📚Электронды кітаптар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
📍Реклама @dalareklanabot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: DALA INSIDE
🤝💵 Статилер инвестор ретінде Қазақстанға қайтып оралуы мүмкін

Оған «Жаңа Қазақстан» қарсы емес. Ұзақ жылға созылған дауға нүкте қойылған соңғы келіссөздерде жазбаша болмаса да, ендігі көзқарасымыз жақсы болады деген ауызша «опцион» берілген болатын. Бірақ бұл жолы олар мұнайгаз секторына емес, сирек кездесетін металдар секторына инвестор атануы ықтимал. Немесе барлау саласына да бара алады.

«Мұндай талқылаулар Статилердің кішісі, Габриель Статидің айналасындағы іскерлік ортада жүріп жатыр. Статилердің қайтып келгені Қазақстан үшін имидждік жеңіс болатыны анық. Және Қазақстан өзінің барлау саласына инвесторларды белсенді түрде шақырып жатқанын бәрі біледі. Сондықтан Статилер әзірге идея ретінде қарастырып, одан кейін Қазақстандағы Энергетика министрлігінен нақты жобаларды сұратуы да ғажап емес», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Статилердің тағдыры Қазақстанмен 1999 жылдан бері байланысты. 1999 жылы Анатол Статиге қарасты «Tristan Oil» компаниясы Қазақстанда «Боранқұл», «Толқын» мен «Табыл» кен орындарын игеруге лицензия алып, «Толқыннефтегаз» бен «Қазполмұнай» фирмаларының иесі атанған болатын. Сол жылы молдован инвесторлары Маңғыстау облысында газ өңдеу зауытын тұрғызып, оны сәтті іске қосып, алғашқы табыс алды. Алайда, Молдова президенті Владимир Ворониннің шағыстыруымен «Ескі Қазақстан» билігі Статидің кен орындарын, зауыты мен активтерін тартып алады. Ары қарай бәріміз білетін, ширек ғасырға созылған даулы сот процесі басталды.

Қазақстан осы сотқа мемлекет қалтасынан шамамен 300 миллион доллар жұмсады. Ал Статимен келісімге келуге елімізге жаны ашыған отандық олигарх қалтасынан 230 миллион доллар төледі деген расталмаған ақпарат бар. Не болса да, Статиге қатысты рейдерлік әрекет инвесторлық беделдің бұзылуы мен жарты миллиард доллардың желге ұшуына алып келді.

«Статилер Қазақстандағы кен орындарын барлауға ешбір проблемасыз кіре алады. Тек Габриельде оған жеткілікті көлемде ақша бар ма? Басты мәселе сол», - дейді, дереккөз.


Оның айтуынша Статилердің басында үлкен қарыздар бар. ASCOM тобы оның кейбірін қайта құрылымдай алса, біршама кредиторлармен ауыр жағдайға тіреліп тұр.

Сондықтан доп Статилер жақта. Келемін десе мархабат. Келмейміз десе өздері біледі.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
🏭 Қазақ елінің өндірісі өсіп келеді

Болашақта Қазақстан мұнайға деген тәуелділіктен құтыла бастауы мүмкін. Өндірістегі Іскерлік белсенділік индексі (PMI) өткен кезеңмен салыстырғанда өсім көрсетіп отыр. Бұл туралы Freedom зерттеуінің нәтижесінде жазылған.

Ақпанда жаңа тапсырыстар едәуір ұлғайған екен. Өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және сатып алу ай бойы өсіп отырды, ал іскери сенім өткен жылдың маусым айынан бері анағұрлым нығая түсті. Әсіресе еліміздегі автопром өзін жақсы жағынан көрсетіп отыр.


Сөйте тұра, өндірістік шығындар инфляциясы екі жылдық ең жоғарғы мәнге жетті және соған сәйкес кәсіпорындар да дайын өнімдер құнын күрт өсірді. PMI ақпанда 52,1 болып, қаңтардағы
51,5 мәнінен жоғарылады және бұл қазақ өңдеу өнерәсібі саласындағы іскери ахуалдың одан әрі жақсара түскенін көрсетеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өндірісте бизнес жүргізу ахуалының жақсаруы 12 ай бойы жалғасып келеді. Жаңа тапсырыстардың ауқымы осымен он үшінші ай бойы өсуде.


Еліміздегі кәсіпорындар сұраныс талаптарының жақсарғанын, жаңа келісім-шарттарға қол қойылғанын және жарнаманың ықпалын атап өтті. Жаңа тапсырыстар санының өсуі ақпан айында өндіріс көлемінің артуына түрткі болды.

Өндіріс көлемі артса, онда жаңа жұмыс орындары пайда болады деген сөз. Шикізат емес, қайта өңдеу секторының дамып, экономикада елеулі рөл ойнай бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Қазір жасалған дайын өнімді сату күшейіп, қоймадағы қордың азаюы тіркелуде. Демек, қоймаларды толтыру үшін өндірістік линиялардың жұмыс режимі күшейе түсетін болады.

Жалпы, бұл салаға инвестициялар қажет. Ұлттық қор болсын, зейнетақы қоры болсын, қолда бар ақшаны тек осы өндіріске бағыттасақ, нақты диверсификация жемісін көре аламыз.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
🏗️ Екеуіне 16 миллиард: BI Group пен BAZIS-A ауыр келіссөздерге дайындала бастады

Премьер-Министр Олжас Бектенов өткізген жиналыстан кейін, Қаржы министрлігі салықты толық төлемеген компанияларға салықтық берешек туралы ескертулер жіберді.

