Репост из: Essizdik is the New Black!
Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Өлеңсіз өмір кешкен күйік екен.
Мен сенің дарыныңды шектемеймін,
Мен сені өнер үшін сүйіп өтем.
Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Парасат махаббаттан биік екен.
Мен сенің біліміңнен қорықпаймын,
Мен сені ақылыммен сүйіп өтем.
Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Заманауи сезімнің күйі бөтен.
Мен сенің құқығыңды таптамаймын,
Мен сені теңдік үшін сүйіп өтем.
"Болашақ жұбайыма". 2021 жыл
Өлеңсіз өмір кешкен күйік екен.
Мен сенің дарыныңды шектемеймін,
Мен сені өнер үшін сүйіп өтем.
Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Парасат махаббаттан биік екен.
Мен сенің біліміңнен қорықпаймын,
Мен сені ақылыммен сүйіп өтем.
Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Заманауи сезімнің күйі бөтен.
Мен сенің құқығыңды таптамаймын,
Мен сені теңдік үшін сүйіп өтем.
"Болашақ жұбайыма". 2021 жыл