Нәзік🕊


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


(20:46)🌷

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций




Репост из: OiTube💭 (aselqyzdan)
Дүниеге жүрегі байланғандар- насихатты қабылдамайды.

Оларға не айтып жатсаң да өтірік сияқты көрінеді. Алла Тағала Құранда ондай адамдарды тілі салақтаған итке теңейді. Яғни қуып жіберсең де, жайына қалдырсаң да, тілін салбыратып шығарып тұра беретін, насихат өтпейтін адам…

💔


Репост из: Абылай Кенжалы
Алла елшісі ‎ﷺ былай дейді:

«Жәннәтқа жүрегі құстың жүрегіндей болған қауымдар кіреді». (сахих Муслим)

Құстың жүрегіндей деген сөзді бір ғалымдар “жұмсақ жүректі” адамдар десе, келесі бір топ ғалымдар “Аллаға тәуекел етуші жүрек” деп айтқан.

(Мәқамат әс-сәәирин📚)


Репост из: Beisenali Olzhas
Білім тек жаттанды болмау керек, оны түсіну маңызды. Білімді терең түсіну де жетпейді, оған рух керек. Ал оның рухы – білімге амал ету. Яғни, сен жаттап түсінген білімге амал ете бастағанда, оған рух бересің. Яғни, оны тірілтесің, өзің де тірілесің.

Сонда, жаттау + түсіну + амал = нұр.

Демек, нұрға жету үшін, жаттаудан бастау керек.


Өзіңіз үшін жақсылық жасауды сіз бастайсыз.✨


Ертең Алланың құзырына шыққан кезде, Аллаһым сен білесің мен сенің разылығың үшін осы істі істедім деген сауапты ісің болу керек.

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла рақымына алсын🤲)


Әрбір жан өзінің Алладан басқа бірде-бір жанашыр досы да, арашалап алар қамқоршысы да жоқ екенін білсін.

әл-Ән'ам, 70




Осы уақыт ішінде қаншама өзгерістер болды өмірімде, қаншама инсайттар, тәжірибе, жеңіліс те, жеңіс те бәрі бәрі Алланың қалауымен мені шыңдай түсті. Бәрімен өз уақытымен, кезегімен, хайырымен бөлісемін Ин шәә Алла🤍


Бисмилля✨

Арнаға мүлде көңіл бөлмей кетіппін. Бұдан соң барынша пайдалы болуға, пайдалы дүниелермен, ақпараттармен бөлісуге тырысамын.💛

Осы сәтке дейін ешнәрсе салмай кетсем де, соңына дейін шықпай менімен бірге болғандарға Алла разы болсын!🤲🏻✨


Пайғамбарымызға(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)көп салауат айтқан адамның бойынан осы қасиеттер табылары сөзсіз:

Жүзі жарқын,нұрлы болады;
Екіжүзділік болса кетеді;
Зейіні жақсарады.

Аллаһумма солли ъала сайидина нәбиина,хабибинә,солаллаһу ъалейһи уа салам❤️‍🩹


Репост из: aspire to inspire
өзіңді жақсы амалдар жасауға итермелемесең, ешкім саған ақыретте сауабын бергісі келмейді.
оян, өзіңді қолға ал, уақытыңды, тағы бір күн мүмкіндігіңді құр босқа жіберіп алма.


Репост из: Sakenkyzy
Күнәға апаратын жерге жақын отырып, кейін оған түсіп қалғаныңа шағымданба!
Орныңды ауыстыр, сонда аман боласың.

🖌️Шейх Юсуф Хаттар р.һ




Репост из: Nurbol Rakhmatilla
"Ғұламалар мұсылманның өз бауырын үш күннен артық тастап кетуі дұрыс емес деген пікірге бір ауыздан келіскен. Алайда, егер ол бауырымен сөйлесуден немесе байланысудан дінін бұзатын нәрседен қорықса, не болмаса дініне немесе дүниесіне зиян келетінін сезсе, онда онымен арақатынасын үзуге және алыстауға рұқсат етіледі. Кейде әдемі түрде араласпай кету зиянды қарым-қатынастан артық болуы мүмкін."

©️Ибн Абд әл-Барр
"әт-Тамхид"📚

📎Шауарид аль-Афкар


“Кімнің сөзі көбейсе, қатесі де көбейеді”.

©️ Омар ибн Хаттаб (رضي الله عنه)


Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Әуретін жапқан қыздарға "арабқұл, қазақтар олай киінбеген" деп сын айтатын әйел ең кемі қос етек көйлек киіп, басына жаулық салса керек-ті; ер болса кең жарғақ шалбар мен көйлек киіп, сақалын жіберуі ләзім. Себебі дәстүрлі қазақ қоғамында жалаңбас жүрген әйел болмаған. Жесір қатын ғана күйеуінің артын күткен азалы күндердің алғашқы уақытында жоқтау айтып, шашын жіберген. Орамалсыз жүру әйелге үлкен айып еді. Оның жас пен статусқа қарай күндік, кимешек, жаулық және т.б. түрлері бар.

Тура осыған ұқсас ерлерге аналогия; сақалсыз, көсе ерлерді әжуаға салып, әзілмен қағыту да қазақта болған нәрсе. Өйткені тебіндеп шыққан мұрт пен жарасымды сақал әр қазақ жігітінің көркі етін. Қай әдеби шығарма болмасын ер адамның түр-тұлғасын сипаттағанда сақалының қандайлық екеніне тоқталып өтпей қоймайды.

Енді күнімізде сақал мен мұрттан жұрнақ, бұрынғы ерлердің қасиеті жоқ "ер" атанып жүргендер мен шаштарын шолтитып қырқып, тылтитып шалбар киетін апа мен ел аналарының қазақтың әйелдерінің не киіп-кимегені туралы таласатын жөні бар ма?! Меніңше жоқ. Себебі сын айтушы әуелі өз басына үңіле қарауы міндет. Қырықтың қырқасынан асса да той алаңын бермей, арасында ұрттап қойып, орамал таққандарды көрсе делебесі қозып кететіндердің сөзінде шаңның тозаңындай салмақ жоқ. Ол жәй өзінің лаққан көпірме әңгімесі ғана, тәубеге келмесе оны тозаққа сүйрейтін.


Репост из: Абылай Кенжалы
«Раббысын шынайы таныған адам айналаның барлығын сұлу қып көреді».

(Әз-зәкә әл-ғатыфи📚)




Репост из: aspire to inspire
“Үйлену ол қажеттілік не жауапкершілік емес. Үйлену — ол ғибадат. Ғибадаттың қиыншылығы бар. Қиындыққа қарсы тұру үшін де ол ғибадат. Некені ғибадат деп көргенде, оның әрбір қиыншылығы саған тонна-тонна сауап алып келеді.”
(с) Ұстаз Төлеген Талдыбаев

Тақуылықты алдыға алып, Аллаһ разылығы үшін отбасы құрғаннан артық қандай құлшылық бар? Үмметке хайырлы ұрпақ тәрбиелегеннен асқан қандай абырой бар?

Показано 20 последних публикаций.