"BI Group қарызы 12 миллиард теңгеге жуық. BAZIS-те одан үш есе аз. BI Group келесі аптадан бастап әр миллиард теңге үшін соңына дейін дауласып, салық берешегін максималды мүмкін көлемге дейін түсіріп көрмек. Ал BAZIS келісіп отырған сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бұл салық берешегі 2022-2023 жылдар бойынша талдау аясында пайда болды. Демек бұдан бөлек, кейін BI Group пен BAZIS-A 2024-2025 жылдар үшін де жауап беретін болады. Онда да алшақтықтар пайда болып, қосымша салық төлейді деп күтілуде.

BI Group беделін қорғау мақсатында әдеттегідей мәлімдеме жасап, барлық ақпарат құралдарына таратты.

"Компания соңғы 10 жылда жыл саи‌ын KPMG және Ernst & Young тәуелсіз халықаралық аудиторлық компанияларының қаржылық есептілік аудитінен өтеді. Біз күмән тудырған компаниялар қатарына BI Group-ты неліктен қосқанын түсінбедік және компания жұмысының ашықтығы мен адалдығын дәлелдеи‌тін барлық қажетті ақпаратты ұсына отырып, ашық диалогқа даи‌ын екенімізді растаи‌мыз", - делінген онда.


BI Group бухгалтерлері мен заңгерлері демалысқа қарамастан қызу тірлікке кіріскені анық. Ірі құрылыс алпауыттарының акционерлері де тамыр-таныстарын, әкімшілік ресурстарын қосып, жан-жаққа жанталасып телефон шалуда.

"Бектенов құрылыс олигархтары үшін жаңа адам. Онымен қаржы топтары тығыз қарым-қатынас орнатпаған. Ескі Қазақстанда болған крышаларында қазір еш ықпал жоқ. Рахымбаев та, Белович те бастан бақ тайып бара жатқанын түсіне бастады", - дейді, дереккөз.



2026 жылы салық реформасы заң жүзіне еніп, арнайы салық режимдер арқылы салықтан жалтару әдістеріне тиым салынса, BI Group сынды алпауыттардың Қазақстанда болашағына қатер төнбек. Олар да ақырындап шетелдегі жобаларын көбейтіп, Қазақстандағы белсенділіктерін азайтып, болашақта отандық нарықтан кетуі мүмкін.

https://t.me/dalainside


Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер мен коньки тебу, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Белсенді оқырмандарымыз үшін акцияларымыз көп!

Сілтеме төменде

https://t.me/uidezhatpa


Репост из: DALA INSIDE
🚕 Қазақстанда таксидің өзін-өзі реттеуі және Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палатасының пайда болуы қандай қауіп төндіреді?

Қазақстанда такси нарығын өзгерте алатын заң жобасы қарастырылды. Жаңа заң шеңберінде мүшелік міндетті болатын Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палаталарын құру ұсынылды. Бұл Палаталар тарифтерді белгілеу және жарналар алу құқығына ие болар еді. Өз кезегінде ҚР Көлік министрлігінде оны пилоттық жобадан бастау ұсынылды. Айтпақшы, заң жобасы бірінші оқылымнан кейін көлік министрлігіне қайтарылды.

«Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы қоры (СЖТБҚ)» телеграм арнасында хабарланғандай, сарапшылар автокөлікпен тасымалдаушылар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның пайда болуы бағаның айтарлықтай өсуіне және саладағы қызметтер сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Нарыққа қатысушылар өз кезегінде ешқандай өзгеріс қажет емес деп санайды, өйткені қазіргі жүйе онсыз да жақсы жұмыс істейді.

Нарық үшін құрудың үлкен тәуекелдері және бағаның сөзсіз өсуі

СЖТБҚ заң жобасы такси мен қоғамдық көлікті негізсіз бір санатқа біріктіретінін, осылайша айқын мүдделер қақтығысын тудыратынын атап өтті. Бұдан басқа автобуспен тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар тиімділігі төмен бизнестің табысты бизнесті паразиттей бастауына әкелуі мүмкін, бұл нарықтық экономикаға қайшы келіп, тарифтердің өсуіне әкеледі.

Сонымен қатар, заң жобасы нарық қатысушыларына агрегаторлардың әртүрлі бизнес-модельдерін ескермей, нарықтың басқа қатысушыларына қатысты оларға тән емес бақылау функцияларын жүктейді. Егер InDrive комиссияны алдын-ала алса және қалааралық тасымалдау сегментінде алда болса, ал Яндекс пен Апару сервистерінің өз жұмыстарына көзқарастары басқа.

Сонымен бірге СЖТБҚ барлық агрегаторлардың тасымалдаушылар емес, IT-компаниялар болып табылатынын атап өтті.

Палаталар алатын тасымалдау тарифтерін белгілеу құқығы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне мүлдем қайшы келеді. Баға келісімінің қаупі де жоққа шығарылмайды, өйткені Палаталарға тарифтерді белгілеу құқығын беру монополияға қарсы заңнаманы да бұзуы мүмкін.

Сонымен қатар, таксопарктер үшін 1,2 млн теңгеден бастап 9,4 млн теңгеге дейін, ал агрегаторлар үшін 14,1 млн теңгеден бастап 33 млн теңгеге дейін құрайтын міндетті мүшелік жарналар сөзсіз қызметтердің қымбаттауына алып келеді.

Өзін өзі реттейтін ұйымға нарыққа кіру критерийлерін белгілеу құқығын беру басшылықпен келіспейтін қатысушыларды заңды бизнестен тыс қалдыратын теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.

