Qubylys


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Құбылыс - өзгере бер,өзгере бер (жақсылыққа)
Дыбыстамашы🎙️
Аудио кітап🎧
Тағы қосымша діни жазбалар📚

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Жазушы - كاتب
Шейх Шаннардың (حفظه الله) дәрісінен:

“Күнәға шалдыққан. Бірақ ол күнәны жақтырмайды, қайта-қайта істеп қоя беретін адамның тәжірибесінде болған.
Егер адам бір күнәдан шынайы арылғысы келсе
[лә хәулә уә лә қууата иллә билләһ] зікірді күнде екінті мен ақшам арасында кеміне 400 рет немесе оданда көп айту керек. Сонда Алла Тағала әлгі адамға күнә жасауына бөгет жасап қояды.

لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِٱللَّٰهِ

https://t.me/kaatib0


Репост из: ZhaZba📝
https://youtu.be/iqiGYX_WoyI?si=TTOyD2MDh3_rX47F
Мына подкаст көріңіздер!!!


Репост из: Ali’s Notes
Әлеуметтік желіде біреудің суретін пайдаланып, жалған аккаунт ашу – Исламда бір емес үш түрлі ауыр күнәға жатады.

Біріншіден, бұл алдау болып табылады, яғни өтірік арқылы басқаларды жаңылыстыру.

Екіншіден, біреудің жеке құқығына, хаққысына қол сұғу – адамның рұқсатынсыз оның суретін пайдалану.

Үшіншіден, бұл – жалған ақпарат тарату, яғни адамдарды зиянды немесе қате мәліметтермен шатастыру.

Исламда бұл үш әрекет те өте үлкен күнә болып есептеледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім бізді алдаса, ол бізден емес» деп ескерткен.

Меніңше осындай әрекеттерді жасайтындар, көбінесе, еріккеннен және басқаларды алдау арқылы көңіл көтеруді қалайды. Олар шынайы өмірдің қиындықтарынан қашып, виртуалды әлемде жалған тұлғалармен өмір сүреді және күнаға батады.

Өкінішке орай, менің суретімді қолданып, еріккен, Алладан қорықпайтын біреулер инстаграм және телеграмнан аккаунттар ашып, таныс-таныс емес адамдарға мен болып жазып жүр екен❗️


Репост из: Хадиске қызмет
قال الحسن البصري رحمه الله: إن قوماً ألهتهم أمانيّ المغفرة حتى خرجوا من الدنيا وليس لهم حسنة، يقول أحدهم: أحسّن الظن بربي، وهو يكذب، لو أحسن الظن بربه لأحسن العمل، وتلا قوله تعالى: {وَذَ ٰ⁠لِكُمۡ ظَنُّكُمُ ٱلَّذِی ظَنَنتُم بِرَبِّكُمۡ أَرۡدَىٰكُمۡ فَأَصۡبَحۡتُم مِّنَ ٱلۡخَـٰسِرِینَ}[سورة فصلت ٢٣].

📚شرح الحكم العطائية


Хасан әл-Басри (Аллаһ ол кісіні рақымына бөлесін) былай дейді: "кей адамдар "Аллаһ кешірер" деген бос үмітке алданып, еш жақсы амал жасамастан дүниеден өтіп кетті. Олардың ішінде "Раббым мені кешірер деген жақсы ойдамын" дейтіндері болды, бірақ ол өтірік айтатын еді, себебі, кім "Раббым мені кешірер" деген жақсы ойда болса, жақсы амал жасар еді".
Сосын ол кісі Аллаһ тағаланың мына сөзін оқыды: {бұл сендердің Раббыларың жайында ойлаған ойларың ғана, Аллаһ сендерді құртады және сендер зиянға ұшыраушылардан боласыңдар}[Фуссиләт 23].

📚Шарх әл-хикам әл-атоия

#ғалымдар


Өтініш достар көмек берейікші 100.200.500.1000. тг болсын
Және достар арнайы Құбылыс арнасы үшін деп белгілеп кетсек 👏🏻👏🏻👏🏻


✨Қалыңыз қалай😊 Егер барлығы жақсы болса сіз үшін қуаныштымын🫶 ал мәселелер болса Аллаға тапсырыңыз🌝 (оңынан шешімін берсін🤲)



Біз, “Құранға қызмет” қайырымдылық қорының еріктілері кезекті жобамызды жүргізіп жатырмыз.

