🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian


Этот блог - как окно в мою душу. Здесь я делюсь своими размышлениями и вдохновениями, создавая мост между моим внутренним миром и вами.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Statistics
Posts filter


🇰🇿 Ғаламтордан: "Біреудің алғыс айтуын талап ету — қайырымсыздықтан да жаман" деген сөздерді оқып қалдым.

🇷🇺 Где то в интернете прочитал , что хуже неблагодарности , может быть только требование благодарности.


🇰🇿 Жылдық жоспар құруда пайдалы болатын кері байланыс алгоритмі:

1. Осы жылы жақсы атқарылған істер мен келесі жылға қалдыратын іс-әрекеттеріңіздің тізімін жазыңыз.
2. Осы жылы жасалған әрекеттердің қайсысын жақсарту керектігін жазыңыз.
3. Ең қызықты пункт — нені доғару керектігін, яғни келесі жылы жалғастыруды қажет етпейтін нәрселерді жазыңыз.

🇷🇺 Алгоритм обратной связи, который может быть полезен для планирования года:

1. Запишите, что было сделано хорошо в этом году и что стоит перенести на следующий год.
2. Запишите, что нужно улучшить из того, что вы делали в этом году.
3. Самый интересный пункт — запишите, что следует прекратить, то есть то, что не стоит брать с собой в следующий год.


🇰🇿 Келесі жылға арналған дизайнды жоспарлау кезінде алған инсайтым. Басты қағида: кеңседе отырып алып, компанияның болашағы жайлы сыртынан "тон пішу" мүмкін емес. Жоспар құру үшін сол жоспарыңыз бағытталған жандармен бірлесе отырып, әрекет етуіңіз керек!

🇷🇺 Инсайт который получил при планировании дизайна след года.
Главное правило: сидя в офисе на своем кресле, будущее компании не определить. Чтобы строить планы, нужно выйти в поле и создавать их вместе с теми, для кого они предназначены!


🇰🇿 Қайырлы таң!
Жаңа апта басталды. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдың аяқталуына да аз қалды, — арман-мақсаттарыңызды еске түсіріңіздер, ұмытып кеткен немесе үлгермеген болсаңыздар, әлі де уақыттарыңыз бар.

🇷🇺 Доброе утро!
Начинается новая неделя, желаю всем отличного настроения. До конца года осталось совсем немного времени — самое время вспомнить цели и наверстать то, что не успели или забыли выполнить.


🇰🇿 Өкпе-ренішті сіздің өзіңізбен бірге алып жүрген қол сөмкеңіз деп елестетіңіз. Егер біреу сізге ұнамайтын бірдеңе істесе немесе айтса, сіз ол "сөмкені" аласыз ба, жоқ па, оны өзіңіз шешесіз. Реніш — болған оқиғаны жағымсыз жағдай ретінде қабылдап, өзімен бірге "арқалап" кеткісі келетін адамның таңдауы. Бірақ, ол сөмкені өзіңізге масыл қылып алып жүру немесе сол жерде қалдырып кету — өз еркіңізде.

Егер ойлап қарасаңыз, ол өкпе-реніштен сіз "ренжітті" деп ойлаған адам емес, ренжіген өзіңіз көбірек жапа шегесіз. Өйткені, сіз оны уайымдап, ашуланып, ойыңызда әр нәрсені құрастырып, бекерге күш-қуатыңызды сарп етесіз. Ал өмірде көңіліңізге алмай, жай ғана қабылдауға болатын жайттар көп.

Біздің дүниетанымымыз да, көзқарасымыз да әртүрлі: біреуді ренжіткен оқиға, басқа біреу үшін жай ғана болмашы нәрсе болуы мүмкін. Егер сіз біреуге ренжісеңіз, демек, ол — біреудің әрекеті емес, сіздің оқиғаны қабылдауыңыз. Өйткені, біз біреудің іс-әрекетін емес, өзіміздің ойымыз бен реакциямызды ғана басқара аламыз.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Представьте, что обида — это как чемодан, который вы несёте на себе. Когда кто-то что-то сказал или сделал, что вам не понравилось, вы сами решаете, взять этот чемодан или нет. Обида — это выбор, который делает человек, когда решает воспринять ситуацию как негативную и “нести” её с собой. Но, как и в случае с чемоданом, можно либо отпустить его, либо продолжать тащить, утяжеляя себя.

