Репост из: Shalkar Nurseit Report
Постсайлау пост
Сайлауды ең лас әрі әділетсіз жолмен өткізу арқылы Тоқаев және оның айналасы өзіне берілген Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтадық деп ғана ойласа, онда қатты қателеседі. Сайлауды клоунадаға, парлементті циркке айналдыру арқылы олар жақын болашақта өздерінің биліктен бейбіт жолмен кетуін қиындатты.
Ең бастысы, қазіргі авторитар режим азаматтарға шынайы сайлау арқылы саяси өмірге араласуға мүмкіндік бермей, Қаңтар қырғыны секілді оқиғалардың қайталану ықтималдығын арттырды. Өйткені елдегі проблемалардың түптамыры саясатқа араласудағы теңсіздікте, яғни саяси маргинализацияда жатыр. Ал саяси маргинализация әлеуметтік және экономикалық маргинализацияны ушықтырады. Сәйкесінше өз елінде өзін өгей сезінетін азаматтардың саны тоқтаусыз өсе береді. Түптің түбінде осының бәрі Қазақстанды толық failed state-ке айналдырады.
Бірінші кезекте оған жауаптылар Тоқаев және оның әкімшілігі, режимнің олигархтары, авторитар режимнің үкімет пен жергілікті әкімдіктердегі өкілдері, режимге лояльдігі арқасында мембюджетті субсидиялар арқылып сорып отырған ірі бизнес, қуыршақ партиялардың серкесі және бірмандатты округтен депутат болуға келіскен көпес-политикандар, пропагандамен миллиондардың санасын улаған инфосығандар, 19 наурызда мемлекеттік телеарналар мен режимшіл ютуб–каналдарда сайлаудың легитимдігін арттыру үшін онлайн марафондатқандар, азаматтардың дауысын ұрлаған сайлау комиссиялары мүшелері және сайлау учаскелерінде балаларының суретін саяси саудаға салып, сайлау әділ өтті деп 20 мың теңгелік пост жазғандар болады.
Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз деп Ескі Қазақстанды жаңғыртып, Қазақстанды мемлекет ретінде институционалды түрде іштен күйретушілер, алдағы уақытта бейбіт күнде азаматтарға ескертусіз тағы да оқ атылатын болса, онда оның жауапкершілігі бұйрық берушімен қатар сіздің де мойныңызда болады.
Осыны ұмытпаңыздар.