Теңге сәл нығайдыҚор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша доллар бағамы 494,84 теңге болды. Шетел валютасы бір тәулік ішінде 1,49 теңгеге арзандады.
Ұлттық банктің 7 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір доллар үшін 495,95 теңге. Рубль – 5,54 теңге, ал еуро – 535,28 теңге.
Елдің айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 490-493 теңге болса, сату – 495-496 теңге. Еуроны 532-533 теңгеге сатып алуға болады, сату құны 535-538 теңге аралығында қалыптасты. Ресей валютасын сатып алу – 5,47-5,48 теңге, сату – 5,52-5,55 теңге.
Бізге жазылыңыз ->
t.me/atamekenbusiness_qaz