(
📌Ұлт болашағы үшін бір сәт уайымдап көрдіңіз бе?
Уайымыңыз болса➡️
Еңбекпен жиналған ризық несібеңізді сенімді жерге жұмысалғанын қаласаңыз⬇️


*«Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің»💞*
Сіз Алла қаласа бір ұлт тәрбиесінің діңгегі болғалы тұрсыз😍
Айғаным медресесі – қари қыздар тәрбиелейтін ұлт ұясы🫀

Мақсатымыз: 1 айда 1 📂конвертке 5000 💰мың теңгеден жинап.
Осылайша 10 конвертті толтыру😊
10 ✖️ 5000 🟰 50000 теңге
Осы КОНВЕРТТІҢ толуына үлесіңізді қоссаңыз.😊Рахмет
Сіздің Құранға қызмет етушілерден екеніңізге сенемін🙌🏻
➡️Каспий: 8 747 583 19 59 Әлішер.Ж


Инсайт, краш, нюьанс, вайб, пов, рофл, кринж, трэш, жиза, топ, тренинг, коуч, сторис, т.с.с.
Осы сөздерді блогер де, жастар да қолданып жүр.

Бірақ бұларға "тіл жанашырлары", аға буын да, тәңіршілер де тілді сақтайық деп айтпайды.
Бір муслим Машалла басқасы Иншалла десе барлығы жамырап шыға келеді.

Шынында тілге жаны ашымайды. Дінге деген өшпенділік. Сөндіру үшін тілді, дәстүрді, кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысады.


Репост из: KUΛYBΛ
“Ислами” реформатор-психолог

Мұсылмандар үшін психологтардың қазіргі сәні бұрынғы әртүрлі ағымдардағыдай күндердің бір күні өтетінін түсіну маңызды. Исламның атынан айтылған "травма", "гештальт", "проработка" және тағы да басқа осындай әдемі терминдер ерте ме, кеш пе ұмытылады.

Дәл бұрынғы Исламдағы "саңылауды ашқан" өзін мақтанышпен ұрып, "Ислам құтқарушыларының" туын ұстап, ақыл-ойы әлсіз адамдар арасында эмоцияның дауылын көтерген кез-келген секта немесе ағым сияқты. Бірақ дауыл аяқталып, шаң басылғаннан кейін олардың шынайы ниеттері мен ұсқынсыз бейнелері ашылады.

Дәурендері ұзаққа созылмастан біз олардың Шығыстан Батысқа дейін жиналған философиялық қате түсініктердің қоспасын — бұрмаланған сұмдық нанымдарын ашқанын көріп отырмыз. Нәтижесінде біз "Ислам психологы" — "Ислам Франкенштейнін" көреміз. Олардың бас сүйегіне енген сенімдер коктейлі ашу нәтижесінде сыртқа шығуға жол табады. Осыдан кейін біз олардың аузынан сахабаларды (Алла оларға разы болсын) тілдерімен шағып жатқанын, олардың кейбіреулерін "бедное мышлениемен” айыаптап, "абьюзер" деп атайтынын естиміз. Тіпті мүмін аналарымыздың ары олардың "объективті психологиялық талдауынан" сақталмады.

Бір тарап барлық жағдайда, тіпті сіздің әйеліңіз, отбасыңыз зәбірленіп жатса да сабыр сақтауға шақырса, екіншісі палестиналықтардың азап шегуінен жақсылықты көреді, ал сионисттерді оларға шейіт болуға көмектесетін құтқарушылар деп көреді. Қарапайым негізгі білімді иеленбеген олар "адамдарды жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю" деген діннің міндетті бөлігін тастауға шақырады. Олар хиджабты тек қалау пайда болған кезде киюге шақырады, ал кейбіреулері намазды Сүннет бойынша емес, өз қалауың бойынша оқуға шақыратын орынсыз кеңес айтады. Егер сіз басқалардың күнә жасағанын көрсеңіз, онда мәселе оларда емес, өзіңізде және мұнда тек өзіңізбен жұмыс жасау керек дейді. Мүлдем принципсіз және еш негізсіз! Мұндай мысалдар көп.

