РӘБИЯНЫҢ МЕККЕГЕ ҮШІНШІ САПАРЫ
Рәбия жолға шықты тағы бір күн
Татаулы тарқатсам деп көңіл бұлтын.
Меккені алып бетке жүре берді
Жад қылып Жар есімін дүркін-дүркін.
Келеді жасын төгіп, жылап-зарлап:
– Жүзіңді көрсетші, – деп, – Мәлк-үл-мүлкім.
Өкпесін өксік қысып, қиналғанда
Жалын ғып шығарады іштің өртін.
Ышқысы артып Жардың дидарына,
Аяғын баса алмайды сылтың-сылтың,
Еңбектеп, жер бауырлап, бірде аунап,
Жатады естен танып кейде күн-түн.
Ес жиып, тағы Хаққа наз айтады,
Өкпелеп жас балаша бұртың-бұртың.
Сырлы Әуез осы сәтте тағы келді:
– Жиыңыз есіңізді, ерке сылқым,
Көрінсек қазір келіп көзіңізге,
Күл болып кетпейді ме, қалмай жұртың?
Жарыңыз Сізге оңай көрінетін
Емес қой ойнап-күлер қатар-құрбың.
Сөйледі сонда тағы Рабия қыз:
– Жүзіңе тура қарау болмай мүмкін,
Келемін арып-ашып, тым болмаса
Пақырлық берші, Раббым, болсын – мінтім.
Ерлерден қай жерім кем, жүрегім – тең,
Болғанмен жаным – нәзік, нәкәр – сыртым.
Жаратқан тағы да айтты: – Жоқ, Рәбия,
Ықыласты болғанымен кеуіл-құлқың,
Пақырлық бере алмаймын, затың әйел
Болған соң қажет емес Бізге минкум.
Сіз даяр бола алмайсыз пақырлыққа,
Еркіңде, мейлің жыла, мейлің жұлқын.
Пақырлық – Ер адамның несібесі,
Ұмытқан Раббысы үшін күллі мүлкін.
Өздерін мүлде ұмытып кеткеннен соң,
Оларды жақындаттық біртін-біртін.
Егер де «көрін» десе, алыстайды,
Жіберсе пақырлықтың ол да мүлтін.
Дәл қазір арамызда жетпіс перде
Тұтулы, айтар болсам сөздің шынтын.
Сондықтан болмас істі сұрай берме,
Есің жи, жасыңды тый, бетің сүртін!
Сол сәтте көк жүзінен бір ғажайып
Көрінді қанды мұхит толқын-толқын.
Жер-көкке сыймай тасып, толқыған қан
Шошытып, Рабияның басты сұлқын.
Тағы да Әуез келді: – Ей, Рәбия,
Көрдің бе мынау көктің қанды бұлтын?
Кеші-күн қанды жасын төгіп өткен,
Дидардың білер ме едің ғашық жұртын.
Қанды жас көздерінен ағып тұрып,
Ештеңе сұрамады-ау бір сәт, шіркін!
Бір де бір жанға сырын білдірмеді,
Тас қылып даңғойлықтың жапқан құлпын.
Есімін білер жан жоқ бұл ерлердің,
Ешкімнің алмаған соң бұлар шырқын.
Көрсет деп дидарыңды жылай бермей,
Алсаңшы мұнан үлгі сен де бұл күн?.
Рабия сонда айтты: – Ең болмаса,
Меккеңде қалдыр мені, болса мүмкін?
Қалқиып көз жұмғанша отырайын,
Қағбаңның шырақшы ғып, берші кілтін?..
Болмады бұл іске де Хақтан рұқсат,
Өкпелеп көмпейткенмен қаншама ұртын.
Қағбаға тәу еткен соң, елге қайтты,
Разы боп Жар ісіне, бұзбай құлқын...
Тыңдаушым, Рәбияның хикаясы
Осы еді, разы болсаң, сен де сілкін.
Тілекті берсе де Хақ, бермесе де,
Бас ұрып күндіз-түні жатпай, түртін.
Аманат бес-алты күн бұл тірлікте,
Бір күні қайтарармыз Хақтың мүлкін.
Ләйлі Құндақбай.
