Newsroom.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Официальный канал сайта www.newsroom.kz сайтының ресми каналы. Сұрақтар бойынша info@newsroom.kz

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


10 қаңтарда Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин АҚШ-тың Мерилэнд штатында дүниеден озды. Бұл туралы жазушының ұлы Едіге Мағауин Facebook парақшасында жазды.

«Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те», – делінген жазбада.

Жазушы Қазақстан уақыты бойынша 10 қаңтар таңғы сағат 5:55 қайтыс болған.

Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі болған.

Айта кетейік, Мұхтар Мағауин 2007 жылы Қазақстаннан Чехияға қоныс аударған. Кейін АҚШ-та, Түркияда өмір сүрген. 2024 жылы Halyq Uni басылымына берген сұхбатында ол елге қайта оралмайтынын айтқан.

@newsroomkz


Репост из: Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды

✍️ Указом Главы государства Ескараев Азамат Несипбаевич освобожден от должности Министра юстиции Республики Казахстан


t.me/aqorda_resmi


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔍 “Болашақтағы” дау: үміткер Темірбаев тағы да мәлімдеме жасапты

@newsroomkz


Тас жолдарда қалған 500 жолаушы пойыздармен жеткізілді

Қолайсыз ауа райы салдарынан Астана–Қарағанды, Астана–Павлодар және Астана–Көкшетау бағыттарындағы тас жолдардың жабылуына байланысты шамамен 500 жолаушы пойыздар арқылы тасымалданды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Сарыбель станциясынан: 100 жолаушы Астана мен Қарағандыға жеткізілді.

Екібастұз станциясынан: 63 жолаушы елордаға тасымалданды.

Ерейментау станциясынан: 52 жолаушы Астанаға жетті.

Бурабай курорты станциясынан: 202 жолаушы елордаға жеткізілді.

Макинка, Ельтай және Ақкөл станцияларынан: 76 жолаушы пойыздармен тасымалданды.


Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар қауіпсіздігі үшін барлық шараларды қабылдауда және алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.

Егер қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, бізге хабарласыңыз: +7 707 214 06 99

@newsroomkz


Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

🔵Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.

🔵Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.

🔵Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.

@nesroomkz


«Астана – Щучинск» тас жолындағы жаппай жол-көлік оқиғасының салдары жойылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыту пунктеріне уақытша 118 адам, оның ішінде 42 бала орналастырылды. Құтқарушылар жағдайды бақылауда ұстап, жүргізушілерге ауа райы жақсарғанға дейін жолға шықпауға кеңес береді.

Сонымен қатар, министрлік жаппай жол-көлік оқиғасының салдарын жою туралы мәлімдеді. Апат салдарынан 21 адам зардап шеккен, оның 11-і ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаға қатысқан барлық 95 көлік эвакуацияланды, жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.

✅ Жазылу | 📩 Ақпарат жіберу: +77072140699


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ақмола облысында тас жолдардың жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан шамамен 400 адам тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ұзақ сапарлардан бас тарту ұсынылады.

Егер сіз қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, бізге хабарласыңыз: +7 707 214 06 99

@newsroomkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына және жаппай жол-көлік оқиғасына (ЖКО) байланысты патрульдік полиция республикалық маңызы бар жолдарда автоколонналарды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта полиция бақылауында шамамен 1000 көлік бар.

ЖКО орнынан Қызыл Горняк ауылына дейінгі бағытта полиция 400-ден астам көлікті қарсы жолақ арқылы сүйемелдеді. Колонна Астанаға қарай бағыт алып жатыр.

Сонымен қатар, Астанадан Ерейментау және Астанадан Қарағандыға дейінгі бағыттарда автоколонналар ұйымдастырылуда. Қарағанды бағыты бойынша колонна құрамында 350 көлік, оның ішінде 50 жүк көлігі бар.


❕ Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция жүргізушілерге колоннамен қозғалу ережелері, қашықтықты сақтау және жылдамдықты шектен асырмау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Егер сіз қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, бізге хабарласыңыз:
📞 +7 707 214 06 99


Репост из: POLISIA.KZ
🚨 Из-за непогоды на трассе в Карагандинской области скопилось уже тысяча автомобилей

Сейчас они выдвинулись из терминала в Темиртау в сторону Астаны. Полицейские решили разделить колонну на сотни машин.

— Смотрите за дистанцией, в том числе за боковой дистанцией. Обращайте внимание на дорогу, никуда не торопитесь, будем ехать аккуратно. Скорость будет примерно 20-30 км/час. Мы будем делить группу автомобилей по сто машин: сначала сто машин, затем патрульный автомобиль, потом еще сто машин. Главное — не обгоняйте друг друга, на пути движения есть завихрения и накаты. В колонне будет две полосы, — проинструктировал водителей первый заместитель начальника ДП Карагандинской области Жаскайрат Каиров.


Для сопровождения колонны задействованы шесть экипажей батальона патрульной полиции, а также спецтехника КазАвтоЖола.