СЖТБҚ сарапшылар мен талдаушылар өзін-өзі реттейтін Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палатасын құру монополиялауға, сондай-ақ тасымалдаушылар мен жүргізушілердің нарықтан жаппай кетуіне әкелуі мүмкін деп санайды.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
🇺🇲🫨🇰🇿 «Елші жоқ. Рубио хабарсыз». Қазақстандағы АҚШ елшілігі не істерін білмей отыр

Биыл Дональд Трамптың инаугурациясы болған 20 қаңтар күні Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм қарсылық ретінде зейнетке шығып, жұмыстан кетіп қалған болатын. Ол 28 жыл бойы дипломат болды. Қазақстанда елші ретінде 2022 жылдың қараша айынан бері қызмет етті.

«Трамп келгелі Астанадағы елшілікте бардак болып жатыр. Жаңадан елші тағайындалған жоқ. Елшіліктегі штатты 10 пайызға қысқарту бойынша тапсырманы орындау керек. Уақытша сенімді өкіл Дебора Робинсонның адамдарды қысқартуға өкілеттілігі бар ма, жоқ па белгісіз. Ол әлі бұл жердегі жағдайды дұрыс білмейді. Жұмыс бір паузада тұрған сияқты. Қызметкерлер де өзін жайсыз сезініп жүр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың кеңсесінен Қазақстандағы АҚШ елшілігіне ешқандай директива келмеген. Оптимизацияға қатысты техникалық тапсырмалардан басқа, кездесу ұйымдастыру, саяси диалогқа қатысты ешбір бағыт берілмеді. Жаңа елшінің кім болатыны белгісіз.

«Елшілік тіпті осы күзге дейін елшісіз отырса таң қалмаймын», - дейді, дереккөз.


Де-юре елшілікті қазір Қазақстандағы АҚШ миссиясы Уақытша Іс бойынша сенімді өкілді Дебора Робинсон басқарады. Осы қызметке дейін ол Вашингтондағы әскери-саяси мәселелер бюросының Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшілер (POLAD) бағдарламасының директоры болды. Астанаға Ташкенттен ауысып келген Дебора әзірге жұмыстың ішкі кухнясына толық кірісіп кете алмады. Дәл осы кезде президент ауысып, АҚШ-тың сыртқы саясаты мен жалпы бағыты үлкен трансформацияға ұшырай бастады. Бұл да Дебораға ауыр тиіп жатқаны түсінікті.

Елші болсақ жоқ. Не істеу керектігін ешкім түсіндіріп те айтпайды. Мұндай жағдай Қазақстандағы АҚШ елшілігінде соңғы 20 жылда болмаған.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
«Болмаған балалық шақ» 27 ақпанда үлкен экранға жол тартпақ

ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезектің кейінгі жылдары бестселлерге айналған туындысы «Болмаған балалық шақ» шығармасының желісі бойынша түсірілген драмалық фильм.
Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды балалық шағынан ауыр тағдырдың сынағына түскен кейіпкердің өмірін суреттейді. Басты кейіпкер қиындықтар мен әділетсіздікке қарамастан, өз жолын табуға және адамдық қасиеттерін сақтауға тырысады.

Фильмде «Болмаған балалық шақ» шығармасындағы оқиғаларға негізделген сюжеттер көрініс тапқан. Оқиғаның шынайылығы мен кейіпкерлердің терең психологиялық бейнесі көрерменге үлкен әсер сыйлайды.

Фильмнің бас продюсері автордың өзі – Ақберен Елгезек, режиссері – Айдын Сахаман, сценарийін жазған – Ефрат Шәріпов. Кинотуынды 27 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмдегі басты рөлдерді Ерлан Біләл, Берік Айтжанов, Әшім Ахметов пен жас актер Шәкәрім Алмасбек ойнады.


Репост из: DALA INSIDE
🛰️ 8 триллион теңге: Қазақстан өндірісті бұрын-соңды болмаған масштабта жаңғыртпақ

Реформа ойдағыдай өтсе, Қазақстанда көп дүние жасалатын болады. Өз тауарымызды тұтына бастағандықтан, болашақта инфляция төмендеуі тиіс.

Үкімет шағын және ірі бизнес, тұрғын үй құрылысы салаларындағы инвестициялық жобаларға 8 триллион теңге бөледі. Ол бюджеттің ақшасы емес. Кепілдік беру механизмі арқылы жекеменшік қаржы институттарында шоғырланған капитал да өндіріске бағытталмақ. Ол кредит пайызы теңгелей 12% шамасында болады. Бұл бизнеске ыңғайлы. Қаражаттың барлығы өңдеу өнеркәсібі салаларына берілмек. Оның ішінде 1,5 триллион теңге тек ауыл шаруашылығындағы жобаларға арналған.

Сонымен қатар, мемлекет IT, логистика, туризм, азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдары, машина жасау, жеңіл және химиялық өнеркәсібі салаларындағы инвестицияларға тапсырыс жариялады. Оны алу үшін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіне, «Даму» қоры мен «Байтерек» холдингіне хабарласу керек.

Қазақстан көп сын айтылса да, түрлі өндіріс ошақтарын көбейтіп келеді. Халыққа ол көріне бермейді. Себебі қазір көбіне халық тұтынатын тауар емес, басқа өндіріске қажет заттар жасалуда. Өндірістің үшінші циклына жетсек, базар мен дүкендер отандық тұтыну заттарымен толыға бастайды. Ол шамамен 2030 жылдары орын алуы мүмкін.

8 триллион эффектісін қашан көреміз? Оған кемінде 5 жыл қажет. Биылдан бастап енгізілетін салық реформасы отандық өндірушіге барлық жағдай жасайтын болады. Кәсіпкерлер де барынша өндіріске бұрылуы тиіс.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
🫵 Ким болсаң да адам өлмесін. Осы аптада Қазақмыс қожайыны қатаң әңгімеге шақырылмақ

Сол жағалау «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» шахтасында 7 адамның қаза тапқанын өте ауыр қабылдады. Себебі, бұл елімізге үлкен трагедия алып келген Лакшми Митталды қайтадан еске түсіріп отыр. Қазақмыстың негізгі акционері, 70 пайыз үлесін иеленіп отырған олигарх Владимир Киммен өте жоғары деңгейде кездесу өткізу жоспарланған. Олигарх шахталардағы қауіпсіздікті күшейтуге қомақты инвестиция салмаса, оның Қазақстанда жұмыс істеуіне қатысты сұрақтар қойылатын болады.

«Вице-премьер Қанат Бозымбаевқа барлық карт-бланш берілді. Ол Қазақстан Үкіметінің атынан сөйлейтін болады. Қазақмыс акционерлері Владимир Ким мен Эдуард Огайдың апатты тергеу кезінде алыс шетелде емес, жақын маңда жүруі талап етілді. Үкімет шахта басшысы сияқты орта деңгейлі менеджерлермен емес, аталған екі акционер мен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев деңгейінде сөйлесетін болады», - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Дереккөз Владимир Кимге заманның өзгергенін, бұрынғыдай мәселені ақша және таныстықпен жауып жүре алмайтынын қатаң ұғындырып қою бойынша шешім қабылданғанын айтады. Бұл, жеті адамның қазасы бойынша ашылған қылмыстық істе қатардағы менеджерлер емес, Қазақмыс басшылығы фигурант болады дегенді білдіреді.

Соңғы 4 жылда Қазақмыс шахталарында 13 адам өлді. 122 адам түрлі жарақат алды. Негізгі апаттардың барлығы Ұлытау облысындағы көне шахталарда орын алуда. Ондағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігі, құрал-жабдықтарға инвестиция бөлінбегендігі айқын байқалды. Бұл тура бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» кейсіне ұқсайды.

Мұндай мәселені шешуде Қазақстан біршама тәжірибе жинап алды. Миттал кетіп, оның орнына қайта жаңарған «Qarmet» шахталарында апаттың алдын-алу үшін жаңа технологиялар қолданылып жатыр. Дегаздандыру құрылғылары талай адам өмірін сақтады. Кезінде Лакшми Миттал мұндай заттарға мүлде ақша бөлмейтін еді.

«Енді адамдар өлетін болса, онда Владимир Ким Лакшми Миттал сияқты елден кетуі мүмкін. «Әділетті Қазақстан» бұдан былай өз азаматтарының өліміне мүлде келіспейді. Кім болса да, қанша салық төлесе де, ең бастысы ел азаматтары аман жүруі тиіс. Осы аптада өкілетті тұлға Кимге аталған позицияны жақсылап түсіндіретін болады», - дейді, дереккөз.


Қазақмыс шахталары мен өндірісі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша корпорация 110 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Былтырғы жылдың алдын-ала есебі бойынша осы жылы акционерлері кемінде 100 миллиард теңгеге қол жеткізе алады.

Қалай болғанда да, Қазақмысқа 80 миллион долларға бизнес-джет алғанша, шахталардағы қарапайым еңбеккерлердің қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек. Мұндай апат тағы қайталанса, корпорация үшін бәрі бір демде өзгеріп кетуі мүмкін.

https://t.me/dalainside


Репост из: Ақша менталитеті
🛒 Шаттыққа бөлену үшін шашылу міндетті емес

Кей адамдар ақшасын "эмоционалды шопингке" салу арқылы өзін сергіткісі келеді. Алайда мұндай кәйптің ғұмыры тым қысқа. Психологияда "ретейл-терапия" деген ұғым бар, ол көбінесе қанағатсыздықты жасырып, адамның нақты проблемасын уақытша перделеп қоюға ғана жарайды.

🔸Жаңа зат сатып алғаннан туған қуаныш көп ұзамай байыздайды. Өйткені мидағы 📉 дофамин гормоны бастапқыда жоғарылап, сосын тез басылады.

🔸 Адамның көңіл-күйін түбегейлі жақсартатын сатып алу – көбіне тәжірибе жинайтын не жаңа орта ашатын нәрселер.

Мысалы, саяхат, білім алу, курс немесе қызығушылық тудыратын іс-шаралар. Бұлар да "ақша" арқылы келеді, алайда олардың нәтиже беретін күші – материалдық артықшылықтан жоғары, себебі өмірге жаңа импульс қосып, жеке даму жолыңды байытады.

Сондықтан шығыннан шаттық іздейтіндерге ой салатын дүние – эмоцияны толықтыру үшін өзіңді өзгемен салыстыру, тренд қуалау немесе жарнаманың жетегіне еру міндетті емес.


Көңіл-күйді ақшаға шынымен сатып ала аламыз ба дегенде, жауап – жартылай ғана. Ақша жақсы өмірге мүмкіндік береді, дегенмен ұзақмерзімді бақыт пен ішкі тепе-теңдік бұдан да терең құндылықтарға негізделеді.

Бізге тіркел👇

📱 Ақша менталитеті


Репост из: Ақша менталитеті
🛍Sale-ге сенбе: Маркетологтардың қармағына ілінбеудің бір амалы

"Sale" сөзіне жұрт жаппай елең етіп, бірауық ақыл-ойды шетке ысырады. Маркетинг мамандары мұны "дефицит иллюзиясы" (scarcity principle) деп атайды:

жеңілдіктің шектеулі уақыты барын, тауар саны аз екенін көрсете отырып, тұтынушыны жылдам шешім қабылдауға итермелейді.