2023.
https://t.me/Soz_sinergiasy
Рәбия жолға шықты тағы бір күн
Татаулы тарқатсам деп көңіл бұлтын.
Меккені алып бетке жүре берді
Жад қылып Жар есімін дүркін-дүркін.
Келеді жасын төгіп, жылап-зарлап:
– Жүзіңді көрсетші, – деп, – Мәлк-үл-мүлкім.
Өкпесін өксік қысып, қиналғанда
Жалын ғып шығарады іштің өртін.
Ышқысы артып Жардың дидарына,
Аяғын баса алмайды сылтың-сылтың,
Еңбектеп, жер бауырлап, бірде аунап,
Жатады естен танып кейде күн-түн.
Ес жиып, тағы Хаққа наз айтады,
Өкпелеп жас балаша бұртың-бұртың.
Сырлы Әуез осы сәтте тағы келді:
– Жиыңыз есіңізді, ерке сылқым,
Көрінсек қазір келіп көзіңізге,
Күл болып кетпейді ме, қалмай жұртың?
Жарыңыз Сізге оңай көрінетін
Емес қой ойнап-күлер қатар-құрбың.
Сөйледі сонда тағы Рабия қыз:
– Жүзіңе тура қарау болмай мүмкін,
Келемін арып-ашып, тым болмаса
Пақырлық берші, Раббым, болсын – мінтім.
Ерлерден қай жерім кем, жүрегім – тең,
Болғанмен жаным – нәзік, нәкәр – сыртым.
Жаратқан тағы да айтты: – Жоқ, Рәбия,
Ықыласты болғанымен кеуіл-құлқың,
Пақырлық бере алмаймын, затың әйел
Болған соң қажет емес Бізге минкум.
Сіз даяр бола алмайсыз пақырлыққа,
Еркіңде, мейлің жыла, мейлің жұлқын.
Пақырлық – Ер адамның несібесі,
Ұмытқан Раббысы үшін күллі мүлкін.
Өздерін мүлде ұмытып кеткеннен соң,
Оларды жақындаттық біртін-біртін.
Егер де «көрін» десе, алыстайды,
Жіберсе пақырлықтың ол да мүлтін.
Дәл қазір арамызда жетпіс перде
Тұтулы, айтар болсам сөздің шынтын.
Сондықтан болмас істі сұрай берме,
Есің жи, жасыңды тый, бетің сүртін!
Сол сәтте көк жүзінен бір ғажайып
Көрінді қанды мұхит толқын-толқын.
Жер-көкке сыймай тасып, толқыған қан
Шошытып, Рабияның басты сұлқын.
Тағы да Әуез келді: – Ей, Рәбия,
Көрдің бе мынау көктің қанды бұлтын?
Кеші-күн қанды жасын төгіп өткен,
Дидардың білер ме едің ғашық жұртын.
Қанды жас көздерінен ағып тұрып,
Ештеңе сұрамады-ау бір сәт, шіркін!
Бір де бір жанға сырын білдірмеді,
Тас қылып даңғойлықтың жапқан құлпын.
Есімін білер жан жоқ бұл ерлердің,
Ешкімнің алмаған соң бұлар шырқын.
Көрсет деп дидарыңды жылай бермей,
Алсаңшы мұнан үлгі сен де бұл күн?.
Рабия сонда айтты: – Ең болмаса,
Меккеңде қалдыр мені, болса мүмкін?
Қалқиып көз жұмғанша отырайын,
Қағбаңның шырақшы ғып, берші кілтін?..
Болмады бұл іске де Хақтан рұқсат,
Өкпелеп көмпейткенмен қаншама ұртын.
Қағбаға тәу еткен соң, елге қайтты,
Разы боп Жар ісіне, бұзбай құлқын...
Тыңдаушым, Рәбияның хикаясы
Осы еді, разы болсаң, сен де сілкін.
Тілекті берсе де Хақ, бермесе де,
Бас ұрып күндіз-түні жатпай, түртін.
Аманат бес-алты күн бұл тірлікте,
Бір күні қайтарармыз Хақтың мүлкін.
Ләйлі Құндақбай.
2023.
https://t.me/Soz_sinergiasy