Если задуматься, то обида чаще всего больше вредит тому, кто обижается, а не тому, кто, как нам кажется, нас обидел. Ведь мы начинаем переживать, раздражаться и накручивать себя, тратя на это свои силы и энергию. А ведь в жизни много ситуаций, которые можно просто принять и не забирать их на себя.

Мы все видим мир по-разному: одно и то же событие для кого-то станет причиной обиды, а для другого — незначительным эпизодом. Важно понимать, что если ты обиделся, значит, в первую очередь это твоё восприятие ситуации, а не действие других. Ведь мы можем контролировать только свои реакции и мысли, а не поведение других людей.


🇰🇿 Қазан айында үмітіміз артығымен ақталды! Бұл ай маңызды іс-шаралар мен жарқын жетістіктерге толы болды. Біз екі елде Бизнес-күндерін өткіздік. Бішкек қаласындағы шарада қатарымыз жаңа гауһарлармен толықты. Бұл бүкіл әлемдегі Көшбасшыларымызға шабыт берген, осы күздің ең әсерлі сәті болды.

Сонымен қатар, жаңа статустар ашылды: директорлар, Інжу директорлар, Жақұт директорлар қатары артты. Жаңа статустардың көптеп ашылуы компаниямыздың тиімділігін және стратегиямыз бен маркетинг-жоспарымыздың тамаша жұмыс істейтінін көрсетті.

Алдағы қараша мен желтоқсан айлары бұдан да жарқын болмақ! Сіздерге жаңа өнімдер, іс-шаралар, көптеген марапаттар мен сыйлықтар дайындап қойдық. Бастысы, ортақ мақсатымызды ту етіп, жетістікке бірге жетейік!

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Октябрь превзошел все наши ожидания! Этот месяц был насыщен яркими событиями и достижениями. Мы провели успешные бизнес-дни в разных странах, среди которых особняком стоит мероприятие в Бишкеке, где наши ряды пополнили новые бриллианты компании. Это событие стало главным вдохновляющим моментом осени, дав заряд энергии нашим лидерам по всему миру.

Одновременно с этим были открыты новые статусные уровни — директора, жемчуги, сапфиры. Рост новых высоких статусов говорит об эффективности нашей компании и подтверждает, что выбранная нами стратегия и маркетинг-план работают на отлично.

Впереди нас ждут еще более яркие ноябрь и декабрь! Мы приготовили для вас новые продукты, мероприятия, много признания и наград. Главное, что мы идем к успеху вместе, объединенные одной целью!


🇰🇿 Компания болашағы туралы сұхбатым басталды, сілтеме арқылы өтіңіздер👉

🇷🇺 Началась премьера моего интервью про будущее компании, переходите по ссылке 👉
https://youtu.be/Ay8AS71r71c?feature=shared


🇰🇿 Бұл видеоны міндетті түрде көріңіздер! Менің компаниямызды қандай стратегиялық бағытта дамытқым келетінін осы видеодан білесіздер. Бішкектегі Бизнес-күнде сөйлеген сөзімнің толық нұсқасы⤵️

🇷🇺 Обязательно посмотрите это видео! Это отличная возможность узнать, куда я стратегически веду нашу компанию. Полное видео моего выступления на бизнес-дне в Бишкеке.
https://youtu.be/VyZfLFx9e4k






🇰🇿 Желілік бизнеске жаңадан қосылған серіктес өнім ұсыну кезінде қарсы тараптың бас тартуына жиі кездессе, "5 неге?" әдісін қалай қолдануы керектігін мысал ретінде көрсетейін.

Бірінші "неге?": Адамдар ұсынысымнан бас тартса, неге еңсем түсіп кетеді? Жауап: Өйткені өз күшімнен және сататын өнімімнен күмәндана бастаймын.

Екінші "неге?": Неге мен өзімнен де, өнімнен де күмәнданамын? Жауап: Өйткені, бұл ББҚ өнімдерінің пайдасы мен құндылығын айтарлықтай жақсы түсінетініме сенімді емеспін.

Үшінші "неге?": Неге мен өнімнің пайдалы екеніне сенімсізбін? Жауап: Өйткені, өнімді өзім көп қолданбадым және оның құрамы мен әсері жайлы білімім аз.

Төртінші "неге?": Неге ол туралы білімім мен тәжірибем аз? Жауап: Өйткені, өнім туралы материалдарды толық меңгерген жоқпын және өзім де аз қолдандым.

Бесінші "неге?": Неге мен өнім туралы көбірек білуге уақыт бөлмеймін және өнімді өзім қолданбаймын? Жауап: Өйткені, оның сатылым үшін қаншалықты маңызды екенін әлі түсінбеген шығармын.

Қорыта келгенде, мәселе клиенттердің бас тартуында емес, дайындық пен сенімділіктің жоқтығында. Бизнесте жетістікке жету үшін өніммен тереңірек танысып, өзіңіз қолданып, шынайы артықшылықтарын түсінуіңіз қажет. Сонда ғана клиенттерге нық сеніммен айта аласыз.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Вот пример использования метода «пяти почему» для новичка в сетевом маркетинге, который продает нашу продукцию, но сталкивается с частыми отказами:

Первое «почему»: Почему меня так задевают эти отказы? Ответ: Потому что я начинаю сомневаться в своих силах и в продукте, который продаю.

Второе «почему»: Почему я сомневаюсь в себе и в продукте? Ответ: Потому что я не уверен, что достаточно хорошо понимаю ценность и пользу этих БАДов.

Третье «почему»: Почему я не уверен в пользе продукта? Ответ: Потому что мне не хватает личного опыта использования продукта и глубокого знания о его составе и эффектах.

Четвертое «почему»: Почему мне не хватает этого опыта и знаний? Ответ: Потому что я пока не полностью изучил все материалы о продукте и мало пробовал его сам.

Пятое «почему»: Почему я не уделяю время на изучение и личный опыт с продуктом? Ответ: Потому что, возможно, я не до конца осознаю, насколько это важно для успеха в продажах.

В итоге становится ясно, что корень проблемы не в отказах клиентов, а в отсутствии уверенности и подготовки. Чтобы преуспеть, нужно глубже изучить продукт, попробовать его самому и понять его реальные преимущества. Это позволит говорить с клиентами уверенно и с личной убежденностью.


🇰🇿 Toyota компаниясының негізін қалаушы Сакити Тойода мәселенің мән-жайын анықтау үшін әрдайым "5 неге?" ережесін қолданған. Ол әдіс кез келген жағдайдың түп-төркінін анықтауға көмектеседі.

Бұл әдіс өте қарапайым.
Мәселен, сен қымбат сағат сатып алғың келді делік.
Сен өзіңнен: "бұл сағатты неге сатып алғым келеді?" деп сұрайсың. Бұл — бірінші "неге?". Жауабың: өйткені бәрін таң қалдырғың келеді.

Екінші "неге?": Неге бәрін таң қалдырғың келеді? Жауап: Өйткені, өзгелердің мені құрметтегенін қалаймын.

Үшінші "неге?": Неге өзгелердің сені құрметтегенін қалайсың? Жауап: Өйткені, кейде өзімді көзден таса қалғандай сезінемін.

Төртінші "неге?": Неге өзіңді көзден таса қалғандай сезінесің? Жауап: Өйткені, істеп жүрген жұмысым шабыттандырмайды.

Бесінші "неге?": Неге сен өзіңе шабыт бермейтін іспен айналысасың? Жауап: Өйткені үйреншікті өмірімді өзгертуге қорқамын.

Негізгі жауабы — осы, демек мәселе сағатта емес.

Сакити Тойода мырза біздің қалауымыз бен әрекеттеріміздің басты себебі осы бесінші "неге?" сұрағында жасырылатынын көрсетті. Бұл әдіс біздің мойындаудан қорқатын кейбір дүниелерді көруімізге көмектеседі.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Основатель компании Toyota, Сакити Тойода, всегда использует правило «пяти почему», чтобы докопаться до сути любой проблемы. Этот метод помогает ему разобраться в истинных мотивах и найти корень любой ситуации.

Принцип работы этого правила довольно прост.
Предположим, ты хочешь приобрести дорогие часы.
Ты спрашиваешь себя: почему я хочу эти часы? Это твое первое «почему».
Отвечаешь: потому что хочу произвести впечатление.

Второе «почему»: Почему ты хочешь произвести впечатление? Ответ: Потому что хочу, чтобы меня уважали.

Третье «почему»: Почему тебе важно, чтобы тебя уважали? Ответ: Потому что иногда чувствую себя недостаточно значимым.

