◾️ Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция басқармасының кәмелетке толмағанды арнаулы білім беру ұйымына 1 жылға жіберу туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады.
◾️ Арызда Қарағанды агротехникалық колледжінің 16 жастағы 2-курс студентінің сабаққа бармауы, ата-анасының ұлына тәрбие бермеуі, оған көңіл бөлмеуі және оқуын қадағаламауы туралы айтылған.
Сот анықтағандай, студент:
- 71 жастағы науқас әжесіне күтім жасауына байланысты сабақты шынымен босатқанын және білім алғысы келетінін растайды;
- бейресми табысының бір бөлігін әжесіне беріп, қалғанын үй қажеттіліктеріне (отын мен көмір сатып алуға) және киім-кешекке жұмсаған;
- есепте тұрмаған, қаңғыбастық, алкогольдік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын тұтыну фактілері байқалмаған, қоғамдық тәртіпті бұзбаған, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, полициялық есепте жоқ.
◾️ Ата-анасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген және оған қамқорлық көрсетпеген, олар басқа қалада тұрады.
◾️ Анаға “Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-қағу бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-ана» санаты бойынша есепке алынып, алкогольдік ішімдіктерді ішкені және ата-анасының баланы тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.
◾️ Студенттің әкесі ата-ана ретінде ұлына дұрыс көңіл бөлмегені үшін кінәсін мойындап, басқарманың мәлімдемесімен келіспейтінін білдірді.
◾️ Прокурор арыздан бас тарту туралы шешім қабылдады.
◾️ Осыны ескерген сот полиция басқармасының арызын қанағаттандырудан бас тартты.
◾️ Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органдарға арнайы ұйғарым шығарылды.
◾️ Сот әлеуметтік және отбасын дамыту ұйымдарымен бірлесіп кәмелетке толмағанды кешкі мектепке қабылдау шараларын қабылдады.
◾️ Шешім заңды күшіне енді.
https://t.me/krgsoty