Алайда Қазақстанның жағдайында сатушының "-50%" дегені шын мәнінде бастапқы бағаны әдейі көтеріп қойып, сол жасанды "жартылай арзан" бағамен ұсынуды білдіруі де ғажап емес.


Психологиялық тұрғыдан "жеңілдік" белгісі адамның рационалды ойлау тетігін айналып өтуге бейім. Бұл кезде ми "есептеуден" гөрі "сәтті ұсынысты жібермеуге" көп мән береді. Ақыры көп жағдайда пайдалану қажетсіз немесе сапасы күмәнді дүниені сатып алады.

📍Осындай сәттерде маркетологтардың қармағына ілінбеудің бір амалы – ішкі "сүзгіні" үнемі қосулы ұстау. Тауардың шынайы құны қандай, бұрынғы баға шынымен әлдеқайда жоғары ма, расында осы зат сіздің өміріңізге қажет пе – осы сұрақтарды ой таразысынан өткізуге уақыт табу керек.

📍 Байқасаңыз, "жеңілдік" уақыты аяқталуға сәл қалғанда да, сатушылар тағы да ұзартылған акция жариялауы мүмкін. Бұл – психологиялық қысымды күшейту амалы ғана.

Көзбояушылықпен берілген пайыздық сан сіздің қалтаңыздан шығып кететін нақты соманы еш уақытта өтемейді.

Бізге тіркел👇

📱 Ақша менталитеті


Репост из: DALA INSIDE
🛢️ Шеврон Қазақстанмен келіссөзге тыңғылықты дайындала бастады

Мұнай-газ секторында кезінде жасалып кеткен контракттарды қайта қарау және оны Қазақстан үшін әділ шешу бойынша Мемлекет басшысы өз пікірін білдірген болатын. Біз үшін бітуге жақын қалғаны - Теңіз кеніші бойынша Шеврон корпорациясымен жасалған келісім-шарт. Ол 2033 жылы бітеді. Ал шарт бітуге 5 жыл қалғанда оны ұзарту бойынша барлық сұрақтар шешілуі тиіс.

Әңгіме Теңізшевройлдағы Қазақстан үлесі туралы болатынын Chevron біліп отыр. Қазір ТШО-да Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие. Қазақстан 2033 жылы ExxonMobil-дан кем түспей өз үлесін тағы 5 пайызға көтеріп, 25% қылғысы келеді. Тек ол кімнің үлесі есебінен жүруі керек?

"Негізі Қазақстан Шевронға "сендер жұмыс істей бересіңдер, уайымдамаңдар" деген месседж берген болатын. Бірақ ол үшін Шеврон да өз тарапынан белгілі бір жеңілдіктерге баруы тиіс. Осы сигнал екі жыл бұрын айтылды. Басында Шеврон өзі емес, ЭксонМобилді танктің астына итергісі келді. Бірақ Эксон оған көнбеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 млрд долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.

2033 жылы контрактты жаңарту үшін Шеврон Қазақстанға не ұсынады? 2026-2028 жылдар аралығы осы мәселені шешу кезеңі болмақ. Қазір Шеврон өз ішінде басқарма және акционерлерімен Қазақстанмен арадағы келіссөздердің сценарийі мен модельдерін болжауда.

"Шеврон ТШО-да өз үлесін қысқартатын болса, қалған акционерлердің де дәл осылай істеуін талап етуі ғажап емес. Мысалы, ЭксонМобил 1,5 пайыз, Лукойл 0,5 пайыз акцияларын Қазақстанға берсін, ал біз қалған 3 пайыз акцияларды береміз деген шарт қоюы мүмкін. Себебі, тіпті ТШО ішінде де Шеврон мен ЭксонМобил бәсекелестігі байқалады. ТШО Шевронның басты активі. Сондықтан корпорация үшін өз үлесінің 45 пайызға қысқарып, ал ЭксонМобил үлесі сол қалпы қалғаны психологиялық жағынан ауыр", - дейді дереккөз.

ТШО басшысы Кевин Дайон арада СРП болмағандықтан, Шеврон мен қазақ халқы арасындағы контракт әділ жасалған деген пікірде. ТШО бойынша өнімді бөлу туралы келісім жоқ. 1993 жылы жасалған 40 жылдық "ғасыр контракты" роялти мен салықтар механизмі бойынша әзірленген. Ал Қазақстан тарапы не болса да өз үлесін арттыруға ниетті. Себебі Ұлттық қорды толтыру қиындап барады.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
📻✂️ Азаттық: ана жерде қысқару, мына жерде жабылу

Илон Масктың шабуылынан кейін әлемдегі Азаттық радиоларын басқаратын және қаржыландыратын АҚШ-тың USAGM жаһандық медиа агенттігі радиолар желісін оптимизациялау туралы жоспарын дайындай бастады. Ал келесі аптада осы агенттік пен Илон Маск басқаратын тиімділікті арттыру үшін ашылған DOGE департаментімен келіссөздер өтпек.

"Орталық-шығыс Еуропадағы, мысалы Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македониядағы Азаттық радиолары толық жабылады. Олар өз миссиясын 20 жыл бұрын орындап тастаған. USAGM басқарушы комиссиясы осындай кулуарлы шешімге келді. Енді протоколмен бекітеді", - дейді, Ақ Үйге жақын DALA INSIDE дереккөзі.


Қалған радиолар бойынша А және Б сценарийлері дайындалды.

