Qzq Purism 𐰴𐰕𐰴:𐰯𐰆𐰺𐰃𐰕𐰢


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Навигация: t.me/qzqpurism/2
Жинақ: t.me/qzqpurism/6; t.me/qzqpurism/486
Бірлестік: t.me/duwan_batyr; t.me/alsozspeak; t.me/qazaqalipbi
⚠️ Арна материалын алып жариялағанда қайнар көрсеткен жөн

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Ешкімде сұрақ жоқ екен. Жарайды, интерактивті жаптым 🤷‍♂️🤓


Интерактив пе, бір нәрсе (біреуден көрдім).
Арна бойынша сұрақтарың болса комментте қарымта беремін


Iceberg, Glacier – ?

Голландық "ijsberg" (ijs (мұз)+‎berg (тау)), орта Голландық ijsberch-тен жартылай калька. Доичтық Eisberg, Даниялық isbjerg, Норвегтік isberg & Шведтік isberg сөздермен когнат. Алғашқыда кемеде көзге көрінер қашықтағы мұздықтарды айтатын, кейін мұздықтардан бөлініп қалқыған шағын мұздықтарды сипаттайтын сөз ретінде айта бастады

Ңөң ❌

⛔️ Қазақ тілінде "ңөң" деген сөз жоқ & ң-нан сөз басталмайды. Ол жалған сөзді Сәтжан Қасымжанұлы & Оспанхан Әубәкір сатира ретінде шығарған. Қайнарларда айсберг "нөң" делінген

Нөң/Мөңгі/Мәңгі ✅
Мұзтау ✅
Мұздық ✅

Басқа тілдер:
Алтай: мӧҥкӱ
Татар: мәңге, бозлык
Басқұр: мәңге, боҙлоҡ
Қырғыз: мөңгү, муздук
Түрік: bengi, buzul
Әзірбайжан: məngi, buzdağı

⚠️ Төл Сөз

⁉️ Көне Түркі Buzluq>Мұздық (glacier); Meŋgü/Beŋkü (eternal)>Мәңгі/Мөңгі (Мұздық)>Нөң>М & Н ауысып тұрады. Мысал: найман=майман. Алғашында тау басында көп жылдар бойы ерімеген қар н-се мұзды "Мөңгі қар" деген, кейін "қар" түсіп қалған

Қайнаркөз: 'https://t.me/qzqpurism/1730?comment=112004' rel='nofollow'>комментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз

550 9 6 16 10

Azattyq - Азаттық dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
16 желтоқсан – Қазақстанның жаңа тарихында екі оқиғамен байланысты. Желтоқсан және Жаңаөзен.

Осыдан 38 жыл бұрын дәл осы күні Кремльдегі биліктің Геннадий Колбинді советтік Қазақстанға басшы етіп тағайындағаннан кейін қазақ жастары Алматының орталық алаңына жиналып, наразылық танытқан. Совет билігі жастардың бейбіт митингісін күш қолданып, басып-жаншыған.

2011 жылы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың бірнеше айға жалғасқан бейбіт наразылық акциясын полиция оқ атып таратқан. Ресми мәлімет бойынша, "Жаңаөзен оқиғасы" кезінде 17 адам көз жұмған.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасының да үш жылдығы таяп келеді.

Сарапшылар осы үш қантөгістің шындығы әлі ашылмады деп санайды.

Ресми Астана Тәуелсіздік күні қайғылы оқиғаларды еске түсіруден қашқақтайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында Желтоқсан да, Жаңаөзен де, Қаңтар да айтылмаған.

"Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы" деді президент.

