Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдары шамамен үш жылда ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кетті
Қарашада шетелден ақша аударымдары жүйелері арқылы 17,8 млрд тг келіп түскен. Бұл, инфляцияны есептемегенде, өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 25%-ға, ал өткен айға қарағанда 6%-ға аз. Қазіргі көрсеткіштен төмен номиналды деңгей соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында болған еді.
Бірден айта кетейік, Қазақстанға аударымдардың төмендеуі - айтарлықтай жаңа құбылыс емес. Украинадағы әскери қақтығыс аясында олардың көлемі 2022 жыл бойы дерлік қалыптан тыс жоғары мәнді ұстап тұрған еді. Ал келесі 12 айдың ішінде бұрынғы қалыпты деңгейіне ақырындап орала бастады. Сәйкесінше, 2024 жылы да төмендей берді. Алайда қазіргі төмендеуі қандай да бір “соғысқа дейінгі нормаға” оралу емес: қарашадағы деңгейі, тіпті, баға өзгерісін есептемегеннің өзінде тарихи тұрғыда ең төмен. Ал бағаның өзгеруін ескерсек, қазіргі деңгейі - кем дегенде соңғы төрт жылдағы ең төмені.
Соған қарағанда, Қазақстанға аударымдардың динамикасына басқа жаңа фактор немесе бірнеше факторлар жиынтығы ықпалын тигізе бастаған сыңайлы. Бұл орайда тамызда “Золотая коронаның” әзірлеушісі санкцияға ұшырағанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде, қазақстандық банктер осы жүйе арқылы ақша аударымдарын уақытша тоқтатқан болатын, бірақ кейін олардың кейбірі қайта жұмыс істей бастады. Дегенмен, 2023 жылдың қарашасына қарағанда “Золотая корона" арқылы Қазақстанға жіберілген қаржы көлемі 31%-ға азайып, 8,7 млрд тг құрады. Десе де, жалпы аударымдар көлемінде бұл жүйенің үлесі аса қатты төмендемеді - 7 п.т., 49%-ға дейін.
Міне, тағы бір маңызды жайт: қарашада аударымдар барлық негізгі бағыттар бойынша төмендеді (жылдан жылға). Жалпы динамикаға ең үлкен ықпал еткен бағыт – РФ. Сол жақтан келген аударымдар номиналды түрде 44%-ға, 4 млрд тг дейін азайды. Осылайша Ресейдің Қазақстанға жалпы аударымдар көлеміндегі үлесі өткен жылғы 30%-дан 22%-ға дейін төмендеді. Ал төмендеу қарқыны бойынша екінші орында – Корея Республикасы (1,5 млрд тг, минус 42%), үшінші орында – Өзбекстан (1,8 млрд тг, минус 34%).
@DataHub_KZ