"А" сценарийінде Орталық-шығыс Еуропа жабылады, ал қалған елдердегі редакцияларда 50 пайыз қысқарту болады. Орталық аппаратта 40% пайыз қысқарту жүреді. Жылына 1 миллиард доллардан шамамен жартысы үнемделуі тиіс.

"Б" сценарийінде Иран мен Ресейден басқа барлық тәуелсіз мемлекеттердегі Азаттық редакцияларын жабу көзделген. Олар Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македония, Косово, Босния Герцоговина, Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Әзірбайжан, Грузия. Жабардың алдында елшіліктер арқылы осы ел үкіметтеріне "сендерге Азаттық радиосы керек пе?" деген сұрақ қойылатын болады. "Керек емес" деген елдердегі редакция жабылмақ. Сонда Азаттық радиолары Ресей мен Иранға қысым рычагы ретінде, және Кавказ, Қырым, Татарстан, Сібір сынды бодан аймақтарда жұмысын жалғастыруы тиіс. Орталық аппарат 70 пайызға қысқарады. Бұл жылына бөлінетін 1 миллиард доллардың 700 миллионын үнемдемек.

Келесі артада жабық келіссөздер мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Конгрес өкілдері, DOGE және USAGM арасында өтетін болады.

DOGE басшысы Илон Маск кеше «Азаттық» пен «Америка дауысы» радиоларын жабуға шақырып, ол туралы өзінің Х әлеуметтік желісінде жазған болатын. Маск оларды «радикалды солшыл есалаңдар» деп атап, салық төлеушілердің қаражатын ысырап етіп келеды деп айыптады.

«Олар өзімен-өздері сөйлесіп отырған, американдық салық төлеушілердің ақшасынан жылына 1 миллиард доллар жағып отырған радикалды солшыл ессіздер ғана. Жабу керек. Оларды енді ешкім тыңдамайды», - деп жазылған Илон Масктың постында.

Әлем бойынша Азаттық радиосының редакциялары Илон Масктың бұл мәлімдемесіне реакция бермеді. Ал қазақ редакциясының жалпы Илон Маск пен оның идеялары мен қадамдары туралы жазуға құлықсыздығы байқалады.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
🇲🇾Малайзияға көшуді ойлап жүрсіз бе?

Әзір Куала-Лүмпірде тұратын танымал продюсер Айсәуле Әбілда сол жақтағы өмірді бастан-аяқ зерттеп, өз тәжірибесімен бөлісетін пайдалы гайд әзірледі!

✅ Қалай көшіп баруға болады?
✅ Виза рәсімдеу жолдары қандай?
✅ Балаңыздың мектебін қалай таңдайсыз?
✅ Оқу орталықтары, жұмыс, қаржы мәселесі қалай шешіледі?
✅ Күнделікті көлік, тамақ, өмір сүру құны қанша?

📱 Бұл гайд сіздің Малайзияға көшуді жоспарлау жолындағы басты көмекшіңіз болмақ! Егер сізге нақты әрі практикалық ақпарат керек болса, осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз! ⬇️

https://taplink.cc/oisaule

немесе төмендегі уатсап нөміріне жазуыңызға болады:

https://wa.me/601115551252


Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді түрлі қызықты көрмелер мен коньки тебу, ал Астанада көрме күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Белсенді оқырмандарымыз үшін акцияларымыз көп!

Сілтеме төменде

https://t.me/uidezhatpa


Репост из: DALA INSIDE
🫨 ЛГБТ басқа амалдарға көшті. USAID вакуумын кім толтырады?

Еуроодақ пен феминистер мен ЛГБТ өкілдері түрлі масштабтағы провокациялар ұйымдастыра бастамақ. Бастысы өздеріне Қазақстанда қысым бар екенін дәлелдеуі тиіс.

"Түрлі жекелей митинг, топтық перформанс, өзін шынжырға байлап тастау, тіпті таныстарына бетін көгертіп ұрғызу сынды былайша айтқандағы "акциялар" жоспарлануда. USAID кеткелі бері феминистер мен ЛГБТ қозғалысы ертеңгі болашағына алаңдай бастады. Бастысы - тез арада жаңа спонсор табу керек", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Алғашқы іс-қимылдар басталып та кетті. Біраз ақпарат құралдарына өзін Назарбаев университетінің студенті ретінде таныстырған Темірлан Баймаш қоғамдық позициясы үшін университет тарапынан қысым көріп жүргенін хабарлады. Ол ЛГБТ құқықтарын қорғаумен айналысатын queer.kz қоғамдық бастамасының жетекшісі болып шықты. Феминистік митингтердің белсенді мүшесі.

Алайда, Назарбаев Университет 2025 жылғы 3 ақпанда ресми мәлімдеме жасап, әкімшілікке қауіп-қатер туралы шағым түспегенін хабарлаған. Ал оқу орнындағы студенттердің сөзінше, Темірлан қазіргі уақытта университеттің белсенді студенті емес, академиялық демалыста болып шықты.

Бұл да өзіне назар аударту акциясы екені анық. Келесі аптада ЛГБТ өкілдері мен феминистер күптеген жерден "қиналып" кетіп, әр түрлі тараптан қысым көре бастаса, оны шетелдік жаңа демеушілердің назарын аударту акциясы деп қабылдаған жөн.

https://t.me/dalainside


Репост из: DALA INSIDE
💰🏳️‍🌈 Ояну қымбаттаған, ЛГБТ болу да арзан емес

Қазақстандағы USAID шабадандарын жинап, есігін жапқаны белгілі. Қазір осы ұйым бізде не істеді, қандай жобаларды атқарды деген сұрақтарға жауап ізделіп жатыр. Біздегі USAID көбіне өзінің білім қолжетімділігін арттыру мен денсаулық сақтау саласындағы игі жобаларын көбірек көрсетіп, осыны істеп жатырмыз деп жарнамалап келді. Бірақ бұл ұйымның жария қылмай, үнсіз жасаған басқа бағыттағы біршама көлеңкелі жұмыстары да бар.

