Фильтр публикаций


Репост из: Тіл кеспек жоқ
Желіде АҚШ «Азаттық» радиосын қаржыландыруды тоқтатқаны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Қуанып жатқандар да бар.

«Азаттық» радиосы қызметін тоқтатса, елімізде «заң мен тәртіп диктатурасының» көкесі сонда болады, — деп жазды саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт.


Facebook платформасында журналистер, азаматтық қоғам өкілдері «Азаттық» радиосының Қазақстан қоғамы үшін маңызды екенін жазып жатыр.

«Тәуелсіз ақпарат құралдарына қысым жасалып, журналистер жазықсыз сотталып жатқанда да «Азаттық» журналистері бұғып қалған жоқ», — деп жазды журналист Қойшыбек Мүбарак.


«Азаттық» радиосының қазіргі күйіне қуанып жатқандар да жоқ емес. Мысалы, журналист Алмас Алтай «RIP. АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ» деп жазба жазды.

«Азаттық» радиосы ешқашан халықтың қамын жеген емес. Шындықты айтып жатқандай болған, оның бәрі тек ел ішіндегі дүрбелеңді қоюлату үшін істелген қадамдар еді», — деп жазды ол.


Алмас Алтайдың жазбасын сынап жатқандар да бар. Кей адам жазбаның тапсырыспен жазылғанын жазып жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


Репост из: Azattyq - Азаттық
Президент Тоқаевтың журналистермен баспасөз мәслихатын өткізбеуінің сыры неде?

2019 жылғы 10 маусымда Ақордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "осындай кездесу маған да өте пайдалы" деп, ондай жиын өткізу "дәстүрге айналады және сұраққа шектеу болмайды", – деп уәде еткен еді.

Содан бері өткен уақыт ішінде жекелеген телеарна, газеттерге сұхбат бергені болмаса, Тоқаев тілшілер алдына сирек шығады. Журналистер сайлау не референдум сияқты саяси науқан кезінде президентпен кездесіп, сұрақ қою мүмкіндігін алады. Бірақ микрофон алдын ала таңдалған адамдарға беріледі.

Тоқаев қатысатын шараға көп тілші шақырылмайды не кіргізілмейді. Кейде орны, уақыты құпия ұсталғандықтан, журналистер білмей қалып та жатады.

Президенттің берген уәдесінде тұрмауының сыры неде? Азаттықтың видеосын қарап, мақаласын оқыңыз:


*Алматы және Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстыранда білім алып жатқан 2, 3, 4-курс студенттерінің назарына!*


Көшбасшылық дағдыларыңды дамытып, жобаңды жүзеге асырғың келе ме?

Ендеше, мына мүмкіндік дәл сен үшін!

“SKY Leaders: Southern Kazakhstan Youth Leaders” көшбасшылар бағдарламасына қабылдау басталды! 🥳

Бағдарлама бірнеше этаптан тұрады: онлайн-курс, Шымкентте екі күндік трениң, менториң, Алматыда нетуоркиң шара (барлық шараға қатысушылардың шығындары өтеледі).

Оған қоса, бағдарлама аясында өз бастамаңды жүзеге асыру үшін мини-грант жеңіп алу мүмкіндігің бар.

Бағдарламаға Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Шымкент және Алматы қалаларында орналасқан жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан бакалавр және магистр студенттері қатыса алады.

Бағдарлама Қазақстан мен АҚШ-тың танымал сарапшыларының жетекшілігімен қоғамдастық көшбасшылықты дамытуға және біліктілікті арттыруға бағытталған.

Оқу қазақ және ағылшын тілдерінде өтеді. Іріктеу екі этаптан тұрады: жобаға тіркелу және интервью. Курсқа қабылдау барысында ағылшын тілін меңгерген үміткерлерге басымдық беріледі.

📌Бағдарламаға тіркелу үшін: https://forms.gle/y35oB1zQyW7w8WKL9
Тіркелу дедлайны: 17.09.2024

Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Сұрағыңыз қалды бар ма, ендеше event@medianet.ngo поштасына жазыңыз.
Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Алматыдағы АҚШ консулдығының қолдауымен жүзеге асырады.