Әркез травманы іздеушілер өз басындағы травмасын көре алмайды, бәрін бастан аяқ төңкеріп тастайды, захирді (айқын) және батынды (жасырын) шатастырады, ғасырлар бойы осы үмметтің шамшырақтары – ғұламалар мұқият сақтаған Исламнан түбегейлі іргелі қабатты алып тастайды, сонымен қоймай олардың аяттар мен хадистерді өз құмарлықтарына сай түсіндіруге батылдары жетеді.

Кез-келген адасқан ағым одан да бетер деградацияға түсуге бейім, және біздің көріп отқанымыз – тек гүлдер ғана, ал жидектері алда болады. Бұл адамдар қарапайым мұсылмандар үшін авторитет, пікір көшбасшыларына айналуда және ізбасарлары олардың көзқарастары мен сенімдерін ғана емес, моральдық пайымдауларын да қабылдауда.

Білімді тек сенімді дереккөздерден (Құран мен Сүннет) алыңыз, тәніңізді және ақыл-ойыңызды осы өміріңізді ғана емес, сіздің ақыретіңізді де құртатын умен уламаңыз.

Ибн 'Омар (Алла оған разы болсын): "Дін сенікі! Дін сенікі! Шынында ол сенің етің мен қаның! Дініңді кімнен алып жүргеніңе мән бер!"(әл-Хатыб "әл-Кифая" 122).

Біздің мақсатымыз — шындықты жеткізу.

P.S.: жоғарыда айтылғандармен қоса, мынаны есте сақтаңыз:
* Ислам толық қалыптасқан;
* Уахи тоқтады;
* Шариғат бойынша кітаптар жазылған;
* Руханият мәселелері талданған;
* Ихсанға және кемелдікке жету жолдары көрсетілген.

Кейде дінге көмектесу үшін жәй ғана үндемеу жеткілікті.

Дереккөз #anti_psycho


Намазымды көп қаза еттім,тәубе ете алмай жүрмін,не істесем болады?


Кез келген діни міндеттерді орындауда қиындыққа тап болған кезде ең маңыздысы - Аллаға деген шынайы ниет пен тәубеге келуге деген шынайы тілек. Намаздарыңызды қаза қылғаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінгеніңіз және бұл жағдайды түзетуге ұмтылуыңыз - жүрегіңіздегі сенімнің белгісі. Міне, осы жағдайды қалай жақсартуға болатыны туралы бірнеше кеңес:

1. Шынайы тәубеге келу (Тәубе)
Намаз оқып, Алладан кешірім сұрау: Алланың мейірімі шексіз, сондықтан да кешірім сұраудан бастау керек. Шын жүректен тәубе жасап, өткен қателіктеріңіз үшін Алладан кешірім тілеп, енді қайталамауға ниеттену маңызды.
Тәубе дұғасы: Әрбір қаза болған намаз үшін кешірім сұрап, тәубе дұғасын оқып, шын жүректен өткенді түзеуге деген талпынысты білдіру керек.
2. Қаза намаздарын өтеу
Қаза намаздарын өтеу жоспарын жасау: Қаза болған намаздарды өтеу үшін өзіңізге нақты мақсаттар мен кесте жасап, біртіндеп қаза намаздарын оқуға тырысыңыз. Мысалы, әрбір бесін намазынан кейін қаза болған бір бесін намазын өтеу.
Уақытты тиімді пайдалану: Әрбір бос уақытты пайдаланып, қаза намаздарыңызды өтеу үшін әрекет етіңіз.
3. Жалқаулықты жеңу және тәртіп орнату
Намаздың маңызын есте сақтау: Намаз оқу - мұсылманның ең басты парызы, ол бізге Алламен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Намаздың рухани пайдасы мен артықшылығын еске түсіріп отыру, оқуға деген ниетті күшейтуге көмектеседі.
Ерте ояну және уақтылы орындау: Таңғы уақыттың маңызы үлкен, сондықтан таң намазын уақтылы орындап үйрену арқылы басқа намаздарды да уақытында оқуға ынта артуы мүмкін.
4. Жақсы әдеттер қалыптастыру
Тұрақты дұға оқу: Күнделікті дұға оқып, Алладан күш пен жігер сұраңыз. Дұға жүректегі ниетті күшейтуге және тұрақтылыққа көмектеседі.
Жақсы орта табу: Намаз оқитын және дінге берік адамдармен қарым-қатынас жасау сіздің де рухани даму жолыңызға оң әсер етуі мүмкін.
5. Алланың мейіріміне сену
Алланың мейірімділігіне үміттену: Алла әрқашан мейірімді әрі кешірімді. Егер шын жүректен тәубе етіп, оны қайталамауға тырыссаңыз, Алла сізді кешіретініне сеніңіз.
Өзіңізге деген қатаң талаптан арылыңыз: Тәубеге келу ұзақ процесс болуы мүмкін. Сіз әрбір қадамды басқан сайын өзіңізді жақсарту жолында екеніңізді естен шығармаңыз.
Ең бастысы - ешқашан үмітіңізді үзбеу. Алла әрдайым тәубе еткен пендесінің тәубесін қабыл етеді.