Телеграм арналарда жарияланып жатқан Қазақстандағы USAID қызметінің нәтижелеріне арналған роликте біздегі митингке шығу, ояну, феминизм пен ЛГБТ құқығын қорғаудың доллармен шаққандағы нақты ақшалай құны көрсетіледі. USAID бұл ролик біздікі деп ресми верификация жасаған жоқ. Онда «Oyan, Qazaqstan» сынды жастардың оппозициялық жобасына 5 миллион доллар, феминистерге 3 миллион доллар, адам құқығын қорғаушыларға 9 миллион доллар қаржы бөлінгені көрсетілген. Жынысын қызға ауыстырған трансгендер жігіттердің қымбат операциялары да қаржыландырылған.

«Қаржы көлеміне байланысты ештеңе айта алмаймын. Ол транзакцияларды тексеру оңай емес. Алайда жалпы еліміздегі көптеген билікке қарсы қозғалыстар, жастардың феминистік және ЛГБТ топтары USAID агенттігімен етене жұмыс істегені жасырын емес. Келесі аптада осы жобаларға қатысты біраз материалдар жарияланатын болады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді АҚШ сырт айналғандықтан Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастық Еуропалық Одаққа үміт артып отыр. Дереккөздің айтуынша, кешеден бастап қазақтың белсенді гейлері мен лесбианкалары кәрі құрлықтағы түрлі қорлар мен адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымдарға хат жолдай бастады. Онда Феминита мен ЛГБТ хартиясының жұмысы тұралап қалмауы үшін материалды көмек көрсету бойынша өтініш айтылады.

«Біздегі ЛГБТ-ның негізгі тірегі АҚШ еді. Еуропа ондай жұмысқа қатты араласқан жоқ. Және ондағы қорлардың Орталық Азияға қатысты нақты стратегиясы жоқ. Тек Ұлыбритания ғана көмек қолын созуы мүмкін. Бірақ баяғыдай Американың кезіндегідей миллиондаған доллар деген әңгіме болмайды. Еуропа бұл жағына келгенде өте сараң», - дейді, дереккөз.


Қазақстандағы демократия, адам құқықтары, феминизм мен ЛГБТ қозғалыстары тек доллардың күшімен өмір сүріп келгені білініп қалды. Сондықтан бұл нағыз энтузиазм ба, әлде есебі мығым бизнес жоба ма, оны анықтау қиын. Бірнеше дереккөз «келесі аптаны күтіңіздер» деген сигнал берді.

https://t.me/dalainside


Саған бай болуға көмектесетін 6 кітап:

1) Дж.С. Клейсон: Вавилондағы ең бай адам

Егер өмір бойы бар тапқаныңды жұмсап қойып жүрген болсаң, бұл кітаптан кейін аздан бастап ақша жинақтай бастайсың!

2) Р.Т. Кийосаки: Квадрант денежного потока

Адамға ақша қалай келеді? Жұмыс, кәсіп, бизнес, инвестиция арқылы табыс табудың басты айырмашылығы неде? Бір квадранттан екіншісіне қалай өтуге болады?

Осы сұрақтардың жауабы кітапта.

3) В.Д. Данко, Т.Ж. Стэнли: Менің миллионер көршім

Біреудің ойлап тапқан "Ақша энергиясы" емес, АҚШ-тың мыңдаған миллионерлері бойынша жиналған статистикаға сүйеніп жазылған кітап.

Бұл кітаптан қазір шалқып өмір сүріп жүрген блогерлердің көбісі болашақта неліктен банкрот болатынын түсінесің. Табысың қазір олардан аз болса да, қалай ұзақ мерзімді перспективада миллионер болуға болатынын білесің.

4) Эм-Джей ДеМарко: Скоростная полоса миллионера

Кейбір жолдар 40 км/сағ жылдамдықпен шектелген. Кейбір жолдарда 100 км/сағ, кейбір жолдарда 140 км/сағ жылдамдықпен жүруге болады.

Бірақ жылдамдық өскен сайын қауіп-қатер де артады.

Байлыққа тез жетемін деп аварияға түсіп қалмас үшін осы кітапты оқы. Қауіпсіздік техникасын ұстанып, байлыққа аман-есен тез жет!

5) Джо Джирард: Кез келген адамға кез келген нәрсені қалай сатуға болады

Гиннестің рекордтар кітабына ең үздік сатушы болып кірген Джо Джирардтың кітабын оқып, сатудың қыр-сырын үйрен!

Автор интернет-маркетинг жоқ заманның өзінде жалғыз өзі 10000-нан астам көлік сатыпты.

Ең мықты деген техникаларын, құпияларын осы кітапта жария етті.

6) Зиг Зиглар: Секреты заключения сделок

300-500 мыңдық сату курстарында үйрететін білімнің бәрі осы кітаптың ішінде бар.

АҚШ-тың сатушылары бұл кітапты "Сатушылардың библиясы" деп атап кеткен. 4-5, тіпті 10 рет оқысаң да, даналығы таусылмайтын кітап.