Видео: Oyan, Qazaqstan


Осы Қазақстандағы диаспорадан контент жасаушылар неге Қазақ тілінде түсірмейді, деген ой келе ме? Келсе жауабы осы: Қазақ емес контентшілер Қазақ тілін білмейді, тіпті білсе де Қазақша түсіру тиімсіз, ақшадан пайда аз түседі. Неге? Себебі жарнама беретіндердің көбі Қазақ еместер & сосын қазақ болмағасын Қазақ тілін керек қылмайды, сол үшін орысша контентті қолдайды. Әрине сосын бірінші қалталарын ойлайды. Сондықтан олар нарыққа қарап орысша түсіре салады.
Қазақ тілі тек Қазаққа ғана мұқтаж екенін көздерің жеткен шығар?! Сондықтан орысша сөйлеп қалған & орысқолды қазақтарға үндеу: үйде не кез келген қоғам арасында болсын коммуникация ретінде принциппен тек Қазақ тілінде араласыңдар & контентті Қазақша түсіріңдер!

#түйін #ойым@qzqpurism


Qazaq Grammar | Қазақ тілі dan repost
"Блогерлерді кәнсілдеуге" Шерзат Полаттың өлімі түрткі болғанымен, кәнсілдеуге себеп өте көп:

– саяси бейжай

Мемлекет қабылдаған түрлі шешімдерге қарсы сөз айтпақ түгілі, оны талқылауға дәті бармайды, құлық білдірмейді. Саяси тұтқындарға бостандық туралы біреу бір ауыз сөз айтса, ақырзаман орнайтын да шығар.

– халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында пікір білдірмейді

Теңге құнының түсуі, бағалардың өсуі, жалақылардың өспеуі, т.б. мәселелерді қозғамайды.

– қазақ тілін қолдамауы

Блогерлердің бір бөлігі қазақ тілін мазақ ететін, қазақ тілі мәселесін төмендететін контент шығарса, енді бір бөлігі шала-қазақша контент шығарып, қазақ тілінің мәртебесін түсіреді, ал тағы бір бөлігі қазақ бола тұра, қазақша сөйлей білсе де, контентті орысша жасауды жөн көреді, қазақша жасаса, контент өтпейді деп.


Тіл кеспек жоқ dan repost
👀 «Жаңа тренд». Жұрт Шерзат Полат ісіне қатысты үнсіз қалған әртістер мен блогерлерден жаппай бас тартып жатыр

Бұл тренд TikTok әлеуметтік желісінде пайда болған. Трендтің мақсаты — Шерзат Полат ісіне қатысты үндемеген танымал адамдарға тіркелмеу.

«Халықтың басына күн туып, адам өмірі бір ішімдікпен есептеліп жатқанда үнсіз қалып, гив, курс сатуға келгенде «халқым» дейтін блогерлердің бізге керегі жоқ!», — деп жазды бір қолданушы.


Бұл тренд TikTok әлеуметтік желісінде жылдам таралды. Жастар ата-анасының Instagram парақшасы арқылы да блогерлерді кәнсілдеп жатыр.

Кей қолданушылар жаңа трендтің жақсы әсер етіп жатқанын жазып жатыр. Басты себеп — блогерлер мен әртістер Шерзат Полат ісіне қатысты үн қата бастаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

184 0 1 12 12

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
www.tiktok.com/@zhan_ahmadiev/video/7426386095950155014?_t=8sA5LRuukg1&_r=1
Шерзаттың өлімі жайлы әншілер неге пікір білдірмеді⁉️ Осы кезде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» емес пе⁉️ ат тонын ала қашатын «жұлдыздар» бұл жайлы не дейді⁉️

📹: 720p


⛩ Жеке блог & әлемдегі көп фактілерді жариялап, тауып отыратын арна.
Қолдап, жазылып оқырман болайық 🤝🏆

t.me/Bekfun21


Бұл кісі фотошоптың онлайн түрін Қазақшаға аударды. Телеграм мен Youtube арнасына тіркеліп қолдап, ютубтағы видеосын қарап, топқа шығарайық 🤝🏆.