Репост из: Abdusamat Hanafin
وَأَنَّهُ هُوَ أَضْحَكَ وَأَبْكَى

"Сені күлдіретін де, жылататын да - Алла”

Жұма мүбәрак болсын!
Аллахым қиналып жатқандарға жеңілдік, ауырып жатқандарға шифасын берсін! Палестина халқына Алла жәрдем берсін🤲




Сира оқуға, жаттауға, тыңдауға, уақыт таппай жүрсеңіз осы шағын кітапшаларды қайта-қайта оқып шығыңыз👆🏻




Ұстаз Нұрсұлтан сабақтар топтамасы
Пайғамбарымызға қатысты ілімдер

1.Шәмайл ілімі:
Пайғамбар (с.ғ.с) болмысын,жаратылысын,түр-сипатын,бойын,мінез құлқын сипаттайтын ілім.

Болмыс тұрғысынан Алла елшісіне ұқсау міндетті емес,тек мінез құлыққа және жүріс тұрысқа рұқсат.

Біреуге урод демес бұрын,кімге айтып жатқаңызды ойлаңыз,себебі сол урод деп жатқан адамыңыз Әл -Мусаууир Бейнелеуші Алла жаратты.

Біз білетін Қиссадағы Юсуф пайғамбарды көрген әйелдер саусақтарың тураса,Пайғамбарымыз Мұхаммедті (саллаһу ғалейһи уә сәллам) көргенде жүректерін тураушы еді.

2.Дәлайл ілімі (Алла елшісінің Алла елшісі екенін дәлелдейтін ілім)

Адамдардан Алла елшісінің артықшылығы,оның мұғжизасы туралы

Дәлайл ілімі 3 нәрсені қамтиды
1.Алла елшісі келмей тұрып болған оқиғалар (Піл оқиғасы,пұттардың құлауы т.с.с)
2.Алла елшісінің өміріндегі Пайғамбар болмай тұрып болған мұғжиза (тастардың сәлем беруі) және Пайғамбар болып жасаған мұғжизалары
3.Алла елшісінің дүниеден өткен мұғжизалары (яғни айтып кеткен мұғжизасы)
Парсының алуы туралы айтуы
Римдіктердің алуы туралы

Өзіне қатысты мұғжиза
Саусақтар арасында судың шығуы
Артынан көруі Намазда тұрғанда
Айды екіге жаруы
Інжілде 110 дәлел бар Алла елшісінің Пайғамбар екенің

3.Қасайс ілімі (Оған ғана қатысы болған,өзгелерге қатысы жоқ)
Пайғамбар (Саллаһу ғалейһи уә сәллам) өзінің болмысына қатысты болған сияқты (мысалы күндіз көргендей түнде де көретін болады) (т.с.с қабірдегі азаптылып жатқаның,қабірдегі адамдармен сөйлескен)
Тағы да осы ілімге қатысты
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көзі ұйықтап жатса да,жүрегі ұйықтамайтын болған,Таң намазын дәретсіз оқитын болған,Билал оған Я Алла елшісі дәрет алмадыңыз ғой,-дегенде,Алла Елшісі:-Менің жүрегім ұйықтаған жоқ деген екен

Шариғи үкімде осылай Пайғамбарымыздың 9 әйелі болған,бірақ ол Алла Елшісіне қатысты.Ал бізге 4 әйелден артық алуға болмайды.

