Поэзия өлеңдер Қазақша🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Поэзия оқуға қызығушы жастарға арналған арнамызға қош келдіңіз.Арнамызда өлеңдер және оқу үшін фон музыкалар барлығы сіздер үшін🇰🇿
@uska_agay сұрақтар бойынша😊
Инстаграм арнамада тіркелші😊👇
@ozanchik03

T.me/poeziya_muzika

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций




Сені ойлаумен өтіп жатыр әр күн
Сені ойлаумен өтіп жатыр әр түн.
Сақтамадық сезімдерді мүлде
Бұздық біздер махаббаттың салтын.

Сағынумен өтті қанша уақыт
Сен бар сәттер сезіндірген бақыт.
Тастап кеттің қарамастан мүлде
Қала берді жүрек от боп жанып.

Өзіңменен армандарым кетті
Сақтамадың жүректегі сертті.
Махаббатқа мас болған бұл жүрек
Сөндіре алмас оңайлықпен өртті

Нурик Бай




Тағы, міне, қоштастым бір күніммен,
Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.
Тоқтатып көр толассыз қозғалысты,
Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен.
Айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,
Алға аттады күнім де ардақтаған.
Мынау жарық әлеммен бірге айналып,
Заулап барам, бір күні аунап қалам.
Аунап қалам...
Білемін, білемін мен!
Ажыраймын жармасқан тірегімнен.
Құлай білем,
Себебі, жүре білгем,
Құсым ұшса болғаны жүрегімнен.
Бір құсым бар кеудемде-зынданымда,
Бірге туған менімен, туғанымда.
Байғұсыма бостандық берсем болды,
Аунап кетпей әзірге тұрғанымда.


Оқыған @gashykzhan ❤️


🥹🥹🥹


ЖАРЫҒЫМ

Күдер, күдер!
Күрделі, Ұлы шынжыр.
Сезім, сезім!
Сұлу сөз, үні сылдыр.
Жүрегіңнің қағысын маған арнап,
Шексіз сүйдің үзілмей үмітің бір.

Мен де сүйдім үздігіп, үнсіздікпен,
Бір ақылмен,
Бір оймен,
Бір шындықпен.
Махаббатқа масайтып, мені саған,
Тәңір байлап қойғандай тылсым жіппен.

Біз әуелден әлемге жалғыз, жалғыз,
Жаны бірге жаралған тағдырлармыз.
Сағынышпен, аңсармен дәл осындай
Арыламыз түбінде бар мұңнан біз.

Нұр жүзіңе талмадым тамсанудан,
Мен солайша құтылдым қанша мұңнан.
Жарығым-ау,
Жоғалту қандай қиын,
Сәттің бәрін — мен сүйген, сен сағынған!

Сәттің бәрі — мен сүйген, сен сағынған,
Көз алдымда сырғыды-ау сонша жылдам.
Менің мына күнәһар болмысымды,
Жалғыз сенсің — ұнатқан болса бір жан!


Мұқағали ТАШКЕНОВ


Жүрген едім,
Мұңды боп сезсең мені.
Көзіме елемей де еш пендені.
Сен алдыма келгенде сезілді айқын,
Алатаудың естілді ескен желі.

Қалған сәтте кездейсоқ ұшырасып,
Қарайлады күлімдеп бәрі маған,
Тұрды мұңды көзіңнің мысы басып.
Бейшарадай сезімге жарымаған.

Көрмегендей сиректеу құбылысты,
Сол сәттерде қарадың сәл таңданып
Өмірде қатқыл,қатал болғаныңмен,
«Мен алдыңа келгенде сезгенім сол,
Балаға ұқсап қаласың жаутаң қағып.»

Диана Мұратқызы.💕


Кешір мені
Кеше салқын болғаны үшін,
Бүгін жаңбар жауғаны үшін.
Қолшатырың үйде қалып,
Алақаның тоңғаны үшін,

Жарық тағы сөнгені үшін,
Жаның жазға сенгені үшін.
Кешке үйге қайтар көлік,
Тым кешігіп келгені үшін.

Түсінбейтін сәттер үшін,
Күн көңілсіз өткені үшін,
Қасық жерге түскені үшін,
Шәйнек тасып кеткені үшін.

Иә, тек мен кінәлімін,
Иә, тек мен кінәлімін!
Керек емес түсінуің,
Керек емес ұға алуың!

Жанбас қайта, өшіргені,
Айта алмайсың шешім кері.
Секунд,
Минут,
Сағат,
Тәулік,
Барлығы үшін кешір мені!
Барлығы үшін кешір ме - ні!

