Тәубеңе Кел🤍


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Нәпсіңді не кірлетесің,не тазалайсың.Жүрек жазбалары🤎

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: письмо незнакомке
Қызға, әйелге, нәзік жандыға сұлулығын көрсетпеу — қиын.
Сырттан назар алмау — қиын.
Хош иісін басқаларға сездірместен үйден шығу — қиын.
Әсем жүзін боямау — қиын.
Әдемі, назар тартарлықтай сәнді киінбеу — қиын.
Ер адамдармен шекара ұстау — қиын.

Себебі, жоғарыда айтып өткеннің бәрі әйелдің нәпсісі. Әйелдің 1-2 емес, 9 нәпсісі бар. Әйел эмоцияның адамы. Әйел сұлулықты, сұлу болуды, оны көрсетуді, комплимент алуды сүйеді. Алла әйелді осылай жаратқан.

Егер Алланың разылығы үшін нәпсіміз сүйетін дүниеден бас тартсақ, Алла бізге иман ләззәтін сездіреді. Алла жолында құрбан болсын. Шын жақсы көргенде дүниелік қалаулардан бас тарту қиын емес…🤍


Алла бізді жасырады оған жететін нығымет жоқ енді
Алладай бізге адал ешкім жоқ Алладай бізді күтетін ешкім жоқ бізде Алла біздіңң жанымынң соншалықты жаман екенін қанша білседе күте біледі бздіі…


Иманыңның жартысы сабырлық бұл деген өміріңнің жартысы сынақпен өтет деген сөз🩶


Басыңа қиыншылық келгенде Біріншіден меннен жәрдем тіле екіншіден жәрдем тілер кезіңде сабрлық арқылы тіле жаңағы түскен тауқыметке(қиыншылыққа)сабырлы екеніңді көрейін айналаңдағы адамдар көрсін шынайы муминнің бейнесін сынақ кезінде өйткені бұл сабырлық Аллаһтың жақсы көретін қасиеті еді содан кейін намаз арқылы тіле жәрдеміңді.

Адамның басы денесінде қандай орын алса олай болса иманда сабр сондай орын алады.

Сабр тұрған жерде иман өте әдемі көрінетін нәрсе.


Аллаһ Тағала өзінен жәрдем тілеп жатырған құлын жақсы көреді!


Еш нәрсені тура жолдан артық қоймаңыз.
Тура жол күллі нәрседен артық.


Неге ісіңді Аллаға тапсынмайсың неге Алладан артық ойлайсың?

Ерлан Ақатаев.

Сол жерде біз көп құримыз.


Репост из: Абылай Кенжалы
Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық🌙


Репост из: Абылай Кенжалы
Бүгін Рамазанның 23-і тақ түні. Имам әбу Яғлә, Имам Ахмадтың муснадында кей сахабалар қадір түнін 23-і тақ түні көргендігі айтылады.

Бәлкім бүгін қадір түні боп қалуы ықтималы бар.

#баршаға_таратыңыз


Репост из: Абылай Кенжалы
«Рамазанда жасалған әрбір кіші амал басқа айлардағы үлкен амалдардан артық».

©️Ато ибн Әби Рабах

Біз елемейтін жақсылыққа толы кіші амалдар: күлімсіреу, жылы сөз айту, басқаларды кешіре білу, елемеу, үзір іздеу, аз болса да садақа беру.




Репост из: nursultan_ustazdan
Құрметті бауырлар!

Уаллаһи білмейміз, бұл Рамазаннан кейін екінші Рамазанға жете аламыз ба, жоқ па?! Олай болса, ең соңғы Рамазаныңыз сияқты ораза ұстаңыз. Жүрегіңіздегі тәкәппарлықтан арылыңыз. Сізге жамандық қылған адамға да бір сәлем беріп қойыңыз. Сондықтан, бұл Рамазан — ахлақ (мінез-құлық) мектебі. Ең бірінші ахлағымызды дұрыстайық. Себебі бізді жәннатқа ең тез апаратын нәрсе ол — көркем ахлақ. Бізді ең бірінші жәннатқа апаратын нәрсе садақа, ораза, қажылық та емес, бәлкім Алладан қорқу мен көркем мінез. Қияметте, таразыда ең ауыр басатын амал — көркем мінез.

Раббым баршамызға көркем
мінез бен тақуалық нәсіп етсін.


Сіз Аллаһ елшісінің бауырысыз 🕊️

Бір күні Пайғамбарымыз(ﷺ):
«Мен бауырларымды қатты сағындым…»- дейді.
Сонда сахабалар:
— «Уа, Алла Елшісі! Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?» — деп сұрады.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):
«Сендер — менің сахабаларымсыңдар. Ал менің бауырларым — мені көрмей, маған иман еткен адамдар» -деді…

(Сүйікті Пайғамбарымызға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)


اللَّهُمَّ إِنِّي ضَعِيفٌ فَقَوِّنِي، وَإِنِّي ذَلِيلٌ فَأَعِزَّنِي، وَإِنِّي فَقِيرٌ فَأَغْنِنِي

Уа, Аллаһым! Мен әлсізбін, мені қуаттандыр! Мен дәрменсізбін, мені үстем қыл! Мен мұқтажбын, мені Өз кеңшілігіңмен байыт!

©️ Ізгілердің таңғы дұғасы


Каждая боль преподает урок, и каждый урок меняет человека




Аллаға не ұнайды?

Мұсылман бауырыңның жүрегіне сыйлаған қуаныш ұнайды


Репост из: Абылай Кенжалы
Кімде-кім рамазан айын жақсы әрі берекелі өткізіп келе жатса, сол деңгейде соңына дейін бекем болсын.

Ал кімде-кім көптеген жақсылық жасаудан мақрұм қалып қойса, рамазанның соңғы уақыттарын берекелі етіп, жақсы құлшылықпен өткізсін.

Расында, амалдар – соңғы сәтіне қарай бағаланады.

©️Ибн Рәжәб әл-Ханбали (рахимаһулла)

(Латаиф әл-мәғәриф📚)


Ұмытпа Алланың қалауымен әр жара бір күні әсем гүлге айналады.


Иногда просто хочется бросить всё, что у тебя в руках, и пойти к кому-то заботливому. Но у тебя много обязанностей, которые нужно выполнить, и если ты просто так всё оставишь, тебе самому это не понравится. Но внутри столько мыслей, что хочется, чтобы кто-то просто пришёл, поднял тебе настроение, сводил тебя куда-нибудь, купил всё, что ты хочешь, и немного облегчил твоё состояние. И тогда, возвращаясь домой, ты почувствовал бы, что этого было достаточно.

Показано 20 последних публикаций.