Мысал:
Айдан ару нәрсе жоқ, түнде бар да күндіз жоқ.
Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.
Шілденің дәл осындай бір к ө з е л таңы әлі есімде (Х.Әбішев, Аспан сыры); Түз кезіп, үйден безіп күш құраған Өр елдің өжет туған к ө з е лд ер і (Ғ.Орманов, Таңд.);
Ол да бір матор жігіт еді (Сем., Абай).
– Қандай матор , қандай сұлусыз сіз, Мағыш! - деді (М. Әу, Абай жолы, II, 450).;
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да, Қойып-ақ әр жеріне қараса да. Маймылға көзілдірік ем болады, Адамның көздеріне жарасса да (А.Байтұрсынов, Шығ.);
К ө р к і ң е тоймай, көгілдір қудай құлпырған, Қолымнан жүген, шылымым түсіп ұртымнан, Қара алмас көзден «қарағым» дегенді оқып қап, Алтайы көрген шөгелдей төте ұмтылғам (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә);
Бір жүрген қасымдағы сайқалым -ай, Дүние өте шықты шайқалып-ай (Гур., Маңғ.);
Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шетелдерге де « Сәрсенбайда бек к ө р к е м бір ақын қыз бар» деген лақап жайыла бастады (М.Дулатов, Шығ.). Тіліне қу түлкінің тез алдандың, Ойламай таңдағыны, тез құп алдың. Тап-таза ат, к ө р к е м көрік бәрі кетіп, Өміріңше құтыла алмас отта қалдың (М.Жұмабаев, Шығ.). Көздің жауын алар к ө р к е м астананың әр таңы, Сонда әсем өміріңді алдыңа әкеп тартады (Ғ.Қайырбеков, Құрдас.);
Үйленіп жатыр, үй салып жатыр жас жандар,
Иленіп жатыр, иленіп жатыр лайлар.
Қашалып жатқан, жасалып жатқан тастар бар,
Жасанып жатқан, жасарып жатқан шырай бар (1,134).
Апыр-ай, тату жұбайлар!
Ақтармай сезген сыр, ой бар.
Айтқызбай білген сыңай бар,
Ашқызбай көрген шырай бар (2,312). Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017;
Назын – (Қост., 06.) сұлу.
Мына әйел бала өте назын екен (Қост., Об.).
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет;