🟥 Бүгінгі Energy Podcast
жаңа эпизодымызда еліміздегі атақты ІТ-ағартушы, қазақ тіліндегі ІТ саласының жанашыры, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман Тимур Бектұр мырзамен саланың басты ерекшеліктерін талқыладық.
🖥 Қонағымыз ауылдан АҚШ-тың Бостон университетіне дейінгі оқу және мансап жолының қыр-сырын бөлісті. Сонымен қатар, жасанды интеллект, продукт менеджмент, BigTech компанияларының қызметі, бизнесті цифрлы дамыту бойынша пайдалы ақпарат айтылды. Елімізде кәсіпкерлер технологиялық трендтерді қалай игеріп жатыр? Жастардың мамандық таңдаудағы басты қиындықтары қандай? Неге ІТ мамандарының жалақысы жоғары? Қазақ тіліндегі терминология соншалықты қиын ба? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін эпизодымызды тамашалауға шақырамыз.
🎙Түсірілім қонағы:
Тимур Бектұр - ІТ және жаңа технология саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті ағартушы маман, көптеген ІТ бағыттары бойынша бизнес-консультант, Timur Academy мектебінің негізін қалаушы, Boston University түлегі
🎙Подкаст авторы:
Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Мұнайгаз саласының аналитигі, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы
⏸Тайм-кодтар:
2:35 Спикермен танысу
3:39 Болашақ бағдарламасы бойынша оқу - life long learning ұстанымы
5:27 Gap year маңызы туралы
08:48 Грантқа оқуға түсе алмадым
11:07 Алғаш компьютермен танысу - жұмыс тәжірибиесінің бастамасы
13:24 АҚШ-та оқуды неге таңдадым және не көңілімнен шықпады?
17:06 Қазақстандық оқу орындары АҚШ-тан не үйрене алады?
20:47 IT саласын қазақ тілінде жеткізу - ағартушылық жол
22:31 Біздің халықтың потенциалы зор - артқа тартатын сөздер айтпау маңызды
24:03 "Ойжұмбақ" анимациялық фильміне пікір
25:51 Қазақ жастарының үрейі қандай?
29:08 ІТ саласының қазақша терминологиясы туралы
33:28 Аударма жасағанда барлығы бірдей жауапкершілік алу керек
37:19 Бізге генератив жасанды интеллект тренді дұрыс емес жеткен
40:53 GPT продукты қалай жұмыс істейді?
44:23 BigTech компаниялары арасындағы бәсекелестік
52:18 Жасанды интеллекттің "өкіл әкесі" не деді?
56:07 Ақпарат, инженерлер ұрлау процесіне тарихи шолу
58:07 Ал BigTech компаниялары арасында қалай?
1:02:19 Google офисінің қарапайымдылығы
1:04:53 Timur Аcademy оқыту орталығы туралы
1:07:31 Мамандықты жан-жақты игеру маңызы - көпмодельді ойлау
1:11:29 Контентке фильтр қалай жасалады?
1:13:56 Мамандық таңдау - бұрын қалай, қазір қалай?
1:19:39 Бизнесті цифрлық дамыту және технологиялық трендтер туралы
1:22:20 Кәсіпкерлердің технологиялық көштен қалуы
1:26:02 IT саласында неге жалақы жоғары?
1:31:12 Әрбір азамат жан-жақты сауатты болуы қажет
1:34:13 АҚШ-та жүріп, отандық кітаптарды сағындым
1:37:33 Адамның назарының ұзақтығы және қандай кітаптар оқу керек?
1:40:43 Ең көп инстаграм қолданатын елдер және біздің елге әлеуметтік желінің әсері
1:44:00 Әр адам дамытуы тиіс топ-5 дағды қандай?
1:46:00 Қорытындылау
💬 https://t.me/EnergyAnalytics