Репост из: Shalkar Nurseit Report
ТОҚАЕВТЫҢ АДВОКАТТАРЫ ҺӘМ САБОТАЖТАНУШЫЛАРҒА

Қазақстанда төтенше жағдай болғанда әлеуметтік желіде журиктер мен блогерлер президентті ақтап, министр/әкімді даттап жатады. Бәрінің аргументі шамамен «Халыққа жаны ашымайтын, мінезі жоқ, жауапкершілігі нөл әкім/министр, президентке саботаж жасап отыр, оларды тез арада қызметтен қуу керек» дегенге келеді. Бір сөзбен айтқанда, тигрофан-саботажтанушылар бір уақытта оянады.

Осы орайда, Тоқаевтың адвокаттары һәм саботажтанушыларға мынадай сұрақтарым бар:

1.Шын мәнісінде әкім/министр жауапкершілікке дайын батыл, елдің қамын жейтін басшы болғанын қаласыңыздар, «саботаждың құрбаны» болып отырған президенттен неге әлі күнге дейін министрлерді парламент, әкімдерді жергілікті халық сайламайтынын сұрамайсыздар?

2.Қазақстанда президент шексіз биліктің иесі. Шексіз билік = аса үлкен жауапкершілік деп есептемейсіздер ме? Неге «саботаждың құрбаны» болып отырған президенттен «Жауапсыз, тәжірибесіз, жігерсіз министрді/әкімді қандай критерийлерге сүйеніп тағайындадыңыз? Осы тағайындауыңыз адамдардың өліміне себеп болды деп ойламайсыз ба?» деп сұрамайсыздар?

3.Тоқаевтың кадр саясатына көңіліңіз толмаса, неге оны сол әкім/министрді тағайындаған кезде айтпайсыздар?

4.Кәсіби саботажтанушы ретінде алда президент тағайындаған қай министр/әкім Тоқаевқа саботаж жасауға дайындалып отыр деп ойлайсыздар?

5.Қашанға дейін «президентіміз – елдің қамын ойлайтын жалғыз менеджер, ал уәзірлер – оңбағандар» деген тізесі шыққан манипуляция тактикасына сүйеніп, қайғылы оқиғаларда опат болған отандастарыңыздың өліміне президенттің саяси жауапкершілігі бар екеніне көз жұмып, елді ақымақ көру ойыңызда бар?


Репост из: BBC News | Русская служба
🇰🇿 В Казахстане шутят, что Владимир Путин за последний год сделал для казахского языка больше, чем Назарбаев за тридцать лет своего правления.

Эксперты говорят, что вторжение России в Украину ускорило процессы "деколонизации" в Казахстане – волнения подогревают многочисленные публикации в СМИ о том, что амбиции Кремля могут не ограничиваться одной Украиной.

Отношения Казахстана со своей идентичностью хорошо иллюстрирует семейная история 30-летней художницы и режиссера Суинбике Сулейменовой. Ее прадед был репрессирован как казахский националист, а прабабушка родила деда в лагере изменников родины. Ее дедушка с бабушкой – скульптор и музыкант – почти не говорили на казахском. Плохо говорит на нем и мать Суинбике – художница Сауле Сулейменова, которая посвятила свою карьеру теме деколонизации.

Сейчас Суинбике снимает свой первый полнометражный фильм-мокьюментари "Мамбет", в котором хочет исследовать языковую сегрегацию в Казахстане. Мамбет – это распространенное среди тюркоязычных народов имя, которое также используется как уничижительный термин по отношению к казахам – что-то вроде "деревенщины".

"Я хочу популяризовать казахский язык в казахской культуре и реальности, среди русскоязычных и казахоязычных казахов, которые живут порознь, потому что у них нет общего языка в общей стране", – говорит Суинбике.

Как новое поколение Казахстана борется за возрождение своей культуры – читайте в материале Наргизы Рыскуловой: https://bbc.in/3BKHFiE

Если ссылка выше не открывается, кликайте сюда.