P/s: Видео қаралымын 10000-нан асырып, ерінбей трендке шығарайық.
(видеоны 1.5-2.0 жылдамдықпен тез қарауға болады. Осы жазбаны ары қарай репост жасау сұралады)

youtu.be/6OkGWUfSZjE?si=IFn8jvmIqzKQIh3c

Телеграм арна: t.me/davidsuragan

Онлайн тегін фотошоп – https://www.photopea.com


Мысалдар:

Дәл қасымызда үш қайнар бұлақ бар, соларды пайдаланайық (Ә.Тәжібаев, Гүлден.);
Мұнайдың сарқылмас бұлағына қолдары тиген соң, өзгенің бәрін ұмытқан (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.);

Жылға – Су, тау бөктерінен төмен қуалай ағатын бұлақ суы. Тандыр болған жылғадан Сарқырап тұрып су ақты. Өзен қып өрге ағызды, Жылжыған жылым бұлақты (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Әлдеқалай бір қарадың, Мен отырған қыратқа. Ат суардың жылғадағы Жылтыраған суатқа (М.Мақатаев, Шығ.);

Ен тұрған қалың күзектер, бұлақ, бастау, қоныстар осы бауырда көп (М.Әуезов, Шығ.);

Тұнып тұрған Кокбастау торғайдай тұма (Шығ. Қаз., Марқ.)

Бақтығұл ауылдың жанындағы кезеңді асып, жортып отырып жартасты өзекке түсіп, содан тас-тастың арасына батып, тауға кіріп адастырып кетті (М. Ә.).

Түнле біле көшелім (түн жамылып көшелік),
Иамар суын кешелім (Иамар суын кешелік,
Терңүк сувын ішелім (Тұма суын ішелік),
Иувға йағы ұвұлсын (Жауыз жауым езілсін).
(Қашқари 2007: 3/16-17)


Source, Spring (источник) – ?

Лат. sub- (up from below)+regō (lead, rule)>өткен шақтың есімшесі sordre, sourdre, surgō “to rise”>ескі франц. sors>sorse (rise, beginning, spring, source)>орта ағылш. "sours"

"Источник" Көне Славян "*jьztokъ" (қайнар, бұлақ) сөзінен

Дереккөз ❌

арабша дәрак درك – із, белгі

⚠️ кірме сөз

"Дереккөз"-ге тура балама:
Қайнаркөз ✅
Бұлақкөз ✅
Бастаукөз ✅

Жалпы "қайнар","бұлақ" (исток, родник, ручей) сөзіне синоним:
Қайнар ✅
Бұлақ ✅
Бастау ✅
Тұма ✅
Мыңар/Мұңар ✅
Жұлға/Жылға ✅
Терңүк (Терінгік)/Теріңүк/Терңек ✅
Тамға ✅
Өзек ✅
Су көзі ✅

Басқа тілдер:
Оғыз: мыңар
Басқұр: болаҡ, күҙәү
Әзірбайжан: bulaq
Kalmyk: булг
Бурят: булаг
Алан (Қар.-Балқ): bulaq, közlev
Қырғыз: булак, кайнар
Түрік: bulak, kaynak, başlangıç

⚠️ Төл Сөз

⁉️ "Köz", "jul/julaq", "tamγa", "bašlaγ", "mïŋar", "özük" Көне Түркі сөз. Julaq>жұлға; tamγa>тамға; özük>өзек; terŋük>терңек

‼️ "Көз" деп су не бір нәрсе бастауы қылып та қолданады 

Қайнаркөз: 'https://t.me/qzqpurism/1719?comment=110008' rel='nofollow'>комментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз


Кітап үзіндісі dan repost
5 желтоқсан — «Кітап үзіндісі» арнасының құрылғанына 5 жыл толады🥳

Бұл біз үшін үлкен мереке! Осы қуанышты күнге орай, сіздер үшін шағын байқау ұйымдастырайық деп шештік.

Қатысу шарттары:
1. Арнаға тіркеліңіз (егер әлі тіркелмеген болсаңыз).
2. Пікір алаңына өз құттықтауыңызды жазып қалдырыңыз.

Ең көп реакция жинаған пікір иесі мен ең креативті құттықтау авторына кітап табыстаймыз🤗

🗓 Байқау нәтижесі 5 желтоқсан күні сағат 20:00-де жарияланады.






Translate (перевод) – ?