Четвертое «почему»: Почему ты чувствуешь себя недостаточно значимым? Ответ: Потому что занимаюсь работой, которая меня не вдохновляет.

Пятое «почему»: Почему ты занимаешься работой, которая тебя не вдохновляет? Ответ: Потому что боюсь изменить свою жизнь и выйти из зоны комфорта.

И вот тебе ответ – оказывается, дело вовсе не в часах.

Господин Сакити Тойода показал, что именно в пятом «почему» скрывается настоящая причина наших желаний и поступков. Этот метод помогает увидеть то, что мы порой боимся признать.


🇰🇿 Республика күні құтты болсын, Қазақстан!
Еліміздің тәуелсіздік пен бірліктің символы болған осы мерекесімен құттықтаймын. Қазақстанға гүлдену, әрқайсымызға - бақыт пен табыс тілеймін!

🇰🇿 с Днём Республики, Казахстан!
Поздравляю с этим важным праздником, символом единства и свободы. Пусть Казахстан процветает, а каждому из нас – счастья и успеха!


Міне, мен де 33 жасқа толдым, құттықтауларыңызды қабылдаймын!

Сегодня моей блистательной улыбке 33 года.


🇰🇿 Бүгін бір маңызды мәселе жайында айтқым келеді, ол — компаниямызға әлеуметтік желілерде қолдау көрсету. Бізде оң мыңдаған серіктес бар, әрқайсысы белсене атсалысса, мықты синергетикалық әсер қалыптастырар едік. Бұл жеке тұлға үшін ғана емес, бүкіл компания үшін өте маңызды. Сол себепті де, компанияға жаңадан қосылған серіктестер мен көшбасшыларды оқыту бағдарламасына бірнеше маңызды қадамдарды қостық.

Біріншіден: әрбір серіктес компанияның әлеуметтік желідегі барлық ресми парақшаларына жазылу керек.
Екіншіден: әрбір публикацияға сапалы пікір жазып, қолдау көрсетуге міндетті. Ол жай ғана смайлик немесе "жарайсың", "керемет" деген сөз болмауы керек. Біз серіктестерімізге өнімнің құндылығын көрсететін немесе пост тақырыбын ашатын мағыналы да мазмұнды пікір жазуды үйретеміз. Ол сенімді арттырады және басқа адамдардың назарын аударады. Бәріміз бірігіп, жүздеген, тіпті мыңдаған пікір қалдырсақ, ол бейнеролик тез таралып, көптеген қаралым жинайды.

Синергетикалық әсер компания мен оның бренді сізге жұмыс істей бастағанда, байқалады. Әлеуметтік желідегі парақшаларымыз көпшілікке танымал болса, командамызға қосылғысы келетін жандар қатары да көбейеді. Сонда сіздерге компания өнімін басқаларға ұсыну мен адам шақыру да әлдеқайда жеңіл болар еді.

Естеріңізде болсын: "Жаяудың шаңы шықпас, Жалғыздың үні шықпас" деген, біз біріксек, талай биікті бағындырамыз.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Сегодня хочу поговорить о важном элементе нашей работы — поддержке компании в социальных сетях. У нас десятки тысяч партнеров, и если каждый активно включится, мы сможем создать мощный синергетический эффект. Это важно не только для личного роста, но и для всей компании. Именно поэтому мы включаем в программу обучения наших новичков и лидеров несколько ключевых шагов.

Первое: каждый должен подписаться на все официальные страницы компании в социальных сетях. Второе: каждую публикацию мы поддерживаем качественным комментарием. Это не просто смайлики или фразы вроде ‘молодец’ или ‘классно’. Мы учим наших партнеров писать развернутые и содержательные комментарии, которые подчеркнут ценность наших продуктов или помогут раскрыть тему поста. Это усиливает доверие и привлекает внимание новых людей. Мы можем вместе оставить сотни, даже тысячи комментариев, и благодаря нашей активности этот видеоролик станет вирусным и соберет огромное количество просмотров.

Синергетический эффект станет заметен, когда узнаваемость компании и её бренд начнут работать на вас. Наши социальные сети будут настолько популярны и с таким количеством подписчиков, что люди сами будут стремиться присоединиться к вашей команде. Это упростит вам процесс рекрутинга и продвижения продукции компании.

Помните: вместе мы можем достичь гораздо большего, чем по одиночке.

20 last posts shown.