшін толық календарлы жылды аяқтасын деген ойға тоқтаған.

Ал Астана әкімі креслосына кім келеді? "Ол сұрақтың жауабы ең үлкен кабинетте айтылады. Бірақ Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың шоқтығы биік. Ұсынылған үш кандидат арасында да Смайылов досьесі ұзақ талқыланды", - дейді дереккөз.

Мемлекет басшысының Әлихан Смайыловқа деген көзқарасы өте жақсы. Қазақтың Әлиханы өзінің ұлтқа деген қызметі, кәсібилігі мен адалдығы, және жұрт біле бермейтін қаржылық есеп стандарттарын шемішкедей шаға алатын деңгейімен танылған болатын.

Смайыловқа қатысты бір дилемма тұр. Ол әрине, Астана қаласын жайната алады. Бірақ оны әкім қыла отырып, біз Жоғары аудиторлық палатаны әлсіретіп алуымыз мүмкін. Қазір ЖАП Қазақстан мемлекеті үшін Астана әкімдігінен де маңызды орган болып тұр.

DALA INSIDE Қазақтың Әлиханының көңіл-күйін қалт жібермей қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside

Показано 20 последних публикаций.