Тәржіма/Тәржіме ❌

арабша تَرْجُمَة tarjuma, “аударма” – бір тілден екінші тілге аудару ісі, аударма

⚠️ кірме сөз

Аударма / Ақтарма ✅
Қотарма ✅
Үйірме ✅

Басқа Түркі тілдерде:
Басқұр: ауҙарыш
Қырғыз: оодарма, котормо
Алтай: кӧчӱрме
Өзбек: agdarmoq
Ұйғыр: axturmaq
Түркмен: āgdarmak
Түрік: aktarmak
Әзірбайжан: axtarmaq
Салар: aqdar

⚠️ Төл Сөз

⁉️ "Ақтару" & "аудару" Көне Түркі *āg- (to rise up, climb over, exceed) бір түбірден > ауу (көшу). Көнеден *agtar (to turn upside down; to plough) > audar болып өзгерген

⁉️ "Evir/Evur" (айналдыру) Көне Түркіден ev > үй болды, осыдан evir > үйір (айналдыру, домалату &
ℹ️ айғырдың қарамағындағы 15-20 шақты құлын-тайы аралас биелер тобы), ал evirmäk > үйірме (кружок) – белгілі бір іспен, өнермен айналысу үшін біріккен бір топ адам, бірлестік болып сақталыпты

‼️ "Qotur" (ауыстырып, аудара құю) > қотару – сұйық затты бірден аудара құю; ауыс. мәтінді бір тілден екінші тілге аудару

Қайнаркөз: 'https://t.me/qzqpurism/1714?comment=107660' rel='nofollow'>комментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз


Қарапайым адамдарға үйренуге телегейдегі ең қыйын тілдер қатары: қытайша (мандарин), арабша, жапонша, кәрісше, финдік, венгрше

♻️ update: коттонқұрамдастарға телегейдегі ең қыйын тіл Қазақ тілі

🤓

352 0 1 16 19

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
www.tiktok.com/@timass190182/video/7435366950877891895?_t=8raIldsqeOe&_r=1
#Целитель #Шаман #питание #гипнотерапевт #работасподсознанием #психическиерасстройства #здоровье #паническиеотаки #зависемость

📹: 720p


Маған бұндай сөз жоқ деп түзейтіндерге 👌

472 1 4 10 19

Wine (вино) – ?

Шарап ❌

фарсыша شراب (šarâb), арабша شَرَاب (šarāb) – Түр-түсі әртүрлі (көбінесе қызыл), қышқыл дәмді, жеңіл алкогольді ішімдік

⚠️ кірме сөз

Шағыр ✅
Сүжі/Сүйжі/Сүйжік/Шүшік ✅
Мәй ✅

Басқа тілдерде:
Қарахан: čaqïr, sücig
Бұлғар: süçüw
Қыпшақ: čager
Мажар: csigér
Ноғай: шагыр
Басқұрт: шағыр
Татар: сөче
Алан, Құмық: чагъыр (çaqır)
Осман Түрік: sücü
Түркмен: çakyr
Түрік: sücü, çakır
Әзірбайжан: çaxır

⚠️ Төл Сөз

Мысал: Көземіз мәйға, көзіміз жасқа кенеліп,
Азан салайық: – Оянғын, баба, оянғын!
Хан менен бектен, Молда мен шонжар, күштіден,
Жүр ғой Сізді қиянат көріп ішті деп.
Оянғын, баба, отырайық бір кәйіп қып.
Біздің шараптар Сіздің мәйлардан күштірек (2,134) "Мұқағали тілі" сөздігі

‼️ "*Čakïr" (light grey, greyish blue), "Sučig" (sweet) Көне Түркі сөз

ℹ️ "Шүшік" (Сүжі) сөзінің тағы бір мағынасы "кәмпит"-ке балама. Екеуі де "Sučig" сөзінен шыққан

Қайнаркөз: 'https://t.me/qzqpurism/1709?single&comment=105332' rel='nofollow'>комментте ⤵️

💡 Сөзді тапқан: Win winner, Kuwanic, Lağman🍝

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.