مسلمة💚


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Өзіңе ұнаған нәрселерді басқаларға да лайықты деп біл.
©️Мұхаммед (ﷺ)

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


«Не воруйте» у Аллаха. Не называйте успехом Милость Аллаха. Не думайте, что благодаря вашим стараниям, дуа и действиям вы так успешны. Это совсем не так. Ведь обязательно найдутся люди, которые старались больше вас, но у них нет такого успеха! Почему? Просто потому что ваш успех - это милость Аллаха, а не ваши «старания». Когда вы это сердцем поймёте, то сможете свой стопроцентный потенциал реализовать на его пути.

📖 “Выбери счастье в обоих мирах” Марзия Бекайдар.


”Қазынасы кең Раббым! Өзіңе тәуекел етіп әрекетімді жасаудамын, ең берекелісімен ең қайырлысын білетін өзіңсің. Мен өзіңнен келетін кез келген нығметке мұқтажбын! Өзің берген тағдырға иман келтірдім. Әрбір ісімде өзіңнің разылығыңды сұраймын”

#дұға


Quran🫀.pdf
2.4Mb
Достарыңызбенде бөлісіп қойыңыз жақсым💚


“Раббым, Саған өзім үшін дұға етуге келдім..

Менің өзімшілдігімді кешірші, Саған әлі де, Сен үшін емес, тек өзім үшін келіп жүрмін. Күндердің бір күні, Өзің үшін, шынайы Өзіңнің разылығыңды аңсаған күйде, дұға етіп келуді бұйыршы..”

#дұға


Иек асты (подбородок) әуретпе?

Ең әуелі әуретке жатпайтын бет-жүз өлшемін анықтап алайық⬇️

Бет-жүзге: екі құлақ арасы, шаш өсіп басталған маңдай тұсы мен иек сүйегі кіреді

Демек, иек асты немесе второй подбородок деп жататын дене бөлігі ӘУРЕТ болып саналады. Оны жабу - парыз. Орамалды иек үстіне шығара тағу осы әурет жерінің ашылып қалуынан сақтық ретінде жүзеге асады❣️

Сонымен қатар, қазіргі таңда құлақтың сырғалығын ашып қою сәнге айналды. Құлақ та толығымен әурет екенін естен шығармаңыздар. Құлақ ашылатын болса орамалмен иекті де жабу мүмкін емес. Сол себепті Аллаһтың парызын орындауда сән мен жайлылықты ысыра тұра толық әурет жерлерімізді жабуды үйренейік🌸


Есть миллиарды подарков, но самый лучший из них - это полученный ответ на Дуа.


Forward from: õzime_unaidy 🕊️
Мы больше не дети, теперь родители рассказывают нам о своих проблемах,а мы скрываем свои…


Forward from: Al-Muminun
Тұрмысқа шығайын деп жатқан қыздарға ұстаздан кеңес:

— тұрмысқа шығайын деп жатқан қыз ең бірінші діндар адам іздеуі керек. Егер діндар болса, қалғанының бәрі келеді, ал діннен алыс болса, қанша бай болса да мұның берекесі болмайды. Екіншіден, осы тұрмысқа шығайын деп жатқан адам сіздің ағаңыз, көкеңіз немесе әкеңізбен танысып, сол кісілер көрсін, себебі еркекті еркек жақсы біледі, әйелдер жақсы білмейді.


📜ұстаз Чубак ажы
(Аллаһ рахымына алсын)


Forward from: Абылай Кенжалы
Аллаһым Олжас Ханафин бауырымызды рахымына алсын. Аллаһым оның барлық күнәларын кешіріп, Өзінің фирдаус жәннатін нәсіп етсін.

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.


Forward from: QABYL BOLGAN DUGALAR
“Иә, Аллаһым! Сен Байсың, ешкімге, ештеңеге мұқтаж емессің! Өзіңе көркем түрде борыш беріп, Өзіңнің тура жолыңда садақа беруге мүмкіндік бердің! Сондай мүмкіндіктен айырма! Ғаний есіміңмен, Аса Бай сипатыңмен маған ризық несібені мол етіп, берекелі етіп берші. Мен Өзіңнің тура жолыңда берушілерден болайын. Өзіңнен басқаға мұқтаж етпе. Иә, Ғаний! Иә, Раббым”
✨🫀


и остается в сердце что-то забываемое, сколько бы мы ни делали вид, что забываем.


«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады».

#аят


Айт құтты болсын💚✨


Этот дата для меня очень особенный🥹✨


Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала қиямет күні: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген құлдарым қайда? Менің көлеңкемнен басқа пана болмаған осынау күні оларды Өзімнің көлеңкеме саялатамын», – деп айтады», – деген.

(Муслим, бирр 37).

#хадис


“Уа, Раббым! Өзің разы болмайтын нәрселерден мені алыс ет. Жүрегімді нұрыңмен жарқырат һәм тіліме Саған шүкір етуді үйрет. Сені пәктеуіммен көңіліме тазалық бер”.

#дұға


Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман адамның отырғызған жеміс ағашынан адамдар, жан - жануарлар немесе құстар жейтін болса, әлгі мұсылманға (отырғызған ағашы қурап қалғанша) қиямет-қайымға дейін садақа есебінде сауап жазылатын болады», – деп айтты» – делінген (Муслим, мусақат 10).

#хадис


“Раббым, мен жәннатқа лайық емеспін, бірақ жанып тұрған тозаққа шыдай алмаймын, маған тәубе етуді нәсіп етші және күнәларымды кешірші, расында Сен үлкен күнәларды кешірушісің.”

#дұға


“Құран сені жақтайтын құжат немесе саған қарсы құжат".
(Хадис Муслим)

сені жақтайтын құжат - егер Құрандағыны біліп, амал жасайтын болса ол оны қияметте жақтап шығады.

саған қарсы құжат - Құраннан ештеме білмесе және Құран жолымен жүрмесе ол оған қарсы құжат болады.

#хадис


Пайғамбарымызға (ﷺ) БІР РЕТ салауат айтудың артықшылықтары:

Алланың Елшісінен (ﷺ) жеткен хадисте:
"Үмметімнен кім маған шын жүрегімен бір рет салауат айтса, Алла оған сол ісі үшін:

- 10 мейірім жолдайды;
- 10 дəрежеге көтереді;
- 10 жақсылық жазады;
- 10 қатесін өшіреді;"

Насай-и, Табарани, Баззар риуаяттары

Аллаһумма Салли 'Алə сəйидинə Мухаммад (ﷺ)

20 last posts shown.