Сопровождение довезет колонну до границы Акмолинской области. Там спасатели заберут машины, которые стоят на въезде в Карагандинскую область, чтобы затем также в сопровождении доставить их в пункты назначения.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақмола облысының Алтынды және Жанаталап ауылдарындағы жылыту пунктерінде 71 адам, оның ішінде 8 бала орналасқан. Сонымен қатар, Щучинск қаласына 20 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендерге ыстық тамақ беріліп, психологтар көмек көрсетуде. Олар Астанаға темір жол арқылы жеткізілмек.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Астана-Петропавл автожолында орын алған жол-көлік оқиғасында 95 көліктің 44-і шығарылды немесе қозғалысын жалғастырды, ал 49 көлік әлі оқиға орнында тұр. 12 адам ауруханаға жатқызылды, 15 адам жылыту пунктеріне жеткізілді. Құтқару жұмыстарына 14 техника мен 20 маман тартылған. Жолды сағат 22:00-де ашу жоспарлануда, алайда ауа райы жағдайына байланысты уақыт өзгеруі мүмкін.


@newsroomkz


Репост из: Zakon.kz - Новости Казахстана и мира
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Семь человек эвакуировали из-за пожара в новогоднюю ночь в Усть-Каменогорске

Огонь вспыхнул на балконе квартиры, расположенной на 7 этаже в доме по улице Казахстан.

Пожарные эвакуировали 7 жителей, в том числе 2 детей, и потушили пламя. Никто не пострадал.

Если вы стали очевидцем происшествия, присылайте фото/видео, информацию в наш редакционный чат-бот – @zakonkz_bot

t.me/zakonkz


Репост из: ТРК Президента
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎥🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтау сөзі

🎥🇰🇿Новогоднее поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева

@ptrkkz


Репост из: Aqorda 🇰🇿
✉️ Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

t.me/aqorda_resmi


Репост из: Zakon.kz - Новости Казахстана и мира
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Гимн Казахстана в новогоднем стиле исполнили в Акорде

Необычную аранжировку реализовали пианист Темирлан Бейсенбай, оркестр народных инструментов “Отырар сазы” и симфонический оркестр “Астана опера” под управлением Динары Тлендиевой.

📹 – ТРК президента РК

t.me/zakonkz


Президенттің Жаңа жылды қалай қарсы алатынын кеңесшісі – баспасөз хатшысына сұрап көрдік. Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы Жаңа жылды үйде, жақындарының ортасында қарсы алады.

"Мерекелік дастархан басында, еліміздің миллиондаған азаматтары сияқты. Жаңа жылдық күндері ол демалысқа шығып, Қазақстаннан тысқары жерге шығуды жоспарлап отырған жоқ.

Қасым-Жомарт Кемелұлының демалыс күндері іс жүзінде болмайды, сондықтан Жаңа жылдық күндерді де жұмысқа, соның ішінде құжаттармен айналысуға арнайды", – деді Берік Уәли.

@newsroomkz


🕯️Шетелдіктерге ЖСН беру – ІІМ мәлімдемесі

Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан тыс жерде шетелдіктерге ЖСН ресімдеу қызметтерін ұсынатын хабарландырулар пайда болғаны туралы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті хабарлады.

"Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына жауап берген Комитет төрағасы Аслан Аталықовтың мәліметінше, 2024 жылы шетелдіктерге 435 408 ЖСН берілген, оның ішінде: Ресей – 233 013, Өзбекстан – 121 719, ҚХР – 25 654, Тәжікстан – 13 846, Қырғызстан – 9 308.

Оның айтуынша, ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Ресей азаматтарына бағытталған ЖСН ресімдеуге қатысты хабарландырулар мен қызметтерді де анықтаған.

"Бұл фактілер бойынша жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру іс-шаралары жүргізілуде", – деп түйіндеді Көші-қон қызметі комитетінің басшысы.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🧑‍🎄Астананың қай жерінде жаңа жылдық атмосфера бар?


Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды бекітті

Мемлекет басшысы 2024 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау туралы өкімге қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Jeju Air әуе компаниясының бас директоры мен жоғары лауазымды менеджерлері кеше ұшақтың қонуынан кейін болған жарылыс трагедиясынан кейін иіліп кешірім сұрады.

Оның айтуынша, трагедияның себебі әлі анықталған жоқ, бірақ мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін олар барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.


🎆 Жаңа жылда Астанада фейерверктер қай жерде атылады?

Айта кету керек, фейерверктер демеушілердің қаржыландыруымен ұйымдастырылды.


Фейерверктер 31 желтоқсан күні түнгі 00:00-де екі жерде басталады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпірі. Әр жерде шамамен 2,5 мың залп жоспарланған.

Сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументінің жанында және ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер өтеді.

Күндіз іс-шаралар Орталық саябақта, «Көктал» саябағында, Оқушылар сарайының алдында және қаланың басқа да орындарында ұйымдастырылады.

Показано 20 последних публикаций.