Әлішер Әлімжан


Өлең оқуға күшті фон әуендер сіздер үшін🥹❤️😊




Чатқа кіріңдерші🥹❤️


Көзіңде мөлдір мұң, уайым бар🥹
Оқыған: Муханова Мадина


Мен сені сағындым

Аралап арасын сағымның,
Ақтарып кітабын жанымның.
Ән көңіл жүректі тербейді,
Өзіңді сағындым, сағындым!

Сырларын ақтарған көздерің,
Жадымда сақталған сөздерің.
Әлі де есімнен шықпайды,
Қолымнан ұстаған кездерің.

Аз уақыт бақытқа бөледің,
Бойымды жылытты өлеңің.
Ойларың таулардың шыңындай,
Биіктен көрінсе деп едім.

Сондықтан өзіңмен қоштастым,
«Жалғыздық» сырласпен достастым.
Бірақта, көндікпей жүрегім,
Кейпінде, керексіз бос тастың.

Бұзуға жоқ енді амалым,
«Өкініш» тұрғызған қамалым.
Тұншығар жүректе сағыныш,
Әуенмен тербелер қаламым.


2025.01.01


Репост из: gashyk zhan💚
Жаңа жыл
басталуына аз
сағаттар қалды😊

Жалпы еш нәрсеге өкінбей алға қарап өмір сүре беремін. Өмірімде қалғысы келетіндер қалды. Кеткісі келгендер кетті мен оларды ұстап тұрмаймын. Аллаға шүкір бәрі үшін. Қыйыншылық келсе қуанып қарсы алуды үйрендім😊
2024 ке Үлкенн рақмет 🥹❤️
2025 те Оданда үлкен тосынсыйлар күтіп тұр деп ойлаймын😌😍 мүмкін сүйгенімді кездестірермін.


@gashykzhan ❤️
Жаңажыл сіздергеде құтты болсын🥂🎄


Репост из: 𝚃𝚊𝚗́ 𝚂𝚑𝚊𝚙𝚊𝚐𝚊𝚝𝚢☀️
ЖҮРЕКТІҢ ЖЫРЫ...

Жүректің жырын жаза алмай келем жабығып,
Жүдеттің, күнім,
жанымды менің жауратып.
Жалғанда мынау
жалғыздығымнан арылып,
Жадырап жүрген бейнеңді көрсем — сол бақыт!

Мейірім тұнған мақпал сезімнен мән ұғып,
Мәңгілік құшып,
мәпелеп ,сүйіп, ұнатсақ...
Мөлдір ғаламда
мұнарлы мұңға малынып,
Махаббатыңнан айырылып қалу — бір-ақ сәт!

Мұқағали ТАШКЕНОВ


#өлең 😍🔥


Сүйген жан соқыр көзді – көрмейді алдын,
Менде сол бір үмітім өлмей бардым.
Есімде…көптен күткен кездесуге,
Сен бірақ келмей қалдың…

Сол күні ұялым да үндемеді,
Сол күннен бастап мені мұң демеді.
Есімде…аппақ сезім айғыз жас боп,
Ақ көйлек кірлеп еді…

Сендегі бөтен екен арман, сенім,
Бөтенге бар сезімің арналса – өлім!
Жоқтығын адалдықтың білгенде ғой,
Ақ көйлек алмаушы едім.

Жадыра Байбұланова


Репост из: gashyk zhan💚
Ассалаумағалейкум баршаңызға. 10шы Қаңтарда (Январь) сатылым (Листинг) болады. Достар төмендегі бот көмегінде сіздер тиындарды көптеп жыйнап сатсаңыздар болады. Асығамыз уақыт аз қалды😊👍
👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇

UXUYBOT

☝☝☝☝☝☝☝☝☝☝☝


Ғашық құрбым

Сірә бізге не болып жүр ғашық құрбым,
Түске кіріп ақ бейнеңмен ғашық қылдың.
Алматының мамыражай кештерінде,
Бір бейнеңді көруге асықтырдың.

Асықпын, ынтызармын әлі де мен,
Сенің бойың шумақтар, бәрі өлең.
Сенсіз менің шабытым сарқылып жүр,
Кетем деме сондықтан өмірімнен.

Кетем деме, кет демегің құйын болам,
Сен болмасаң жер үстін шиырланам.
Сенің тұнық даусыңды ести қалсам,
Өлеңменен есімді жиып алам.

Қасымда бол музам менің, ғашық арман,
Сен болғанда қиып өтем тау шыңдардан.
Әлемнің қай бөлігі болса дағы,
Іздеп тапсам білмеймін таусылар дәм.

Показано 20 последних публикаций.