Бұдан да көп пайдалы ақпарат алғың келсе, парақшаға тіркел

8k 0 38 9 34

Репост из: Ақша менталитеті
⚡️ Kaspi жеке тұлғалардың депозит нарығында Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттен қалып қойды

Ұлттық банктің соңғы деректеріне сәйкес, 2024 жылы Банк ЦентрКредит (БЦК) жеке тұлғалардың депозиттік портфелін 27,2%-ға ұлғайтып, 💰 2,8 трлн теңгеге жеткізген. Ал Halyk Bank-та бұл көрсеткіш 22,8%-ға өсіп, 7 трлн теңгеге жетті. Kaspi Bank депозит көлемін небәрі 22%-ға арттырып, 6,1 трлн теңгені құрады.

Депозиттік нарықтағы өсім банктердің сенімділігі, клиенттерге ұсынатын шарттары мен сервистік қызмет деңгейіне байланысты болып отыр. БЦК мен Halyk Bank-тің салымшылар базасын кеңейту қарқыны биылғы бәсекелестік деңгейінің жоғары екендігін айғақтайды.

Алдағы уақытта Halyk Bank пен Банк ЦентрКредиттегі депозит шарттары туралы айтамыз.

Бізге тіркел👇

https://t.me/aqsha_mental


Репост из: DALA INSIDE
🇺🇲✂️ Минус Сорос, минус USAID. Қазақстанда АҚШ грантын жеп жүргендер нансыз отыр

Бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералды гранттар беруді тоқтатып, басқа елдерде жұмыс істейтін қаптаған гуманитарлық, ақпараттық бағдарламаларына аудит жүргізе бастады. Бюджет және басқару басқармасының (OMB) мәліметінше ең алдымен Ақ үй бұл бағдарламалардың Трамп идеологиясымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ. Одан кейін сыртқы қаржыландырудағы жемқорлық тексерілуі тиіс. Үшінші елдерге бөлінген миллиардтаған доллар гранттарды үлестіру барысында түрлі жемқорлық орын алды ма деген тергеу жүргізілетін болады.

Кеше қаржыландырусыз қалған USAID өз сайтын жауып тастады. Ондағы бөлім басшылары "әкімшілік отпускке" жіберіле бастаған. Трамп USAID тәуелсіз агенттік емес, Мемлекеттік департаменттің еншілес құрылымы болуы керек деген райда. Оған демократтар қарсы болып отыр. Бірақ Конгрестегі көпшілік республикандықтардың қолында болғандықтан, демократтар Трампқа қарсы дым істей алмайды.

Жыл сайын USAID Джордж бен Алекс Соростың қорларына 50 миллиард доллар бөліп жүрді. Сорос ол ақшаға түрлі өңірлердегі демократия, адам құқығы, билікпен күрес бағыттарына грант бөліп, белсенділерді оқытып келген болатын. Биылға аударылуы тиіс қаржы паузаға қойылғандықтан, гранттардың тағдыры белгісіз болып тұр.

"Қазір Қазақстанда Соростың журналистерді ағылшынша оқыту, жоспардан тыс жүктіліктің алдын алу, жергілікті тендерлерге мониторинг жүргізу бағдарламалары тоқтады. "Оян, Қазақстан" оппозициялық жастар қозғалысы ақшасыз отыр. Олар да көпке бармайды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бізде медиа, тәуелсіз контент әзірлеу, әлеуметтік медиа жобалар бағытында USAID гранттарының көбін Internews ұйымы игеріп келген болатын. Қазір коммерциалық емес ұйым былтырғы бюджеттен қалған қаржымен отыр. USAID кететін болса, Internews бағдарламалары 60 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

"Азаттық радиолары желісіне транш аудару мәселесі шешілмеді. Олар USAID емес, USAGM (АҚШ Жаһандық медиа агенттігі) арқылы, Конгрес шешімімен қаржыландырылады. Биылғы транш көлемі қысқарады деген қауіп бар. Егер Азаттық радиосының жер-жерлердегі басшылығы "біз миссиямызды орындадық" деген сарында сөйлей бастаса, демек сол елдегі өкілдігі көп ұзамай жабылады деп түсінуіміз керек", - дейді, дереккөз.


Оның айтуынша, Азаттықтың Орталық Азия бойынша блогында биылғы жартыжылдықта өзгерістер бола қоймайды. 2025 жылдың екінші жартысында оптимизация бойынша шешімдер қарастырылуы мүмкін.

Дональд Трамп дәуіріндегі Америка "жаһандық демократия мен еркіндік идеясының бесігі" символынан арылғысы келетінін байқаймыз. Оның орнына Трамп "қуатты, білегі мығым ұлы держава" деген ұстаным беруде. АҚШ енді баяғыдай еркіндік аумағы, бәріне тең мүмкіндік беретін әділетті ел емес, өзіне қарсы тұрғанды жайпайтын, әскери және материалды күші тасып тұрған алып империя.

Трамп өзіне керек емес дүниеге ақша жаратпайтын капиталист тұлға. Оған демократия керек емес болғандықтан, енді Ақ үй демократия деген абстрактылы идеяға доллар шығындамайтыны анық. Бролигарх Илон Маск тізгінін ұстаған Тиімділікті арттыру департаменті (DODG) осы аптада Қаржы министрлігінің транзакцияларын тексеру және тоқтату функциясын қол жеткізді. Қандай шетелдік ұйым қалай қаржыландырылғаны жасанды интеллект көмегімен зерттелетін болады. Илон Маск транзакцияларды күніне 4 миллиард долларға қысқартуға ниетті.

Гүлге су құйса ғана өсетіні сияқты, демократия да доллар құйса ғана өсетін қасиетін байқатқан болатын. Енді доллар жоқ.

https://t.me/dalainside

Показано 20 последних публикаций.