Еуропада жүргеніме бес айдай болды. Мұнда Қазақстан көбіне ✨
екзотишній✨ ел болып көрінеді. Маған жиі қоятын сұрақтары:
• "Шыңғысханнан тарадық" деп айтасыңдар ма?
• Әлі күнге дейін киіз үйде тұратындар бар ма?
• Сізге рахат шығар, тауға күн сайын шығасыз ба?
• Барлық ұлт өкілдері қазақша біле ме?
• Жылқы сүті тәтті ме?
• Орыс мектептері әлі бар ма?
• Еркектер төрт әйел ала ма?
• Әйелдер хиджаб кие ме?
• Астананы "Нұр-сұлтан" деп атайтындар бар ма?
• Неге кейбір жастар қазақша білмейді?
Осылайша еуропалықтардың қазақтар туралы білімі таяз екені білініп қалады. "Олардың пікіріне қам жеп неғыламыз?" деуге болады. Бірақ сонда да іштей әрбір қазақ шетелде жүргенде ерсі сұрақтарға сауатты жауап берсе екен деп тілеймін.
Тілге келсек, шетелде "БІЗ ОРЫСША КҮШТІ БІЛЕМІЗ" деп мақтанып айтқан талай қазақты көргенмін. Маған бұл "Бізді адам санашы, біз орысша сөйлейміз!" дегендей естіледі. Біресе ашуланамын, біресе қайғырамын.
Қазақ өзінің құндылығын тек орыс/ағылшын/француз, т.б тілдер арқылы ғана сезе ме? Өзінің тілі, болмысы, өзі-ақ жеткілікті екенін, ӨЗІ - тұнып тұрған қазына екенін түсіне ала ма екен?...
@qazaqlab