Репост из: Ishonch.uz / Расмий хабарлар
Қозоғистонлик журналист: «Ўзбек медиасига журналистик суриштирувлар етишмаяпти»

Ўзбек ОАВни мунтазаб кузатиб келаётган Думаннинг Қозоғистон журналистикаси ҳамда ўзбекистонлик ҳамкасблари фаолияти ҳақидаги фикр-мулоҳазалари билан қизиқиб, уни суҳбатга чорладик.

Батафсил: https://ishonch.uz/archives/13631

Каналга уланинг:
@ishonchuz_official


Репост из: Azattyq - Азаттық
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Наразылықтан соң полиция Азаттық тілшісін оқиға орнына жібермей, күш көрсетті

“Неге кіргізбейсіз?” деген сұраққа, “басшылық солай бұйырды” деді


Репост из: Shishkin_like
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🗺️ Онлайн карталар көптен бері тек бір жерден екінші жерге жетуге мүмкіндік беретін қызмет қана емес.

Олар, атап айтқанда, зерттеуші журналистер үшін шенеуніктер мен олигархтардың шетелдік мүлкін табуға көмектеседі. Бұл бейнероликте біз жақында Францияда Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың зәулім үйін қалай тапқанымызды көрсетеміз.

Сонымен қатар, біз әртүрлі жерлердің мұрағаттық суретін алуға болатын әдісті көрсетеміз. Дәл осы әдісті пайдаланып құрылысшылардың заңсыз әрекеттерін дәлелдеуге немесе экологиялық апат аймақтар жағдайын бақылауға болады.

«Маңызды мәселе туралы нақты» арнайы жобасы

Бұл жарияланымды Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек қана «Shishkin_like» жауапты және міндетті түрде Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдірмейді.

@Shishkin_like




Репост из: Azattyq - Азаттық
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Өскемен орталығында зәулім үйлер салады, тендерлерден миллиардтап қаржы алады, әкім Даниал Ахметовтің жанынан жиі көрінеді – өскемендік кәсіпкер Айдос Бақтыбаевтың кәсібі өрлеп тұр. Азаттық Бақтыбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғатпен бизнесте серіктес екенін анықтады.

t.me/azattyq


Репост из: Shalkar Nurseit Report
Постсайлау пост

Сайлауды ең лас әрі әділетсіз жолмен өткізу арқылы Тоқаев және оның айналасы өзіне берілген Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтадық деп ғана ойласа, онда қатты қателеседі. Сайлауды клоунадаға, парлементті циркке айналдыру арқылы олар жақын болашақта өздерінің биліктен бейбіт жолмен кетуін қиындатты.

Ең бастысы, қазіргі авторитар режим азаматтарға шынайы сайлау арқылы саяси өмірге араласуға мүмкіндік бермей, Қаңтар қырғыны секілді оқиғалардың қайталану ықтималдығын арттырды. Өйткені елдегі проблемалардың түптамыры саясатқа араласудағы теңсіздікте, яғни саяси маргинализацияда жатыр. Ал саяси маргинализация әлеуметтік және экономикалық маргинализацияны ушықтырады. Сәйкесінше өз елінде өзін өгей сезінетін азаматтардың саны тоқтаусыз өсе береді. Түптің түбінде осының бәрі Қазақстанды толық failed state-ке айналдырады.

Бірінші кезекте оған жауаптылар Тоқаев және оның әкімшілігі, режимнің олигархтары, авторитар режимнің үкімет пен жергілікті әкімдіктердегі өкілдері, режимге лояльдігі арқасында мембюджетті субсидиялар арқылып сорып отырған ірі бизнес, қуыршақ партиялардың серкесі және бірмандатты округтен депутат болуға келіскен көпес-политикандар, пропагандамен миллиондардың санасын улаған инфосығандар, 19 наурызда мемлекеттік телеарналар мен режимшіл ютуб–каналдарда сайлаудың легитимдігін арттыру үшін онлайн марафондатқандар, азаматтардың дауысын ұрлаған сайлау комиссиялары мүшелері және сайлау учаскелерінде балаларының суретін саяси саудаға салып, сайлау әділ өтті деп 20 мың теңгелік пост жазғандар болады.

Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз деп Ескі Қазақстанды жаңғыртып, Қазақстанды мемлекет ретінде институционалды түрде іштен күйретушілер, алдағы уақытта бейбіт күнде азаматтарға ескертусіз тағы да оқ атылатын болса, онда оның жауапкершілігі бұйрық берушімен қатар сіздің де мойныңызда болады.

Осыны ұмытпаңыздар.


Репост из: Тіл кеспек жоқ
Factcheck.kz сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Ақпараттың жалған не рас екенін тексеретін Factcheck.kz ұйымы DDoS шабуылға ұшырап жатқанын хабарлады. Оқиға 15 наурызға қараған түні болған.

Олар сайттың кез келген уақытта қолжетімсіз болып қалуы мүмкін екенін ескертті. Қазір мамандар шабуылдың алдын алып жатыр.




Репост из: Бірге тексерейік!
Астана әкімдігі журналистер құқығын шектейтін заңға қарсы митиңге рұқсат бермеді

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы қоғамда қызу талқыланып және сарапшылар мен журналистер сынына ұшырап жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасына қарсы митиң өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Factcheck.kz сайты хабарлады.

Митиңді 19 ақпанда өткізу туралы өтінішті Құқықтық медиа орталығының заңгері Гүлмира Біржанова берген. Алайда Астана қаласының ішкі саясат басқармасы Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға сүйеніп, митиңге рұқсат бермеді.

Бұл заңға сәйкес, жергілікті атқарушы орган митиң өтетін орында ресми, мәдени, спорттық құрылыс-монтаждау жұмысы және өзге де іс-шаралардың өткізілуі жоспарланса митиң өткізуге рұқсат бермейді. Бірақ Ішкі саясат басқармасы ресми жауабында нақты не өтетінін ескертпеді.

Бұған дейін Астана мен Алматыда өткен баспасөз жиынында Гүлмира Біржанова ведомство медиа қызметкерлерінің «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты жолдаған ұсыныстың бірде-бірі ескерілмегенін айтқан.






Репост из: Правовой медиа-центр
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Журналистер "Бақ туралы" заңдағы
өзгерістерге наразы

https://www.youtube.com/watch?v=RmILKGODiDs


Репост из: ORDA
Казахстанские журналисты возмущены проектом нового закона о СМИ

Журналисты начали сбор подписей против принятия принятия законопроекта «О масс-медиа», и обратились с петицией к президенту.

Больше всего медийщики возмущены тем, что рабочая группа, созданная при министерстве информации и общественного развития, в которую вошли НПО, журналисты, эксперты, юристы, обсуждала спорные пункты документа, но в итоге в парламент отправили совсем другой законопроект.

«Так, самые принципиальные пункты текста касаются включении всех интернет-ресурсов в сферу действия закона, отсутствия срока исковой давности по делам о диффамации, чрезмерных полномочий силовых органов в отношении СМИ и журналистов в «особых условиях», требование согласования текстов с должностными лицами перед их опубликованием, отсутствия изменения в системе государственного финансирования СМИ, введении «учёта» журналистов под предлогом выдачи пресс-карт», — пишут журналисты.

https://orda.kz/kazahstanskie-zhurnalisty-vozmushheny-proektom-novogo-zakona-o-smi/

t.me/orda_kz


Репост из: Правовой медиа-центр
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
СМИ в Казахстане заявили, что чиновники их обманули с новым законом "О массмедиа"

Несмотря на обещания чиновников, в документе не нашлось места идеям, которые действительно защищают права СМИ. Вместо этого закон напичкали дополнительными обязательствами и репрессивными мерами. Чиновники также наделили себя еще большими полномочиями, которые ограничивают права журналистов

Источник: https://www.currenttime.tv/a/32261868.html

Показано 20 последних публикаций.