Фадайл ілімі (Алла елшісінің абзалдығы)
Адамдарға жіберілген Пайғамбарлардың бірінен-бірі абзал етілді.
Ең ұлық болған 5 Пайғамбарлар
Нұх (алейһи уә сәллам)
Ибраһим (алейһи уә сәллам)
Мұса (алейһи уә сәллам)
Иса (алейһи уә сәллам)
Мұхаммед (саллаһу алейһи уә сәллам)

Осы 5 Пайғамбардың ішінде ең абзалы Мұхаммед (саллаһу алейһи уә сәллам)

• Ғаламның Жауһарлары осы кітап Алла елшісінің абзалдығы жайлы айтылған

Сира ілімі (Алла Елшісінің дүниеге келген күнінен бастап,Алла елшісінің дүниеден өткен күнінен өткен өмірі)


Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде былай деді:

«Шайтан: “Уа, Раббым! Бір Өзіңнің ұлықтығыңмен ант етейін. Мен оларды рухы тәнінен ажыраған уақытқа дейін азғыруымды тоқтатпаймын” – деді.

Сол кезде Раббым:

«Өзімнің ұлықтығыммен ант етейін! Олар кешірім сұраса, Мен де кешіре беруімді тоқтатпаймын» – деді».

(Әл-Жәмиғ, Суюты)

Әстәғфируллаһ


Аᴧᴧᴀхуʍʍᴀ ихдиний уᴀ уᴀᴧидᴀйи уᴀ ᴀқᴀᴀᴩибий 'ᴀᴧәᴄᴄыᴩᴀᴛиᴧь ʍуᴄᴛᴀқиʍ.
 
اللهمّ اِهدِني وَ وَالِدَي وَ اَقَارِبِي عَلَى الصِرَاطِ المُسْتَقِيم

{ О, Аᴧᴧᴀ, ʍᴇні, ᴀᴛᴀ-ᴀнᴀʍды жәнᴇ  ᴛуыᴄᴛᴀᴩыʍды ᴛуᴩᴀ жᴏᴧғᴀ ᴄᴀᴧᴀ ᴦөᴩ }
 


Репост из: Күнделікті зікірлер, дұғалар❤️
Аᴧᴧᴀhуʍʍә-нɸᴀънᴀ биʍә ъᴀᴧᴧәʍᴛᴀнᴀ уә ъәᴧᴧиʍнᴀ ʍә йᴀнɸә’унᴀ уә ɜидни ‘иᴧʍән

اللَّهُمَّ انْفَعْنَا بِمَا عَلَّمْتَنَا وَعَلِّمْنَا مَا يَنْفَعُنَا وَزِدْنِي عِلْمًا

{Иә, Аᴧᴧᴀ, Біɜᴦᴇ ᴨᴀйдᴀᴧы біᴧіʍ бᴇᴩ жәнᴇ іᴧіʍіʍіɜді ᴀᴩᴛᴛыᴩ}


Яхия ибн Муғаз деген ғұлама айтыпты (Алла рахымына алсын):

Сен Алладан қаншалықты қорықсаң, адамдар да сені соншалықты сыйлайды.

Сен Алланы қаншалықты жақсы көрсең, адамдар да сені соншалықты жақсы көреді.

Сен Аллаға қаншалықты бойсұнсаң, адамдар да саған соншалықты бағынады.

📚 Сифат әс-Сафуа


Түнде кеш ұйықтайтын бауырларға насихат !🫶🏻

“Егер алғашқы шешімің таң намазына тұру болмаса, күнді жоспарлаудың мәні жоқ... Себебі, табыстың негізін жоғалттың. Түнде ұйықтай алмасаң, таң намазын оқығанша ұйықтама.”

©️Шейх Юсуф Хаттар


Репост из: Абылай Кенжалы
«Ей, адам баласы! Жасаған күналарың тіпті аспандағы бұлтқа жетіп, бірақ Менен кешірім сұрасаң, Мен сені ешнәрсеге де қарамай кешірер едім…»

(Құдси хадис, Термизи📚)

Алланың мейірімі сенің күнәларыңнан да аса шексіз екенін сезін. Күнә жасап қойсаң, тәубе ет. Аллаға қайта орал. Намазыңды тастасаң, қайта баста. Орамалыңды шешсең, қайта ки. Құранның бетін ашпай кетсей, қайтадан оқып баста. Аллаһ сенің тәубеңді күтеді.

Показано 20 последних публикаций.